Су алу құрылымдары туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Су алу құрылымдары туралы түсінік
  2. Су қабылдайтын ғимараттардың қызметі
  3. Жер бетіндегі көздерден су қабылдайтын ғимараттардың жіктелуі
  4. Жер астындағы суларды қабылдайтын ғимараттардың классификациясы

Су алу құрылымдары

Су алып келуші каналдарды, жалпы каналдарды жобалаған кезде, оның белгілі элементтері техникалық және экономикалық жағдайға байланысты басқа су өткізетін құрылымдармен ауыстырылады. Бұл құрылымдарды канал бойындағы құрылымдар деп атайды. Су көзінен су тұтыну орнына дейін суды тасымалдауды каналдар арқылы іске асырады. Елді - мекенді сумен қамтамасыз ету кезінде қолданылатын каналдар жүйесі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:

  • санитарлық зона арқылы алып өту;
  • өндірістік алаңның шегінде алып өту, яғни каналдың пайдалану мақсатына қарай ашық және жабық түрде болады.

Соның ішінде жалпы құрылымдарға жататын су алғыштар су көзінен суды алып каналға жіберетін құрылымдар болып табылады.

Кейде бұл каналдарды бас құрылым деп атайды.

Сонымен қатар, су алудағы су қабылдайтын ғимараттардың қызметі маңызды болып табылады. Су қабылдайтын ғимараттардың түрі табиғи көздің түріне байланысты. Су қабылдайтын ғимараттың құрамына суды табиғи көзден қабылдауға, сумен жабдықтау жүйені әртүрлі ірі қалқыма заттардан, планктоннан, балдырдан қорғауға бағытталған суды алдын - ала тазартуға және балықты қорғауға арналған құрылғылар кіреді.

Су қабылдайтын ғимараттардың түрлерін таңдау алдында олардың орналасу орнын, арнаның өзгеру мүмкіншілігін, мұз қату жағдайын зерттеу керек.

Жер бетіндегі көздерден су қабылдайтын ғимараттарды былайша жіктеуге болады:

  1. өзеннің жағасынан су қабылдайтын ғимараттар;
  2. өзеннің арнасынан су қабылдайтын ғимараттар;
  3. жылжымалы су қабылдағыштар;
  4. ожаулы су қабылдағыштар;
  5. инфильтрациялы су қабылдағыштар;
  6. бөгеттің жанында орналасқан су қабылдағыштар;

Көбінесе сумен жабдықтауға арналған жер бетіндегі көздер ішінен өзендерді пайдаланады.

Өзендерден су қабылдайтын ғимараттарды өзен ағыны бойынша тұрғын жерден жоғарырақ орналастыру керек. Сонымен бірге өзеннің арнасы тұрақты, тереңдігі жеткілікті болғаны жөн. Су қабылдағыштың орны жағаның ойыс жерінде жобаланғаны дұрыс.

Өзеннің жағасынан су қабылдайтын ғимараттарды тік жарларда орналастырады. Су қабылдайтын ғимаратың бұл түрінің схемасы 4. 1 - суретте көрсетілген.

Су қабылдайтын құдық маңдай бет жағынан бірнеше секцияға бөлінеді, секциялардың саны (көбінесе екі) сорғыш құбырлардың санына сәйкес болу керек. Әр секция қалқамен екі камераға бөлінеді.

А - қабылдау камера; Б - сорғыш камера.

Су өзеннен су қабылдайтын терезенің сырт жағын салмалы темір керегемен, ал ішінен қақпақпен жабдықтайды.

Өзендегі судың деңгейі көп өзгеруіне байланысты су қабылдайтын терезелерді екі, кейде үшқабат жасайды.

Аз шығынды су қабылдайтын құдықтарда жалпақ тор, ал көп шығынды су қабылдайтын құдықтарда айналмалы тор орнатылады. Темір керегемен торлар суды үлкен тастардан, өсімдіктерден алдын - ала тазалауға арналады. Бұл сорғышты бұзылудан сақтап қалатын шара. Су қабылдайтын құдықтың үсті жоғары деңгейінен 0, 5 м - ден биік тұру керек.

Құдықтың үстіндегі павильон әр түрлі жабдықтарды жұмыс істеткізу үшін пайдаланады. Су қабылдайтын құдықты кейбірде сорғыш қондырғысымен бірге қолсып жасайды.

Өзеннің арнасынан су қабылдайтын ғимараттар . Жағаның жері жайпақ және олқы болып, ал өзен саяз болғанда суды өзеннің арнасынан қабылдайтын ғимараттарды жасайды.

Су жағадағы құдыққа баулықтан кіріп өздігінен ағатын құбырмен барады. Әрі қарай судың жолы алдында көрсетілген ғимарарттағыдан. Баулықтар өздігінен ағатын құбырлардың шеттерін бекітуге және өзеннен суды қабылдауға арналады. Оларды темірбетоннан, бетоннан және ағаштан жасайды. Өздігінен ағатын құбырларды болат, темірбетон және асбестоцемент құбырларынан немесе темірбетон галереясы тәрізді жасайды. Бұд құбырлардың саны екеуден кем болмау керек. Оларды жағадағы құдыққа қарай су 0, 7 м/с - тен артық жылдамдықпен өз бетімен ағатындай еңістікпен жүргізеді. Сонда бұл құбырлар бітелмейді. Ал бітеліп қалатын жағдайда бұл құбырға құдықта орналасқан арнайы сорғышпен суды айдап тазалайды немесе арынды жуғыш құбырды қолданады.

Жылжымалы су қабылдағыштар . Мұндай су қабылдағыштарға жылжымалы және жүзбелі су қабылдағыштар жатады. Жылжымалы су қабылдағыш деген жағада орналасқан рельс жолымен жүретін жеңіл сорғыш қондырғысы. Өзенде су азайса бұл сорғыш рельспен төмен, ал судың деңгейі көтерілгенде жоғары жылжиды.

Жүзбелі су қабылдағыш деген жүк кемесінде, салда кейде қалқымалы көпірде орналасқан сорғыш. Жылжымалы мен жүзбелі су қабылдағыштардың жақсы жағы өзендегі су деңгейінің өзгеруінен тәуелсіздігі және тез құру мүмкіншілігі. Бірақ олардың кемшілігіне жататын құбырлардың иілгіш қосу қажеттігі мен қыс мерзімінде пайдаланудың ауырлығы.

Ожаулы су қабылдағыштар . Өзеннің су қабатының тереңдігінде жүзіп жүретін мұз су қабылдайтын саңылауды бітеп тастауы мүмкін.

Ондай жағдайға жеткізбеу үшін және өзен суының лайлылығы жоғары болғанда суды өзеннің жағасында немесе арнасында орналасқан жасанды шығанақтан қабылдаған жөн. Бұл жасанды шығанақты ожаулы су қабылдағыш деп атайды. Бұл су қабылдағыштардың көлемін мұздың қалқып бетке шығу және қалқыма заттардың өзеннің түбіне шөгу жағдайларына байланысты анықтайды. Бұл қабылдағыштарды судың қозғалыс жылдамдығы 0, 05 - 0, 02 м/с - ке тең қабылдайды.

Ожаулы қабылдағыштар төменгі жағында кіруі ( мұнда ожаудың сағасы өзеннің ағысы ыңғайымен орналасады) және бас жағында кіруі ( мұнда өзеннің ағысына қарсы орналасады) бар қабылдағыштарға бөледі.

Төменгі жағында кіруі бар ожауларды көбінесе түп жағында ағатын ағыстарды пайдаланады, сол үшін олардың қолдануы жүзіп жүретін мұздың барында қажетті, ал бас жағында кіруі бар ожаулар су бетіндегі ағысты пайдалануға, судың лайлылығы жоғарыда қолданған дұрыс. Ожауларды өзеннің жағасында қазып немесе өзеннің арнасын бөгет етіп жасайды.

Инфильтрациялы су қабылдағыштар . Бұл қабылдағыштың конструкциясы былай: өзеннің жағасында бірнеше құбырлы құдықтар немесе шахтылы құдықтар қазылады. Мұндай су қабылдағыштар сүзу қабілеті зор, құм не құм - қиыршық тастан құрылған жағаларда орнатылады.

Бөгеттің жанында орналасқан су қабылдағыштар . Мұндай су қабылдағыштар әр түрлі болады. Өзенді бөлетін бетон бөгетті суды ағызатын және су қабылдайтын екі бөлектен жасайды. Су қабылдайтын бөлігінде рельстен жасалған шарбақ орнатылады. Су шарбақтан, сосын науадан өтіп қабылдау камераға барады. Оның пішіні тесігі бар қалта тәрізді.

Жер астындағы суларды қабылдайтын ғимараттардың түрін судың басқа да факторларға байланысты анықтайды.

Бұл ғимараттарды келесі топтарға бөлуге болады:

  1. құбырлы құдықтар немесе скважиналар;
  2. шахта құдығы;
  3. сәуле тәрізді су қабылдағыштар;
  4. көлденең су қабылдағыштар;
  5. бұлақтардың суын жинайтын ғимараттар.

Скважиналар жердің астында 10 м - ден артық тереңдікте орналасқан суларды қабылдауға арналады.

Су тұтқыш қабат үлкен тереңдікте орналасса, құбырларды төмен қарай жылжытарда, құбыр мен топырақтың түйісетін беті үлкен, сонымен бірге үйкелу күші ұлғаяды. Сол үшін құдықтың тереңдігі үлкейген сайын құбырлардың диаметрі азайып тұру керек. Ақырында құдықтың түрі телескоптың түріне ұқсас болады (4. 3 - сурет) .

Бірінші қысқа құбырды бағыт деп атайды, ол скважинаның аузын ағын сумен жуып кетуден және бұзылудан сақтайды. Бұл құбырдың ұзындыығы 4 - 6 м.

Екінші құбырдың аты кондуктор, ол жоғарғы қабаттағы сапасы нашар сулардың скважинаға ағып кіруінен сақтайды. Екінші құбырмен соңғы құбырдың аралығында техникалық құбырларды қондырады.

Соңғы құбырды пайдалану құбыры деп атайды, ол артезиан суын жер бетіне көтеруге арналады. Пайдалану құбырда сүзгі орнатылады. Сүзгіні орнатып болғаннан кейін екі құбырдың қосылған жерін 1 - 2 м биіктікке цемент ерітіндісімен сылайды, ол операцияны "тампонаж " дейді, ал құбырлар колоннасын құбыр кескішпен кесіп әйтпесе муфта тұрған жерінде бұрап колоннаның үстіңгі бөліктерін жоғары қарай шығарады. Скважинаның тереңдігі аз болса, ендігіде оны құбырлардың бір-ақ колоннасымен құруға болады.

Скважина үстінде кірпіш, бетон немесе темірбетоннан әр түрлі жабдықтар орналасатын камера жасайды.

Құбырлы құдықтардың сүзгілері су қабылдайтын және тұндырғыш бөліктерден құрылады.

Сүзгілердің түрін былай ажыратады: тесікті, саңылаулы, каркасстерженді, тор, сым, қиыршық тасты сүзгі. Бұл сүзгілердің бәрінің негізі тесікті құбыр болады.

Шахта құдығы көбінесе ауылды жерде, 10 м -ге дейін тереңдікте орналасқан грунт суын қабылдауға арналады.

Бұл құдықтарды арнайы құдық қазғыштармен қазады, ал құдықтардың қабырғасын диаметрі 1-ден 1, 5 м-ге дейін темірбетоннан жасалған шығыршықпен қаптайды (4. 4- сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар
Көру анализаторының құрылысы
Физиологияның пәні, әдісі, дамуының негізгі этаптары, оның маңызы
Көз алмасының құрылысы
Карантиндік шаралар жайлы
Суармалы жерлер туралы жалпы түсінік
Электромагнитті өрістердің гигиеналық маңызы
Карантин және обсервация туралы түсінік
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Қозғалыс кезінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz