Томас Гоббс пен Жаңа дәуір философиясы: адам табиғаты, әлеуметтік келісім және мемлекеттің доктринасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Томас Гоббс

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.
Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымға деген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсат етіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезеңде пайда бола бастады. (Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бұл фактор шіркеудің рөлін төмендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бұзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бір қоғамдық өмірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алды, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырды.
Осы кезенде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан - ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан - философиялық шығармаларда діни-теологиялык мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады;

Томас Гоббс (1588-1679) - кәрнекті ағылшын философы, мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді.

Еңбектері:

«Левиафан немесе Материя» (1651ж. )

«Шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», (1651 ж)

«Азамат туралы», (1642 ж. )

«Дене туралы», (1655 ж. )

«Адам туралы». (1658 ж. )

Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «философия - танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». - дейді

Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі - оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шектен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастырушы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі - мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қоғамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету - Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуір философиясы: Декарт, Гоббс, Бэкон және методология мен қайшылық мәселелері
Томас Гоббстың саяси философиясы: әлеуметтік келісім, табиғи жағдай және абсолютті суверендік
Жаңа дәуір философиясы: рационализм, эмпиризм және негізгі өкілдері
17 ғасырдың Жаңа дәуір философиясы мен ғылымы: эксперимент, математизация және негізгі ойшылдар
Жаңа дәуір философиясы: рационализм мен эмпиризм және олардың негізгі өкілдері
Жаңа дәуір философиясы: капитализмнің қалыптасуы, ғылыми әдіс және эмпиризм мен рационализм
XV-XVIII ғасырлардағы қайта өрлеу мен жаңа дәуір философиясы: материализм, рационализм және ағартушылық
Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы: рационализм, эмпиризм және негізгі өкілдері
Ортағасырлық христиан және мұсылман философиясы, қайта өрлеу мен жаңа дәуір философиясының негізгі бағыттары
XVII-XVIII ғасырдағы Жаңа дәуір батыс философиясы: эмпиризм, рационализм және таным теориясының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz