1921-1922 жылдардағы ашаршылық туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
КОНСПЕКТ.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс,жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылықты әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады.1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді.1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.
Тұтас Түркістан идеясы
Кеңестік идеология түрікшілдікке де, Түркістан идеясына да қырын қарап, ортақ интернационалдық бағытты алғашқы кезден бастап - ақ насихаттауға тырысты. Алайда, коммунистердің ішінде де түрікшілдікті жақтаушылар болды. Тұтас Түркістан мемлекетін құру жолында күрес жүргізген коммунистік тұғырнамадағы коммунистердің ішінен Т. Рысқұлов пен М.Х. Сұлтан - ғалиевті айтуға болады. Мысалы, жергілікті халықтардың құқын қорғау жолында Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан Мұсылман Бюросын құрған Т. Рысқұлов тобы алғашында РКП(б) ОК - нің ұлт саясатына зор сенім білдірген болатын. Олар жергілікті орыс коммунистерінің шовинистік пиғылына қарсы күресе отырып, РКП(б) ОК - нен қолдау табуға тырысты.
Мұсылман бюро 1919 жылдың күзінде Түркістанда саяси жеңіске жетіп, барлық билік салаларын түрік өкілдері қолға ала бастады. Мұнан қауіптенген РКП(б) ОК 1919 жылы 8 - қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес Түрік комиссияны жасақтап, оны Мұсылман бюроға қарсы аттандырды. Т. Рысқұлов пен Мұсылман бюроның басқа да жетекшілері алғашында Түрік комиссияға зор сенім білдіре, үміт арта қарады.Бірақ, көп ұзамай, Түрік комиссияның ойын анық сезінген Т. Рысқұлов басқарған Мұсылман бюро өзінің әрекетін тактикалық жағынан өзгерте бастады. Түрік комиссияның отарлық саясатына қарсы қорғаныстық идеология ретінде түрікшілдік бағыт, яғни тұтас Түркістан идеясы таңдап алынды.Оны жүзеге асырудың жолы ретінде төмендегідей екі бағыт белгіленді:
Түркістанда өмір сүріп жатқан халықтарды түрік идеясына біріктіру арқылы республиканы құқықтық жағынан түрік халықтарының республикасына айналдыру;
Республиканы мекендеуші түрік тілдес халықтардың жеке - жеке ұлттық республикаларын құра отырып, оларды түрік конфедерациясына біріктіру
Кейіннен негізін қалаушылары Сталиндік қуғын­сүргінге ұшырап, халық жадынан өшірілген түрікшілдік және Түркістан идеялары коммунистердің тырысуы арқасында тарих сахнасынан өшірілді.Бірақ та, Кеңес өкіметінің күні таяп, әлсіреген кезеңдерде түрік идеясы, Түркістан жайлы ой­пікірлер қайта бой көтере бастады.Түркістан ұлттық мүдденің бір бөлігі болғандықтан, Азат белсенділері өздері құрылған кезден­ақ Түркістан мәселесін алға қоя білді. Дегенмен, нақ сол кезеңдегі қоғамдық пікірдің ұлтшылдарға қарсы бағытталуы, қозғалыс мұраттарына әсіре ұлтшыл деп айып тағылуы Түркістан идеясын ашық түрде батыл алға тартуға кедергі болды. Бұл идея орындалмағанымен, Түркістан - екі дүние есігі ғой,Түркістан - ер түріктің бесігі ғой,Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің тәңірі берген несібі ғой ­ деп М. Жұмабаев жырлаған түркі қауымының ортақ мекені Түркістан жайлы, оның саяси құрылымы жөнінде әлі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің шешілуінің алғышарттары уақыт өте келе жасала бастады. Түркістанның Түркістан Одағы идеясы болып жаңарған түрде өмірге қайта келгенінен 15 жыл өткен соң ғана Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына кезекті жолдауында айтқан болатын.
Басмашылар көтерілісі
Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі.Кеңестер билігінің жалпы адамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 ж. қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Б. қ-ның шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Б. қ. шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Феодалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Аштықтың ауыр зардаптары
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Ашаршылық нәтижесі
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресу мен балаларға көмегі
Пәндер