Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны

Негізгі түсініктемелер және терминдер
Сертификаттау - нормативтік құжаттарда белгіленген өнім, процесс, жұмыс, қызмет талаптарына сәйкестігін дайындаушы (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан тәуелсіз органмен жазбаша растау.
Сәйкестік сертификаттау - лайықты түрде сәйкестірілген өнім, процесс немесе қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетінін дәлелдейтін үшінші тараптың іс қимылы.
Сәйкестік сертификат - лайықты түрде сәйкестендірілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет, техникалық реттемелер, стандарттар немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін көрсететін мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша берілген құжат.
Сәйкестік белгісі - осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігі көрсетілетін мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес қолданылған, белгіленген тәртіпте қорғалынған белгі.
Сәйкестік туралы декларация - белгілі талаптарға сәйкестігін куәландыратын нысанда, мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген, жеткізуші құжат.
Тіркеу (аккредиттеу) - сертификаттау органдары немесе сынау зертханалары (орталық) ретінде белгілі салада жұмысты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік басқару органдарымен мекеме құқықтылығын ресми мойындау.
Сертификаттаудың түрлері
Міндетті сертификаттау дегеніміз адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне еңгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Сертификаттаудың қатысушылары
Сертификаттау жүйелеріне үш түрде қатысуы мүмкін: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.
Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз - өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.
Сертификаттау жүйесінің қатысушысы - осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.
Сертификаттау жүйесінің мүшесі - осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.
Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.Мойындау жөніндегі келісім
Мойындау жөніндегі келісім - бір немесе бірнеше сертификаттау жүйесінің атқарымдық элементін қолданудан алынған, басқа тараптармен ұсынған нәтижелері бір тараптар қабылдауда негізделген келісім.
Бұл келісімдер жалпы немесе жеке нәтижелерге қатысты болу мүмкін, мысалы "сынау жөніндегі келісім", "бақылау жөніндегі келісім" және т.б. Мойындау жөніндегі келісім ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бекітіледі.
Бір тарапты келісім - екінші тараптың жұмыс нәтижелерін бірінші тараппен қабылдау.
Екі тарапты келісім - бұл өзара мойындау келісім, яғни басқа тараптың жұмыс нәтижелерін әрбір тараптармен қабылдау.
Көптарапты келісім - бұл екіден астам тараптардың жұмыс нәтижелерін өзара қабылдау.
Осындай келісімдерде қатысу тараптардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда тараптардың мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, келісім қатынастары эквивалентті еместігін екі жақты келісімде еске алу керек.
Сертификаттау және саудадағы техникалық кедергілер
Сертификаттаудың пайда болу себебі, тұтынушыға тауарлардың сапасы нақтылы стандарттардың талаптарына сәйкес екендігіне кепілдік береді. Сертификаттаудың дамуы мемлекетаралық саудаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИМПЛИЦИТТІ МАҒЫНА
Сөз және оның мағынасы
Ұғым және сөз мағынасы. Ұғым мен мағына айырмашылығы
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Етістіктің жақ категориясы
Телеарна бағдарлама атаулары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктері
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
Сөздің психологиялық құрылымы
Пәндер