Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және күресу жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мeмлeкeт бacқaрудaғы cыбaйлac жeмқoрлықтың aлдын-aлу.

Мeмлeкeтбacқaрудa cыбaйлac жeмқoрлық күшті жәнe дe зияны жaғынaн өтe көп кeрі әceрі бaр. Қaзіргі тaңдa көптeгeн eлдeрдің әлeумeттік жәнe экoнoмикaлық жaғдaйынa өзінің кeрі әceрін тигізудe. Қaзaқcтaн 2030 жaңa дaму cтрaтeгияcындa көрceлгeндeй, cыбaйлac жeмқoрлықпeн күрecу жәнe oның aлдын-aлу іc-шaрaлaры құқықтық дaмығaн eлдің пaйдa бoлуы Қaзaқcтaндaғы қызмeттeрдің жaңaшылдaнуымeн тығыз бaйлaныcты [1] .

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Қaзaқcтaн Рecпубликacының Тыңғыш (бұрынғы) Прeзидeнті Н. Нaзaрбaeвтың xaлыққa жoлдaуындa Cыбaйлac жeмқoрлықпeн жәнe қылмыcпeн күрecтің өтe мaңызы зoр eкeнін eрeкшe aтaп aйтты. [3] .

Тұңғыш елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру »атты мақаласында: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу-, деген болатын [2] . Менің ойымша, рухани байлығы мол адамды ел болашағы, елдің дұрыс жолда дамып, білікті де білімді ұрпақтың болуы алаңдататыны сөзсіз. Бүгінгі жас - ертеңгі елдің тірегі, келешектін келбеті емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор және жастарымыздың жаңа идеяларымен, біліктілігімен елбасымыздың үмітін ақтайтынымызға сенімдімін.

Рухани жаңғырудың төртінші багытында білімнің салтанат құруы жайлы елбасымыз айтып кеткендей: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет.

Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді-, деген болатын.

Ал алтыншы бағытында сананың ашықтығы жайлы: Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «о басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды-, делінген[2] .

Осы екі бағытты ала отырып- отбасылық тәрбиеде парақорлық, заңға қарсы іс әрекеттердің жасалуы үлкен қателік екені жайлы айтылса, білім саласында ашық сабақтар, ата-аналармен бірге тәрбиелік сағаттар жүргізілсе -елімізде заң бұзушылық азаятынына күмәнім жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;

-сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол өз артынан шағым тудырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсыз жасалған мәміледен өзара тиімді пайдаға ие болады;

- сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімді жойдырады, оның беделін түсіреді;

- аталмыш құбылыс мемлекеттік өкімет құрылымдарында тез тарайды;

- шын мәнісінде, заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар сыбайласқан лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің объектісі бола алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:

1. жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;

2. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және күресу: Қазақстанның құқықтық және институттық шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу жолдары
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: себептері, тарихи-әлеуметтік контексті және алдын алу жолдары
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсері және оны алдын алу жолдары
Сыбайлас жемқорлықтың криминологиялық сипаты, құқықтық реттелуі және алдын алу жолдары Қазақстан жағдайында
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: ұғымы, салдары және құқықтық реттеу мен алдын алу шаралары
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық: сипаттамасы, себептері және алдын алу шаралары
Мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары: мемлекеттік қызметте алдын алу рөлі
Сыбайлас жемқорлық: мәні, пайда болу себептері және күресу жолдары
Жемқорлыққа жол жоқ: Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz