Қазақ дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы мен 1917-1921 жылдардағы саяси өзгерістердің салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмед Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті

Деңгейлік тапсырмалар

Тақырыбы:Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары

Орындаған:Кенжен Ақжарқын

Тобы: ФАД-011 А

Қабылданған:Жолсейтова Мағрипа

1-ДЕҢГЕЙ

  • Әскери ком­му­низм са­яса­ты- 1918-1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
  • Қазақ революциялық комитеті, Қазревком -Кеңесөкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы.

2-ДЕҢГЕЙ

  • Алаш автономиясы - 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын . . . және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап . . . съезд бір ауыздан қаулы қылады
  • Түркістан автономиясы- Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің мәлімдейді.
  • 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
  • 1919 жылы бір мезгілде, ашық және жасырын жағдайда, екі бірдей партияның Орталық Комитетінің мүшесі болды. Осы уақыттан бастап Т. Рысқұловтың саяси күресінің өзегі - Тұтас Түркістан ­идеясы болды. Т. Рысқұлов 1919 жылы сәуірде Түркістан Компартиясының ішінен жеке Мұсылман бюросын құрады. Ол Мұсбюроны Түркістанды билеп отырған еуропалық большевиктермен тайталаса алатын ұйымға айналдырып, Түркістан мұсылмандарының жеке саяси партиясы дәрежесіне дейін көтереді. Мұсбюро егеменді Түрік ­республикасын, Мұсылман армиясын құру бағытында күрес жүргізді. Мұсбюро 1917-1919 жылдары Түркістанның саяси өмірі мен мемлекеттік басқару жүйесінде орнығып қалған шовинистік дәстүрлердің іргетасына соққы беріп, шовинистердің аса ірі өкілдерін Түркістаннан кетуге мәжбүр етті. РК(б) П ОК Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюроның ұлт мәселесі бойынша ұстанған саясатынан қатты қауіптенеді. Негізгі халқы ислам дінін ұстанып отырған Түркістан өлкесінің тізгінінен айырылып қалудан қорықты. Осылайша, Түркістанның өз ішіндегі саяси күресте жеңіп шыққан Т. Рысқұлов бастаған мұсылман комму­нистері келесі кедергіге, РК(б) П ОК-нің Мәскеуден Түркістанға арнайы жіберген эмиссарлық органы - Түріккомиссияға тап болды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы: индустрияландыру, тәркілеу мен ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық және саяси салдары
Қазақ дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы: индустрияландыру, ұжымдастыру және сталиндік репрессиялардың әлеуметтік-экономикалық салдары
1928-1933 жж. қазақ дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Қазақ дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы: индустрияландыру, ұжымдастыру және сталиндік қуғын-сүргіннің әлеуметтік-экономикалық салдары
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық салдары (1917-1921)
1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы: Оңтүстік Қазақстандағы саяси және аграрлық салдары
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы қазақ ашаршылықтары: себептері мен демографиялық салдары
1921-1925 жылдардағы қазақ баспасөзі: журналдар мен газеттердің қоғамдық-саяси рөлі
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтар: себептері мен салдары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері мен салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz