Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

«Химиядан сандық және сапалық

есептерді шығару үлгілері»

Кіріспе

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты - оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып - үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару - оқушыларды химиялық ой - өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы .

Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.

Химиялық есептер :

  • Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;
  • Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
  • Білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;
  • Проблема қою, проблемалық жағдай туғызу;
  • Материалды пысықтау, қорытындылау және қайталау;
  • Политехникалық ұстанымдарын іске асыру;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады;
  • Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда анықтамаларды пайдаланып оқулықтардан теориялық материалды қайталайды, есеп шығаруға қажетті мәліметтерді еске түсіреді.

Есеп шығарып үйренудің негізгі 2 жолы бар. Есеп шығаруды мұғалім үйретеді, немесе арнайы оқу құралдарының көмегімен оқушы өз бетімен үйренеді. Химия пәніне бөлінген апталық 2 сағаттың ішінде мұғалім теориямен қатар есеп шығаруды үйретуі тиіс. Ал сабақтан тыс уақытта химияға қызығатын оқушылар өз бетімен есеп шығарып, үйренуі үшін қазақ тілінде шыққан арнайы оқу құралдары мен есептер жинақтары керек. Әзірше ондай оқу құралдары жоқтың қасы. Осы орайда, бұл әдістемелік құрал химия есептерін өз бетімен шығарып үйренгісі келетін оқушыларға және ұстаздық қызметтерін жаңадан бастап жатқан жас мамандарға пайдасын тигізетін шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл әдістемелік оқу құралы «Химия мен биология» мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне мектептерде өтетін педогогикалық практика кезінде көмектесе алады.

І. Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары

Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой - өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді. Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды. Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді. Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады. Пәнге қызығушылығы артады және болашақ мамандық таңдауына жол ашады

Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді: сандық есептер, сапалық және сынақ - тәжірибелік (эксперименттік) есептер.

Сандық есептерді 3 - ке топтастыруға болады:

  • Химиялық формула бойынша есептер шығару;
  • Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
  • Ерітіндіге байланысты есептер шығару;

Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады. Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:

  • Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;
  • Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;
  • Қосылыстардағы элеметтердің массалық үлесін анықтау;
  • Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;
  • Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;
  • Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;
  • Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
  • Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;
  • Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;
  • Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;
  • Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;
  • Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

- Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;

- Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;

- Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептеу;

Сандық есептерді С. Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7) типтерге бөлуге болады:

1 - Моль ұғымы бойынша есептер шығару;

2 - Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;

3 - Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;

4 - Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау

5 - Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;

6 - Ертінділерге арналған есептер;

7 - Қарапайым молекулалық формула құрастыру:

Ю. В. Плетнер, В. С. Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.

1 - Формула арқылы есептеу

2 - Ертіндіге байланысты есептер

3 - Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер

4 - Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер

5 - Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер

6 - Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер

7 - Қоспаға байланысты есептер

8 - Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер

Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді:

  • Заттарды алу әдістері
  • Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері
  • Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу
  • Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру
  • Заттарды жеке кластарға жатқыза білу
  • Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау
  • Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту

II. Химиялық есеп бөлімдері

Есептің мазмұны, яғни химиялық бөлімі және математикалық, яғни есептеу бөлімі болады. Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі, сондықтан есептер жаттанды шығарылады.

Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.

Мысалы: Мына қосылыстардың: 5H 2 O, O 2 , 2Cu, H 2 SO 4 , 3NaOH, CaCO 3 сандық, сапалық құрамын анықтаңдар.

Шешуі:

Сандық құрамы 5H 2 O

5 молекула су

Қандай элементтен құралған (H, O)

Заттың типі ( күрделі)

Қосылыс түрі (оксид)

Сапалық құрамы:

1. Салыстырмалы молекулалық массасы: Mr(H 2 O) =18

2. Молярлық массасы: М(H 2 O) =18г/моль

3. Зат мөлшері: V(H 2 O) =5моль

4. Зат массасы: m=M∙V m=18г/∙моль∙5моль=90г

5. Элементтердің массалық үлестері (W) : W(H) = 8 12 \frac{8}{\ 12} ∙100% = 11% W(O) = 16 18 \frac{16}{18} ∙ 100%=89%

6. Элементтердің массалық қатынасы: m(H) /m(O) =2/16=1/8

Есеп шығарғанда ең бірінші есептің химиялық мазмұнына мән беру керек, содан кейін есептің есептеу бөліміне ауысу қажет.

III. Химиялық есепті талдау

Есепті шығарарда оны мұқият оқып және есепте химиялық процесс туралы айтыла ма немесе тек қана зат туралы айтыла ма соны анықтап алу керек. Химиялық процесс болса реакция теңдеуі, ал зат туралы болса химиялық формуласы жазылады. Есепті талдау арқылы оқушылардың ойлау іс-әрекеттері дамиды.

Есепті талдаудың 2 жолы бар:

А) Есептің мазмұнын сұраққа қарай, яғни белгілі өлшемнен белгісіз өлшемге қарай талдау. Бұл талдаудың синтездік әдісі.

Б) Ізделініп отырған шамадан белгілі шамаға қарай талдау-аналитикалық әдіс

Синтездік әдісте не берілді, оны қандай өлшеммен анықтауға болады, соңында нені анықтау керек, белгісіз өлшемді анықтау үшін мәліметтер жеткілікті ме, қандай қосымша анықтамалар керек, оны қалай анықтауға болады, міне осыларға мән беріледі.

Есеп №1: 1кг 17% аммиак ертіндісін алу үшін аммоний хлоридімен сөндірілген әктің қандай массасын әрекеттестіруге болады?

Синтездік әдіс: Есеп мазмұнынан білетініміз: аммиактың массасы, проценттік мөлшері, сөндірілген әк массасын табу.

Берілгені: Шешуі: W = m ( е р . з а т ) m ( е р і т і н д і ) \frac{m(ер. зат) }{m(ерітінді) }

m (NH 3 ) - 1к m (ер. зат) = W∙ m(ерітінді)

W (NH 3 ) - 17 m (ер. зат) = 0, 17 ∙ 1000г=170г

т/к m Ca (OH) 2 2NH 4 Cl + Ca (OH) 2 = CaCl 2 +2NH 3 + 2H 2 O

M r (Ca(OH) 2 =40+(16+1) ∙2=74

M (Ca(OH) 2 ) = 74 г\моль

m (Ca(OH) 2 ) = 74г/моль ∙ 1моль =74г

Mr (NH 3) =14+(1∙3) =17

M(NH 3 ) = 17г/ моль

m (NH 3 ) = 17г/моль∙2моль =34 г

х г 74 г \frac{хг}{74г} = 170 г 34 г \frac{170г}{34г}

х= 74 г × 170 г 34 г \frac{74г \times 170г}{34г} = 370г

Жауабы: m (Ca (OH) 2 ) =370г

Егер оқушыға белгілі өлшеммен белгісіз өлшем арасындағы байланыс түсініксіз болса, онда есептің зерттеудің аналитикалық әдісіне көшу керек. Бұл кезде белгісіз өлшемге көңіл аударады, оны қалай анықтау керек, яғни бұл үшін қандай теориялық ілім, заңдылық керек. Бұл сұрақты шешкеннен кейін, белгісіз өлшеммен белгілі өлшем арасындағы тура және жанама байланыстарды анықтайды.

1. Есептің шарты бойынша Ca (OH) 2 массасын анықтау керек болса, реакция теңдеуі бойынша қорытынды жасайды, яғни реакцияға 2 моль NH 4 Cl мен 1 моль Ca(OH) 2 әрекеттесіп 1 моль CaCl 2 мен 2моль NH 3 және 2 моль H 2 O түзеледі.

2. Ca(OH) 2 массасын табу үшін реакцияға қатысқан заттардың төртеуінің біреуінің массасын анықтауға болады, ондай зат аммиак. Оның массасын формула бойынша анықтауға болады. Олай болса Ca(OH) 2 массасын аммиактың массасымен салыстыра отырып, анықталады.

Есеп №2: Құрамы 80 магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95 темір бар 570 кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шғымын анықтаңдар.

Аналитикалық әдіс:

Берілгені: Шешуі: Шойындағы темірдің практикалық массасын табу

m (руда) =1m m(Fe) = 570кг ∙ 0, 95 = 541, 5кг

m ( шойын) =570 кг 1 тонна рудадағы Fe 3 O 4 массасын табу

W ( Fe) = 0, 95 m (Fe 3 O 4) =0, 8 ∙ 1000кг = 800кг

W ( Fe 3 O 4 ) =0, 8 Fe 3 O 4 құрамындағы темірдің теориялық массасын табу .

т/к η \eta (Fe) - ? 800кг Fe 3 O 4 ---Х кг

232кг Fe 3 O 3 --- 168 кг

Х = 800 × 168 232 \frac{800 \times 168}{232} = 579

η \eta (Fe) = m ( F e ) п р а к m ( F e ) т е о р \frac{m(Fe) прак}{m(Fe) теор} = 541 , 5 579 \frac{541, 5}{579} = 0, 94 ∙ 100% = 94%

IV. Химиялық есептерді шығаруда физикалық математикалық білімдерді пайдалану

Оқушылар химияны оқуға кіріскенде оларда біршама математика мен физикадан алған білімдері болады және есеп шығарғанда сол білімдерін пайдаланады. Оқыту процесінде оқушыларға физикалық шаманы, өлшем бірліктерін пайдалануды үйрету керек. Есеп шығарғанда қолданатын физикалық шамалардың шартты белгілері, аты, өлшем бірліктері

Шаманың аталуы
Белгіленуі оқылуы
Өлшем бірлігі
Шаманың аталуы: Зат массасы
Белгіленуі оқылуы: m
Өлшем бірлігі: кг, г
Шаманың аталуы: Салыстырмалы атомдық масса
Белгіленуі оқылуы: Ar
Өлшем бірлігі: өлшемсіз
Шаманың аталуы: Салыстырмалы малекулалық масса
Белгіленуі оқылуы: Mr
Өлшем бірлігі: өлшемсіз
Шаманың аталуы: Молярлық масса
Белгіленуі оқылуы: M
Өлшем бірлігі: г/моль
Шаманың аталуы: Зат мөлшері
Белгіленуі оқылуы: ϑ \vartheta (ню)
Өлшем бірлігі: моль
Шаманың аталуы: Көлем
Белгіленуі оқылуы: V
Өлшем бірлігі: л, м 3
Шаманың аталуы: Молярлық көлем
Белгіленуі оқылуы:
Өлшем бірлігі: л/моль
Шаманың аталуы: Тығыздық
Белгіленуі оқылуы: ρ \rho (ро)
Өлшем бірлігі: г/см 3
Шаманың аталуы: Салыстырмалы тығыздық
Белгіленуі оқылуы:

\partial (ауа)

\partial H 2

Өлшем бірлігі: өлшемсіз
Шаманың аталуы: Массалық үлес
Белгіленуі оқылуы: ω \omega (омега)
Өлшем бірлігі: %
Шаманың аталуы: Зат шығымы
Белгіленуі оқылуы: η \eta (эта)
Өлшем бірлігі: %
Шаманың аталуы: Көлемдік үлес
Белгіленуі оқылуы: φ \varphi (фи)
Өлшем бірлігі: %
Шаманың аталуы: Химиялық реакция жылдамдығы
Белгіленуі оқылуы: ϑ \vartheta
Өлшем бірлігі: Моль/ л сек
Шаманың аталуы: Жылу мөлшері
Белгіленуі оқылуы: Q(ку)
Өлшем бірлігі: Дж
Шаманың аталуы: Қысым
Белгіленуі оқылуы: ρ \rho (пэ)
Өлшем бірлігі: Па
Шаманың аталуы: Температура
Белгіленуі оқылуы:

T

T

Өлшем бірлігі:

Кельвин Т = 273 К

Цельсий t=15 o C

Есеп шығаруда әр типті есептің алгоритімдік жүйесін сақтаған жөн. Сонда оқушылар іс - әрекеттерін бір бағытта жұмсайды. Есептің шартын дұрыс жаза білу есепті шығарудағы ең негізгі болып есептелінеді. Есептегі физикалық шамаларды, оның таңбасын, өлшем бірліктерін дұрыс пайдалана білуге оқушыларды үйрету керек.

V. Типтік есептерді шешу үлгілері

Химиялық есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың психологиялық жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеру қажет. Егер оқушылардың кейбір есеп шығарудың білім деңгейі жоғары болса, кейбір есеп шығарудың әдістемелік бөлімдерін ескермей бірден жазылады.

Мысалы: 2Al + 3H 2 SO 4 = Al 2 (SO 4 ) 3 + 3H 2

Формулаларын пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын сутектің көлемін (қ. ж. ) есептеу керек.

Mr(Al) =27

M(Al) =27г/моль

m(Al) =M∙V=27г/моль \bullet 2 моль=54 г

Mr(H 2 SO 4 ) =1∙2+32+(16∙4) =98

M(H 2 SO 4 ) =98г/моль

m(H 2 SO 4 ) = 98г/моль∙3 моль=294 г

V = V m ν \nu

V ( H 2) =22, 4 л/моль∙3 моль=67, 2л

Осы әрекеттерден кейде ескермей бірден жазуға болады, оқушы түсініп, ойы жүйрік болса

2 Al +3H 2 SO 4 = Al 2 (SO 4 ) 3 + 3H 2

54г 294 г 67, 2л

Есепті шығару алгоритмі:

  • Есептің қысқаша шартын жазу;
  • Реакция теңдеуін құру;
  • Формуланың үстіне берілгенін жазу;
  • Қажетті шаманы тауып формула астына жазу;
  • Зат массасын табу;

Берілгені: 16 г

хг SO 2

m(SO 2 ) =16г Na 2 SO 3 + H 2 SO 4 = Na 2 SO 4 + H 2 SO 3 64г

126г

Т/к: m(Na 2 SO 3 ) - ? H 2 O

Mr(SO 2 ) =32+(16∙2) =64

M(SO 2 ) =64г/моль

m(SO 2 ) = 64г/моль∙1 моль=64 г

Mr(Na 2 SO 3 ) =(23∙2) +32+(16∙3) =126

M(Na 2 SO 3 ) =126г/моль

m(Na 2 SO 3 ) =126г/моль×1 моль=126г

x 126 \frac{x}{126} = 16 г 64 г \frac{16г}{64г} x= 126 г × 16 г 64 г \ \frac{126г \times 16г}{64г} = 31, 5 г

Жауабы: 16г SO 2 алу үшін 31, 5 г Na 2 SO 3 керек

VI. Химия сабағында сандық есептерді жаттығуларды пайдалану әдістемесі

Сандық есептерді және жаттығуларды жаңа сабақты түсіндіру кезінде, сабақты бекітуде, үйге тапсырма бергенде, күнделікті білімді тексеруге болады. Қайталау, қорытынды сабақта, өзіндік жұмыстарда, бақылау жұмысында, таңдау, факультативтіктің курсында пайдаланады. Химия пәнінен 8 - 11 класс типтік оқу бағдарламасы бойынша сандық есептер шығаруға 8 класта - 10 сағат, 9 класта - 11 сағат, 10 класта - 12 сағат, 11класта - 7 сағат берілген.

8 класс. Химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу.

1 - есеп. Күкірт қышқылы H 2 SO 4 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті 2 тәсілмен шығаруға болады. Дайын формула бойынша. Пропорция арқылы.

1 тәсіл

Берілгені: Шешуі: Массалық үлесін табу формуласы (1)

H 2 SO 4 W(э) = η ( ) A r ( ) M r ( з а т ) \ \frac{\eta( \ni ) Ar( \ni ) }{Mr(зат) } ×100%

W(э) - элементтің массалық үлесі

т/к W(H) -? η \eta (э) -элементтің атом саны

W(S) -?

W(O) -?

  1. H2SO4- салыстырмалы молекулалық массасын табамыз

Mr (H 2 SO 4 ) = (1∙2) +32+(16∙4) =98

  1. Формула(1) бойынша сутектің, күкірттің оттектің массалық үлесін табамыз.

W(H) = 2 × 1 98 \frac{2 \times 1}{98} ∙100%=0, 02∙100%=2%

W(S) = 1 × 32 98 \frac{1 \times 32}{98} ∙100%=0, 327∙100%=32, 7%

W(O) = 4 × 16 98 \frac{4 \times 16}{98} ∙100%=0, 653∙100%=65, 3%

Тексеру: 2+32, 7+65, 3=100%

2 - тәсіл. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 100% ке сәйкес деп алып пропорция арқылы элементтердің массалық үлесін табамыз

cутектің массалық үлесін табу

98---100% x= 2 × 100 98 = \frac{2 \times 100}{98} = 2%

32--- x %

күкірттің массалық үлесін табу

98---100% у= 32 × 100 98 \frac{32 \times 100}{98} =327, 5%

32---у%

оттектің массалық үлесін табу

98---100% Ζ Ζ = 64 × 100 98 \frac{64 \times 100}{98} =65, 3%

64--- Ζ Ζ %

Жауабы: W(H) =2%

W(S) =32, 7%

W(O) = 65, 3%

Элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын табу

2 - есеп. Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: Na - 42, 1 %, P - 18, 9 %, O - 39%

Осы қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар. Қосылыстағы натрий атомының санын - х,

фосфор атомының санын - у, оттек атомының санын - Z деп белгілейміз, қосылыс формуласын

Na x P y O z деп жазуға болады.

1) W A r \frac{W}{Ar} бөлеміз x :y :z = 42 , 1 23 \frac{42, 1}{23} ÷ 18 , 9 31 \frac{18, 9}{31} ÷ 39 16 \frac{39}{16} =1, 83÷0, 61÷2, 44

2) Зат формуласында атом сандарының қатынасы бүтін сандар болу керек. Сондықтан ең кіші санды бірлік ретінде алып, соған бөлеміз.

х:y:z = 1 , 83 0 , 61 \frac{1, 83}{0, 61} ÷ 0 , 61 0 , 61 \frac{0, 61}{0, 61} ÷ 2 , 44 0 , 61 \frac{2, 44}{0, 61}\ = 3÷1÷4

Белгісіз заттың формуласы Na 3 PO 4

Жауабы: Na 3 PO 4 натрий фосфатының формуласы

3 - есеп. Заттың құрамында 80% көміртегі, 20% сутегі бар, оның сутегі бойынша тығыздығы 15 - ке тең. Осы заттың формуласын табыңдар?

Берілгені: Шешуі:

W (C) - 80% x:y = 80 12 \frac{80}{12} ÷ 20 1 \frac{20}{1}\ = 6, 6÷20=1÷3

W( H) =20% CH 3

D( H 2 ) =15 Mr (C x H y ) = Mr(H 2 ) ×D(H 2 )

Mr (C x H y ) =2×15=30

т/к: C x H y - ? Mr (C H 3 ) =12+(1×3) =15

n = 30 15 \frac{30}{15} =2 (2еселеу)

(CH 3 ) 2 → C 2 H 6 этан заттың формуласы

4 - есеп. Қаныққан көмірcутектің малекулалық массасы 86 ға тең. Заттың формуласын табыңдар.

Қаныққан көміртектің жалпы формуласы C n H 2n +2

Mr (C n H 2n +2) =86

12n+2n+2=86

14n=86-2

14n=84

η \eta = 84/14

η \eta = 6

C 6 H 2×6+2 - C 6 H 14 гексан

Жауабы: Заттың формуласы C 6 H 14

Жаңа өнімдерінің массасы бойынша заттың малекулалық формуласын табу

1 - есеп: 2, 3 грамм зат жанғанда 4, 4 грамм көміртегі (ІV) оксиді және 2, 7 грамм су түзілді. Бұл заттың сутек бойынша тығыздығы 23 ке тең . Осы заттың формуласын табыңдар.

Белгісіз заттың малекулалық массасы

Mr(зат) = D (H 2 ) × M (H 2 ) =23×2=46

CO 2 құрамындағы көміртегінің массасын анықтау

Mr (CO 2) = 12+(16×2) =44

44г CO 2 ---12г C

г CO 2 ---xг C

х= 4 , 4 × 12 44 \frac{4, 4 \times 12}{44} =1, 2г(С)

H 2 O құрамындағы сутегі массасын анықтау

Mr (H 2 O) = (1×2) +16=18

18 г H 2 O---2 г H

2, 7 г H 2 O---x г H

х= 2 , 7 × 2 18 \frac{2, 7 \times 2}{18} =0, 3г(Н)

Белгісіз зат құрамындағы оттегінің массасын анықтау.

m (зат) = 1, 2г+0, 3г= 1, 5г

m(О) = 2, 3г-1, 5г= 0, 8г(О)

2, 3 г зат--- 1, 2 гС

46г зат ---хг С

х = 46 × 1 , 2 2 , 3 \frac{46 \times 1, 2}{2, 3} =24г(С)

2, 3 г зат--- 0, 3гН

46г зат ---у г Н

у = 46 × 0 , 3 2 , 3 \frac{46 \times 0, 3}{2, 3} =6г(Н)

2, 3 г зат---0, 3гН

46г зат--- z г О

z= 46 × 0 , 8 2 , 3 \frac{46 \times 0, 8}{2, 3} =16г(O)

х:y:z= 24 12 : 6 1 : 16 16 \frac{24}{12}:\frac{6}{1}:\frac{16}{16} =2:6:1 С х Н у О z →С 2 Н 6 О немесе бес амалды былай орындауға болады

х:y:z = 1 , 2 12 : 6 1 : 0 , 3 1 : 0 , 8 16 \frac{1, 2}{12}:\frac{6}{1}:\frac{0, 3}{1}:\frac{0, 8}{16} =0, 1:0, 3:0, 05

х:y:z= 0 , 1 0 , 05 : 6 1 : 0 , 3 0 , 05 : 0 , 05 0 , 05 \frac{0, 1}{0, 05}:\frac{6}{1}:\frac{0, 3}{0, 05}:\frac{0, 05}{0, 05} =2:6:1

С 2 Н 6 О этил спирті немесе диметил эфирі СН 3 - О - СН 3

Mr (С 2 Н 6 О) = (12×2) +(1×6) +16 =46

Теорияның мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер

а) Бастапқы затпен реакция өнімі бойынша теориялық шығымды есептеу

1 - есеп: 10кг натрий гидроксидін кремнийдің оксидімен қосып балқытқанда 12, 2 кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық шығымын есептеңдер.

Берілгені: Шешуі: 10кг xкг

m(NaOH) =10кг 2 NaOH+ SiO 2 = Na 2 SiO 3 + H 2 O

m(Na 2 SiO 3 ) =12, 2кг 80кг 122кг

Т/к: η \ \eta (Na 2 SiO 3 ) - ? Mr(NaOH) =23+16+1=40

M(NaOH) =40кг/моль

m(NaOH) = 40кг/моль×2моль=80кг

Mr (Na 2 SiO 3 ) =(23×2) +28+(16×3) =122

M(Na 2 SiO 3 ) =122кг/моль

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Есепті шығару жолы
ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Химиядан есептерді шығарудың әдістемесі
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
Химиядан олимпиадалық есептерді шығару әдістерін зерттеу
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz