Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы туралы


... жалғасыӘӨЖ 32
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы
Жетекші: «Философия және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Нурпейсова Дина Суиндиковна
Алпысбаева Қ. Т. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ТП-20-14к студенті
Резюме
В этой статье я описала концепцию молодежной политики в Республике Кахахстан и этапы ее формирования. Молодежная политика Республики Казахстан с момента обретения независимости прошла длительный процесс политического становления. Наша страна делает большие шаги по формированию успешных, полноценных, конкурентоспособных и патриотичных молодых казахстанцев. Чтобы доказать свою точку зрения, я решил проанализировать этапы формирования молодежной политики в Казахстане.
Summary
In this article I have described the concept of youth policy in the Republic of Kazakhstan and the stages of its formation. Since gaining independence, the youth policy of the Republic of Kazakhstan has gone through a long process of political formation. Our country is taking big steps to form successful, full-fledged, competitive and patriotic young Kazakhstanis. To prove my point of view, I decided to analyze the stages of the formation of youth policy in Kazakhstan.
Қазіргі таңда еліміз Қазақстан Республикасының дербес ел болып, өзінің төл шаңырағының астында көптеген ұлттар мен ұлыстарды жұмылдырып, өркениетті даму жолына түскеніне, міне отыз жылдай уақыт болды. Әрине, тәуелсіздігіне ғасырлап жеткен өзге де өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт болса да, бәйге жолына қатар шапқан көрші мемлекеттерден оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік сондай-ақ саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес. Дегенмен, ел дамуы тек елдің экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Себебі, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің өзіндік табиғи дамуының бірден-бір көзі - «рух» екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әлбетте, Қазақстан халқы өткен күнде де, бұл күнде де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухани тұрғыдан басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге аян. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын ойып тұрып, тезірек айқындауды талап етеді. Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қатар, әр «елім, жерім» дейтін азаматтардың өз еліне, ұлтына, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін одан әрі арттырып, осы жолға бағыттаудың маңызы өте зор.
Еліміздің болашағын ойлағанда, ең алдымен жастар мәселесі және олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы ойымызға бірден оралары анық. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар - жас қуаттың, жаңа еңбек көзінің, тың идеялар мен ерекше ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең жігерлі, ең белсенді тобы. Қоғамның бұл тобына Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары кіреді. Бүгінде, осы жастарды қолдауға бағытталған, мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі - мемлекеттік жастар саясаты деп аталады. Ендеше, Қазақстандағы жастар саясаты қалай қалыптасты?
Қазақ елінде жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ, республикамызда оның қарқынды түрде даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне таяды. Содан кейін бұл іс-шара тек 1990 жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де қазіргі уақытта қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отқан жайы бар. «Қазақ КСР-ындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң КСРО ыдырағанға дейін-ақ, 1991 жылы маусымда қабылданған болатын. Сондықтан бұл заңды жүзеге асыруда проблемалардың пайда болғаны әлдеқалай емес еді. Көп ұзамай-ақ оны өзгерту жөнінде ұсыныстар пайда болды. 1993 жылғы 22 сәуірдің өзінде ҚР Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің алқасы «Жастар істері жөніндегі комитеттердің Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттары мен көзқарас тұрғылары туралы» қаулысы мен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар дайындау жөнінде жұмыс тобын құруға және жұмысты 1993 жылғы 1 тамызға дейін аяқтауды ұйғарды [1] .
1996 жылы қазанда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Республика үкіметіне «Жастар туралы» заңның жобасын дайындап, 1997 жылдың бірінші тоқсанында Парламенттің қарауына енгізуге өкім етті. Бұған қоса шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, жастар шығармашылығын, әлеуметтік маңызды бастамашылықтарды, балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту шараларын талдап-белгілеу қажет болды. [2] .
1998 жылғы сәуірде «Новое поколение» газетінде «ҚР жастар саясаты тұжырымдамаларының» жобасы жарияланды, оны «Қазақстанның болашағы үшін» республикалық жастар қозғалысының кеңесі мен ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты бөлімі дайындаған болатын. Ол жастар саясатының қажеттігі, принциптері, басымдық бағыттары және жүзеге асыру жөніндегі шаралар секілді мәселелерді қамтитын төрт тараудан тұрды. Бірінші кезектегі шаралар қатарында қоғамдық дамудың қазіргі талаптары мен жағдайларына сай келетін «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» заң қабылдау ұсынылды; жастар саясатын талдап-белгілеу кезінде жастардың өмірлік қаракетінің неғұрлым күшті факторы болып отырған әлеуметтік жіктелуін ескеру қажет болды [3] . Бұл мұндай құжаттың жаңа заң жобасын дайындау кезеңінде мәні бар алғашқы нұсқасы болды деуге келеді.
1999 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» бекітілді. Ол Адам құқықтарының жалпыға бірдей мағлұмдамасының негізгі идеялары мен принциптеріне, БҰҰ-ның 2000 жылға дейінгі және одан кейінгі кезеңге арналған, жастарға қатысты Бүкіләлемдік іс-қимыл бағдарламасына, Бала құқықтары туралы конвенцияға, Қазақстан Республикасының конститутциясына, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» Жолдауына негізделді. Тұжырымдама бес тараудан құралған. Онда қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде мемлекеттік жастар саясатының қажеттілігі негізделген, және бұл саясаттың негізгі мақсаты, басымдылықтары, принциптері мен бағыттары, сондай-ақ оны басқару органдары белгіленген. Мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының арасында мына бағыттар анықталған: жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, білім беру, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету; жастардың кәсіптік, рухани және дене күшінің дамуы үшін жағдайлар жасау; жас таланттарды қолдау; жастарға әлеуметтік көмек беру және қазіргі жағдайларға бейімдеу жүйесін қалыптастыру; жастар мен балалар бірлестіктерінің дамуына ықпалдасу [4] . Осы бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар күні бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді.
2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді. Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» атты салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды. Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған барлық құжаттары өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз болды.
Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы - 3, 78 млн. адам, 2012 жылы - 4, 7 млн. адам) . Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім-деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15, 9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6, 8%), 728 мың жастардың білімі - арнайы орта (16, 2%) . Елімізде жастарға арналған «Жасыл ел», «Дипломмен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz