ҚР мұрағат ісін мемлекеттік басқару


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «ҚР мұрағат ісін мемлекеттік басқару»

Қазақстан Республикасында архив ісін басқару бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кеңестік кезеңде Үкімет құра­мында «Бас Архив басқармасы» деген мемлекеттік орган бар бола­тын. Ол еліміздегі барлық мемлекет­тік архивтердің жұмысын реттеп, белгілі бір стратегия­мен басқаруды қам­тамасыз етіп отыратын. 1990 жыл­дардағы оңтайландыру ісі қол­ға алынған кезде, архив саласы ең соңғы кезекке ысырылып, тіпті, басқа салалардың мәселесімен ай­на­лысып жүргенде, архив жұ­мысы ұмытылып кетті. Қолда­ныстағы заңның өзінде «сол сая­сатты кім жүргізуі керек» деген мәселенің өзінің басы ашылып, анықталмаған. «Архив туралы» заңның бастапқы нұсқа­сында «өкілетті орган» деп анық көрсетілген еді, кейін өзгеріс ен­гізген кезде «өкілетті орган­ның» мемлекеттік саясатты қалыптас­ты­рып жүргізуге міндетті екендігі заң мәтінінен түсіп қалған. Орындаушы органдар бар, ал саясатты жасап, іске асыратын орган көрсетілмеген .

Кеңес үкметінің басшылары архив құжаттарының мемлекет үшін аса маңыздылығын түсінді. Елде болып жатқан азамат соғысының зардаптары архив құжаттарының сақталуына кері әсерін тигізбей қоймады. Үкіметтік заң актілерді сақтау қажеттігі Халық комиссарлар кеңесінің қызмет ете бастауының бірінші айларында-ақ байқалған болатын. 1918 жылы 30 қаңтарда (12 ақпан) В. И. Лениннің қол қоюымен декрет жарияланды. Бұл декретте үкметтің барлық заңдық актілерін редакциялау, жариялау және сақтау мәселелері жазылған. Декретте актілердің түпнұсқалары архив мекемелеріне қосарласып тапсырылады деліген. Алайда бұл уақытқа дейін әлі де орталық мемлекеттік мұрағат құрылмаған болатын . Бұл уақытта мемлекеттің алдында бірінші кезекте мемлекеттік архив желісін айқындау қажеттігі тұрды.

1918 жылдың наурыз айының соңында Петроградтық еңбек коммунасының уәкілетті жоғары білімді тарихшы Д. Б. Рязановтың бастамасымен жаңа қоғамдық ұйым - орталық ахив ісін басқару комитеті (ОАБК) құрылды. Оның құрамына ғылым академиясының, Петроград университетінің өкілдері және петроградтағы ірі архив мекемелерінің басшылары кірді. Бұл комитеттің өклеттілігі тек Петроград архивтерін басқараруға ғана өклеттілігі болғандықтан, осындай басқару органын мемлекеттік деңгейде де құру қажеттігі туды.

Орталықтанған архив ісін басқару мекемесін құру ұсынысы халық комиссарлар кеңесінің жиналысында 1918 жылы 26 сәуірде ұсынылып А. В. Лунечарскийдің архив құжаттарын және кітапханаларды қорғауға алу туралы баяндама хаты қаралған болатын. Соған сәйкес мемлекеттік орталық арихив ісін басқару комитетін құру жобасы жасала бастады. Ал нақты жобаның қорытындысы 1918 жылдың 27-28 мамырда қабылданған. Бұл қаулы «Бас мұрағат ісін басқару» туралы қаулы болды, және осы қаулы 1918 жылы 1 мамырда қабылданған лениннің «Архив ісін қайта құру және орталықтандыру» декретіне негіз болды. Бұндай ісшаралаға негіз болған мұрағат ісін мемлекеттік басқару орнатуға бастау болды, құжаттарды қатаң есепке алып, мемлекеттің бақлауында болатын елдегі барлық мұрағат мұрасы негізінде біріңғай мемлекеттік мұрағат қорының пайда болғандығын жариялады. «Мұрағат ісінің Бас басқармасының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір істерді, хат алмасуларды, басқа да қағаздарды жоюға » елдегі ешбір кеңесті немесе басқа да мекемелердің құқығы болмады. Қазақстанда мұрағат ісін ұймдастырудың жаңа принциптірін өмірге әкелу жұмыстары жерімізді контрреволциялық құрамалардан азат еткеннен кейн басталды.

Бірыңғай мұрағат қорын құру үшін жергілікті жерлердегі бөлімшелер жүйесімен арнайы мемлекеттік ведомстволар құрылды, олардың алдында мұрағатты жойылудан сақтау ғана емес, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың мүддесі үшін пайдаланудың ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыру міндеті тұрды.

Архив ісі өзінің өмір сүру тарихында әр кезеңде әр түрлі министрліктерге бағынды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күннен бастап өзінің ұлттық архив қорын қалыптастыра бастады. Кеңес үкметі кезеңімен салыстырғанда архивтердің қызметі мен құрылымында аса үлкен өзгерістер бола қойған жоқ. Архив ісі 1989-1991 жж. Қазақ КСР-ның Министрлар Кеңесі жанындағы бас мұрағат басқармасының құрамында болды, ал 1991 ж. 10 желтоқсанда мемлекет өз тәуелсіздігін алуына байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанында Мұрағат Бас басқармасы құрылды. 1993 ж. 17 мамырында Қазақстан Республикасы Мұрағаттар мен құжаттама бас басқармасы болып қайта қалыптастырылды. 1996 ж. 29 қазанында Басқарма таратылды. Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатына жүктелді. ҚР Президентінің 1996 жылдың 29 қазанынан бастап №3168 «Орталық атқару органдарын жетілдіру және мемлекеттік органдарды қысқарту» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттаманы басқару қызметтері мен функциялары ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатына жүктелді

Қазақстан Республикасының үкметінің қаулысына сәйкес 1997 жылдың 28 сәуірінде №672 «Қазақстан Республикасының орталық мұрағаты туралы» заң жарыққа шықты. Жоғарыда аталған заң негізінде ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатына толығымен орталық атқару органдарының функциялары мен өкілеттіктері және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты туралы ереже бекітіліп, оның құрылымы анықталған болатын. Заңмен бекітілген нормативтік-актіге сәйкес ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты келесі функцияларды жүзеге асырды:

1. Қазақстан Республикасының архив ісі мен құжаттама саласында Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттің басты құжат материалдарын сақтау қоймасы қызметін жүзеге асыру, архив саласын басқару, сонымен қатар заңға сәйкес салааралық координацияны жүзеге асыру;

2. Қазақстан Республикасының архив қорларын қалыптастыру, Қазақстан халықтарының тарихына байланысты шет құжаттардың түпнұсқалары мен архив құжаттарының көшірмелерін іздеп табу, сатып алу;

3. Архив қоймаларындағы құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету;

4. Құнды құжаттардың, қорлардың көшірме сақтандыру қорларын жасау;

5. Құжаттарды мемлекеттік есепке алу;

6. Құжаттарға мемлекеттік құндылығын анықтау сараптамасын жүргізу;

7. Қорларды толықтыру жұмыстарын жүргізу

8. Құжаттарды жан-жақты пайдалануын қамтамассыз ету және архив құжаттарын жариялау

9. Республиканың архивтік қор құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратын жан-жақты жетілдіру;

10. Ведомстволық құжаттардың жағдайын қадағалау және архивтердің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруын қамтамассыз ету;

11. Құжаттардың уақытылы жергілікті немесе орталық архивтерге жинақталуын іске асыру ісшараларын жүзеге асыру;

12. Қазақстан Республикасының архив қорына кіретін мекемелер мен ұйымдардың тізімдемесін жасау;

13. Республикада мемлекеттік архив ісін және құжаттама саласын реттеп отыру;

1997-1998 жылдары архив мекемелерінің функциялары мен қызметтері өзегрмеді. Мұрағат саласының мемлекеттегі орны мен рөлін, оның құзырлық, функциялық міндеттерін және өзге салалармен байланыс аясын нақтылайтын 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңы. Бұл Заң мұрағат ісінің мемлекеттік қызметтегі дербес сала болуын заңдастырады.

Қазақстан Республикасы Үкметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі №499 қаулысымен мұрағат ісі мен құжаттама саласы бойынша арнаулы атқару және бақылау функцияларын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құзреті шегінде Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті жүргізе бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» № 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері туралы» № 477 қаулысымен мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің құрылымына енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен қайта ұйымдастырылған мемлекеттік басқару жүйесінде архивтер мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, 2005 ж. Мәдениет және ақпарат министрлігінің, 2010-2011 жж. Байланыс және ақпарат министрлігінің, 2012 ж. Қаңтарынан Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы қарамағында болды, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның іске асырылуын бақылау мен қадағалау міндеттерін жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасында архив ісін басқару мен реттеу жұмыстары 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның 5-тарауы, 18 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл заң Қазақстан Республикасында архив ісін заңдық түрде жеке сала ретінде бекіткен алғашқы заң. Аталмыш заңға сәйкес Қазақстан архивтерін басқаратын арнайы уәкілетті орган белгіленген. Бүгінгі таңда 6 мемлекеттік архив мәдениет және спорт министрлігінің, мұрағат ісі және құжаттану департаментінің бақылауында. заңға сәйкес уәкілетті органдар архив қорларының толықтырылуын, пайдалануын және сақтауын жүзеге асыруды бақылап мемлекеттік есепті жүзеге асырып отырады.

Архив iсiн мемлекеттiк басқаруды уәкiлеттi органмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдарыжүзеге асырады. Қазақстанның архив желісін: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік архивтері, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары құрайды. Архив ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалықжағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еліміздегі мемлекеттік мұрағат қызметінің құрамына 2013 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 Архивтер мен құжаттама басқармалары, 220 мемлекеттік архив мекемелері, оның ішінде - 7 республикалық мұрағаттық мекемелер, 14 облыстық, 27 қалалық, 4 жеке құрам бойынша, 172 облыстық филиалдар мен аудандық мемлекеттік мұрағаттар жұмыс жасауда.

Еліміздің мемлекеттік архивтерінде Қазақстан тарихына байланысты құжаттар XVIII ғ. Бірінші жартсынан бастап бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұрағат қоры мен жеке құрам бойынша құжаттардың жалпы көлемі 2013 ж. 1 қаңтарындағы есеп бойынша 22009038 сақт. бірл. құрайды (ҚР ҰМҚ - 14720843сақт. бірл. ; жеке құрам бойынша - 7288195 сақт. бірл. ; ғылыми-техникалық құжаттама - 258682 сақтау бірл. ; кинофотофоноқұжаттар - 678949 сақт. бірл. ; жеке тектік құжаттар - 53837 сақт. бірл. ) .

Архивтерде 7 млн. Астам жеке құрам бойынша құжаттар сақталған, олардың негізінде азаматтардың, оның ішінде шетелден түскен еңбек өтілі, мүліктік, әлеуметтік, басқа да құқықтарына байланысты жылына 141892 сұранысқа жауап беріледі. Мемлекеттік сақтауға барлық меншік иелеріндегі мекеме, ұйымдардан басқа, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, ғылым, әдебиет, өнерге еңбегі сіңген қайраткерлердің жеке мұрағаттары ұдайы түсіде

Құжаттарды ғылыми, мәдени, басқа да мақсаттарға кеңінен қолдануға жағдай жасалған. Республика мұрағаттары құжаттық жинақтар, мемлекеттік мұрағат қорлары бойынша анықтамалықтар, құжаттық көрмелер ұйымдастырады, мақала, радиотелехабарлар әзірленеді. Жеке тұлғалар мен мекемелердің тақырыптық сұраныстар орындалып, анықтамалар беріледі. Республикамыздың мемлекеттік мұрағаттарында 2500 мұрағатшы қызмет етеді, олардың басым бөлігі жоғары білімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
Қазақстандағы мұрағат ісі
Тәуелсіздіктің жасампаз 21 жылында мұрағат ісінің қызметі мен жетістіктері
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Мұрағат мекемелері соғыс жылдарында
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz