Технологиялық процес негізгі сатылары



Мақта халық шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Халық шаруашылығында мақта немесе одан шыққан өнімді пайдаланбайтын ешбір сала жоқ. Шитті мақтаны алғашқы өңдеу нәтижесінде мақта талшығын алу жылдан . жылға дами түседі. Бұл нәтижені ары қарай дамыту үшін мақта тазалау өндірісіне жаңа технологияларды енгізу қажет. Осыған тікелей байланысты деп технологиялық процесті атасақ болады. Себебі, технологиялық процесті жетілдіру зауыттың жалпы жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты.
Мақта тазалау зауыттары, дайындау орындары арқылы мақтаның өсу барысын бақылап отырады және дайындау орындарында қабылдау, сақтау, өз уақытында мақта тазалау зауыттарына жеткізуді де басқарып отырады.
Мақта тазалау зауыттары арнайы технологиялық жабдықтармен, цех ішіндегі және арасындағы шитті мақта дайын өнімді тасу транспортымен, талшық, линт, талшық шығындарын нығыздау үшін гидронығыздағыш және де басқа да құрылғылармен жабдықталаған.
Әрбір мақта тазалау зауыттардың жабдықты өңдеуді қамтамасыздандыру үшін өзінің өңдеу . механикалық базасы болады.
Мақта тазалау зауытының үлкен шикізат базасы болатын болса ( бір жылдық мақта көлемі 26000 т/жыл көп болса), онда зауыт сыртында мақта дайындау пунктері болады, ал егер одан кем болса, онда зауыт ішіндегі дайындау орындарымен шектеледі.
Мақта тазалау зауыттарын жобалауда өндірістік ауданшаларды тиімді және рационалды пайдалануға көңіл бөлу керек.
Транспорттық жолын қысқарту, құрылыс жұмыстарын қысқарту жалпы зауыт тиімділігін арттырады.
Жеке тапсырмаға сәйкес линтерлер классификациясы үшін басты өңделетін өнім ретінде шитті мақтаның физика . механикалық қасиетін оқып үйрену қажет болады, өйткені үлкен қиыншылықпен, ауыр еңбекпен

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мақта халық шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Халық шаруашылығында
мақта немесе одан шыққан өнімді пайдаланбайтын ешбір сала жоқ. Шитті
мақтаны алғашқы өңдеу нәтижесінде мақта талшығын алу жылдан – жылға дами
түседі. Бұл нәтижені ары қарай дамыту үшін мақта тазалау өндірісіне жаңа
технологияларды енгізу қажет. Осыған тікелей байланысты деп технологиялық
процесті атасақ болады. Себебі, технологиялық процесті жетілдіру зауыттың
жалпы жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты.
Мақта тазалау зауыттары, дайындау орындары арқылы мақтаның өсу
барысын бақылап отырады және дайындау орындарында қабылдау, сақтау, өз
уақытында мақта тазалау зауыттарына жеткізуді де басқарып отырады.
Мақта тазалау зауыттары арнайы технологиялық жабдықтармен, цех
ішіндегі және арасындағы шитті мақта дайын өнімді тасу транспортымен,
талшық, линт, талшық шығындарын нығыздау үшін гидронығыздағыш және де
басқа да құрылғылармен жабдықталаған.
Әрбір мақта тазалау зауыттардың жабдықты өңдеуді қамтамасыздандыру
үшін өзінің өңдеу – механикалық базасы болады.
Мақта тазалау зауытының үлкен шикізат базасы болатын болса ( бір
жылдық мақта көлемі 26000 тжыл көп болса), онда зауыт сыртында мақта
дайындау пунктері болады, ал егер одан кем болса, онда зауыт ішіндегі
дайындау орындарымен шектеледі.
Мақта тазалау зауыттарын жобалауда өндірістік ауданшаларды тиімді
және рационалды пайдалануға көңіл бөлу керек.
Транспорттық жолын қысқарту, құрылыс жұмыстарын қысқарту жалпы зауыт
тиімділігін арттырады.
Жеке тапсырмаға сәйкес линтерлер классификациясы үшін басты өңделетін
өнім ретінде шитті мақтаның физика – механикалық қасиетін оқып үйрену қажет
болады, өйткені үлкен қиыншылықпен, ауыр еңбекпен өсірілген дақылдардың
табиғи қасиетін төмендетпестен сапалы өңдеп алу мәселесі инженер – технолог
мамандығына үлкен жауапкершілікті талап етеді
КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Ауыл Асық – Ата
Аудан Мақтаарал
Облыс Оңтүстік Қазақстан
Республика Қазақстан
Мекен жайы 708650, Асық – Ата ауылы,
Абулқасимов көш 17

АҚ Ақ - Алтын кәсіпорыны Асық – Ата ауылының оңтүстік шығыс
жағында ораналасқан. Кәсіпорын айналасында шығыс, оңтүстік шығыс, оңтүстік
батыс және батыс жағынан мақта өсетін егістерден тұратын егіншаруашылығымен
қоршалған. Солтүстік батыс жағынанн кәсіпорын өндірістік алаңшасынан 100-
150 метр қашықтықта жеке сектор тұрғын құрылыстары орналасқан. Кәсіпорынның
солтүстік шығыс және солтүстік жағында асхана орналасқан және бірнеше жеке
сектор тұрғын үйлері бар. Ең жақын тұрғын үйге дейінгі қашықтық 150-200
метр, ал атмосфераны ластау көзінен тұрғын үйлерге дейінгі қашықтық 250 –
300 метр.
Ақ – Алтын дайындау пунктілері жеке өндірістің алаңшаларда
орналасқан.
Мақта зауытының негізгі іскерлігі болып мақта шикізатын өңдеу және
төмендегі өнімдерді алу есептеледі.
1. Мақта талшық
2. Шиттер
3. Линт
4. Шелуха
5. Пух
Осылардың ішіндегі ең негізгі өнім – талшық болып табылады, ол тігін
және жеңіл өнеркәсібінде кеңінен қоланысқа ие. Өзінің іскерлік ету
мерзімдері ішінде кәсіпорын талшықтың шығарылу көлемі ұлғайтып келеді.
Егер 1967 жылы талшықтарды шығару көлемі 8000 тонна құраса, ал 2002 жылы ол
23000 тонна көлемге дейін жетті. Өнімнің сапасы халықаралық стандарттар
талаптарына сай және әлемдік нарфықта бәсекеге қабілетті болып табылады.
Зауытты құру және дамыту шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Бірінші
периодта зауыт құрылысы салынып және бірінші рет реконструкциялау
жүргізілген. Екінші периодта зауыттың техникалық жабдыталуы орындалды.
Үшінші периодта барлық күштер зауыт коллективінің әлеуметтік және
экономикалық мәселелерін шешуге жұмсалды. Осы уақыттта ААҚ Ақ - Алтын
жқсы техникалық базаға, тұрақты кадрлық потенциалға, нарықта дайын өнімнің
жақсы рейтингіне ие. Кәсіпорында 700 дей адам жұмыс атқарады.

Технологиялық процесс

Мақтаның түрі, өндірістік сорты, теру ( жинау ) түрі, ластану
және ылғалдылығына байланысты мақта алдын – ала өңдеу технологиялық
процесіне қойылатын талап – мүмкіндігі барынша еңбек, шикізат, қуат
шығындарын азайтып, жоғары сапалы өнім алу. Осыған байланысты мақта тазалау
зауытының технологиялық схемасы түрлі алғашқы физика – механикалық және
технологиялық сипаттамалы шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік беру керек.
Бұл үшін:
а) қабылданған шитті мақта қалыпты кондициялы немесе технологиялық
ылғалдылыққа жеткізіледі;
ә) жоғары сапалы талшықтар нормасына сай шитті мақта ірі және майда
ластауыштардан, тағы да бөтен заттардан тазаланады;
б) джинирлеу кезінде ұзын талшықтар шиттерден толық алынып, ластауыш
қоспалардан тазаланады;
в) джинирлеуден соң, шиттерде қалған қысқа талшық ( линт және делинт )
толық алынады;
г) талшық, линт, делинт және талшықты қалдықтарды сақтау, тасымалдауға
ыңғайлы және өртке қауіпсіз будаларға престеледі;
д) егуге арналған шиттер тазаланып, сортталып, зарарсыздандырылып сақтауға
қойылады, техникалық шиттер ары қарай өңдеу үшін керекті дәрежеге
жеткізіленеді.
Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялар мақта тазалау
зауытының мынадай негізгі цехтерінде немесе бөлімшелерінде жүргізіледі:
Шитті мақтаны жиналып тұрған маядан (1) РБА бунт бұзғышы (2)
көмегімен пневмотасымалдау жүйесіне (3) жеткізіледі. Мұнда шитті мақтаны
ауыр қоспадан тазалайтын ЧТП (4) құрылғысынан өтіп, яғни тас, темір және
т. б. ауыр қоспаларды тазалайды, ары қарай кептіргішке (7) бағыт алады.
Пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС – 15 сепараторы
(5) көмегімен шитті мақта кептіргішке түседі. Кептіргіште белгілі бір
ылғалдылыққа дейін шитті мақта кептіріліп ары қарай майда ластауыштардан
тазалағыштар 6А – 12М1 (9) жабдығына бағытталады. Кептірілген шитті мақта
пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС – 15 сепараторымен (5)
6А – 12 М1 майда ластауыштардан тазалағышқа келіп түседі. Мұнда белгілі
ластылық деңгейіне жеткен соң шитті мақта пневмотасымалдау жүйесімен ірі
қиқым – қоқыстан тазалағыштар “Мехнат” (12) жабдығына сепаратор СС – 15
арқылы келіп түседі. Мұнда шитті мақта нормадағы ластылық деңгейіне жеткен
соң, келесі процесс джинирлеу процесіне пневмотасымалдау жүйесімен шитті
мақта келіп түседі. Джинирлеу процесі джин (4) жабдығына өтеді. Шитті мақта
мұнда мақта талшығы мен шитке ажыратылып, мақта талшығы ары қарай
пневмотасымалдау арқылы мақта талшығы тазаланады да КВ – 3М конденсоры (15)
арқылы алдын – ала нығыздалады. Нығыздалған талшық роликті тасымалдағыш
көмегімен жабық қоймаларға жеткізіледі. Джинирлеу процесімен шығатын екінші
өнім шит бұрандалы конвейер немесе элеватор көмегімен келесі процесс
линтерлеуге (16) бағытталады. Шит джинирлеу процесі кезінде әртүрлі қиқым –
қоқыспен ластанады. Сондықтан линтерлеуге дейін шит тазалағыштар қиқым –
қоқыстан тазаланады. Линтерлеу (16) бірнеше рет өткізілуі мүмкін. Егер шит
техникалық болса, онда линтерлеуден үш – төрт рет өтеді, ал егіндік болса,
онда екі рет өтіп ары қарай шит өңделуге жіберіледі, яғни мамықтан
ажыратылады және химиялық өңдеуден өтіп қоймаға жіберіледі. Ал
линтерлеудегі негізгі өнім линт пен делинт пневмотасымалдау арқылы
нығыздалуға жеткізіледі. Техникалық шит линтерлеуден шығып (20) қоймаға
немесе май шығару өндірісіне жіберіледі.

2.1 Технологиялық процес негізгі сатылары

Мақтаны өңдеу процесі бірнеше негізгі процестерден тұрады. Бұлар:
1. Мақтаны қабылдау және сақтау;
2. Мақтаны алдын – ала тазалау және кептіру;
3. Мақтадан талшық және шит алу;
4. Талшықты өңдеу;
5. Шитті өңдеу.

Мақтаны қабылдау және сақтау

Шитті мақтаны зауытқа автотранспортпен жеткізеді. Арнайы автотаразыға
тартылған кезде шитті мақта тексеріледі. Тексеру кезінде мақтаның
ылғалдылығы, шаңдалғандығы нәтижеде оның сорты анықталады. Мақта сақтау
өте маңызды операциялардың бірі. Жоғары ылғалдылықтағы мақта өзін - өзі
қыздыруға келтіреді. Бұл мақтаның сапасын төмендетеді. Жоғары ылғалдылыққа
қарсы мынадай шаралар қолданылады; вентиляция, тоннель жасау; кептіру.
Мақта маяларын жауын – шашыннан сақтау үшін маяларды брезенттермен
жабады.
Сақтау кезінде мақтаның температурасынан ылғалдылығына дейін үздіксіз
бақылау жүргізіледі.

Мақтаны алдын – ала тазалау және кептіру
Ашық немесе жабық қоймалардағы мақта кептіру цехына пневмотранспорт
арқылы беріледі.
Құбыр арқылы тасымалданатын мақта арнайы тас ұстағыштан өтеді.
Тас ұстағыштарда мақтаның ішіндегі тастар және басқа ауыр бөтен
заттар ұсталады.
Тас ұстағыштың жұмыс істеу принципі – пневмотранспорт құбырымен
тасымалданатын мақта арнайы жылжымайтын бетке соғылып өзінің жылдамдығын
жояды. Бұл кезде ауыр заттар өз салмағымен төмен түсіп арнайы камерада
жиналады. Ал жеңіл мақта ауамен бірге ары қарай тасымалданады. Бұл жерде
қырғышты сепаратор (СС - 15) орналасады. Сепараторда шитті мақта ауадан
ажыратылады. Ал ауа циклонға беріліп, бұл жерде шаңнан тазаланады. Ауадағы
шаңның қалдықтары шаң жинағыш камерада тұнады. Тазартылған ауа атмосфераға
шығарып тасталады. Сепаратордың камерасындағы мақта кептіру барабанына
беріледі. Барабанның ішінде арнайы қалақшалар бар. Қалақшалар барабан
айналған кезде шитті мақтаны жоғары көтереді. Жоғарыдан түскен кезде шитті
мақта кептіру агентімен әсерлеседі. Осының нәтижесінде шитті мақта
кептіріледі. Ал кептіру агенті ретінде газ немесе керосинді жаққан кезде
пайда болатын ыстық ауалар қолданылады. Агент желдеткіш көмегімен кептіру
барабанына беріледі.
Кепкен мақта сепаратор арқылы тазалауға беріледі. Шитті мақтаны
тазалау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Мақтаны тазалау үшін түрлі мақта
тазалағыштары қолданылады. Мақтаны майда ластауыштардан тазалау үшін 6А –
12М1 тазалағышы қолданады. Бұл тазалағыштың жоғарғы және төменгі жағында
торлар орналасады. Бұл торлардан майда ластауыштар түседі. Түскен
ластауыштар арнайы шнекпен сыртқа шығарылып тасталынады. Ал шитті мақта
тазалағыштан шығып, пневмотасымалдау жүйесіне, сол арқылы келесі жабдыққа
беріледі. Келесі жабдық бұл шитті мақтаны ірі ластауыштан тазалағыш
“Мехнат” жабдығы. Бұл тазалағышқа шитті мақта сепаратор арқылы беріледі.
Бұл мәшинеде шитті мақта жабдықтағыш арқылы құлақты барабанға беріледі.
Барабанда мақта қопсытылып тордың үстімен тасымалданады. Тордың
тесіктерінен ірі – майда ластауыштар түсіп қалады. Мұнда мақта арасы
лентаның тесіктеріне ілінеді. Бұдан соң лентадағы мақтадан соққының
әсерімен ластауыштар тесіктерден түседі, ал мақта аралы барабан тістерінен
барабанды щеткаларымен алынып, екінші секцияға беріледі. Екінші секцияда
тура осындай процесс жүреді. Процесс біткен соң, мақта мәшинеден алынып
сепаратор арқылы джинирлеу процесіне беріледі.
Материалдық және жылулық баланстар

Алғашқы мәліметтер:
1. Шитті мақта дайындау көлемі Qш.м = 26000 т.
2. Өңдеу көлемі 4000 т.
3. Джиндер саны КМ = 4 дана.
4. Джиннің өнімділігі П = 8,18 кгара. сағ.
5. Ауысымдар саны КМ = 2.
6. Талшық шығуы В = 31,55%
7. Линтерлеу 2 рет.
8. Линтерлер саны 2 * 8 = 16 дана.
9. Қалдықтар 4,6%

1 кесте - Мақта зауытының өнімі. т.

№ Өнім аталуы 1 жыл 1 тәулік 1 ауысым 1 сағат
1 Талшық 8203 264,61 33,07 0,55
2 Техникалық шит 11000 354,8 44,35 0,74
3 Егіндік шит 3000 96,11 12,03 0,2
4 Үлік 480 15,4 1,9 0,03
5 Линт қалдығы 240 7,74 0,96 0,01
6 Қалдықтар 3077 99,25 12,4 0,2
Барлығы 26000 838,7 104,83 1,74

Технологиялық жабдықтарды таңдау

Жобаланып отырған мақта тазалау зауыты келесі цехтардан тұруы қажет:
- кептіру – тазалау цехы;
- тазалау цехы;
- зауыттың бас ғимараты, оның ішінде:
а) джинирлеу бөлімі;
б) линтерлеу бөлімі;
в) нығыздау бөлімі;
г) талшық қалдықтарын өңдейтін цех.

1. Кептіру - талазау цехы
Шитті мақтаның кептіру процесі төмендегідей жүргізіледі. Газ немесе
керосин оттығынан жылу тасушы түтін сорғыш желдеткішпен алынып құбыр арқылы
кептіргіш барабанына беріледі. Жылу ауа құбырында ылғалды мақтаны беруші
қоректендіргіш орнатылған. Ылғалды мақта кептіргіш барабанда біртіндеп
кептіріліп, өз ылғалын жылу тасушыға беріп, кептіргіштен ауа арқылы шығады.

Суыған ылғалды өзіне қабылдаған жылу тасушы ауа құбыр арқылы
атмосфераға шығарылады. Ылғал мақтаны кептіргішке беру және кепкен мақтаның
кептіргіштен шығуы үздіксіз жүреді. Кептіру процесінің және кептіргіштің
жұмысының сапасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады;
Шитті мақтаны кептіру процесі. Шитті мақтаны кептіруге арналған
аппарат кептіргіш деп аталады. Кептіру кезінде шитті мақтаның салмағы m,
ылғалдылығы Ẃ және температурасы t өзгереді. Сыртқы деректен жылуды алып,
оны кептіретін мақтаға беретін газ секілді ортаны жылу тасушы деп атайды.
Кептіргіштегі жылу тасушының және шитті мақтаның қозғалыс бағытына
байланысты кептіргіштер бір бағытты ( шитті мақтамен жылу тасушының
бағыттары бір) және қарама - қарсы бағытты (шитті мақтамен жылу тасушының
бағыттары бір – біріне қарама қарсы) жұмыс істейтін болады. Кептіргіштің әр
түрлі бөліктеріндегі жылу тасушының жағдайы мыналармен сипатталады:
температура, салыстырмалы ылғалдылық, ылғал мөлшерлігі және жылу
мөлшерлігі.
Бұл цех ылғал шитті мақтаны кептіруге және де майда ластауыштардан
тазалауға арналған . Кептіру – тазалау цехына келесі технологиялық
жабдықтарды орналастырамыз:
Мақта кептіргіштерінің қызметі

Мақта зауыттарындағы және мақта дайындау пункттеріндегі мақта
кептіргіштері шитті-мақтаны колхоздар мен совхоздардан қабылдаған
кезде кондиционды ылғалдылыққа дейін кептіруге және мақта заводының
үздіксіз технологиялық процесінде шитті-мақтаны қосымша технологиялық
ылғалдылыққа дейін ( қоқыстың тиімді бөлінуі үшін және жоғары
сапалы талшық алынуы үшін) кептіруге арналған.

Мақта кептіргіштеріне қойылатын технологиялық талаптар
Кептіргіште жылумен және механикалық органдармен әсер еткенде
мақта талшығы мен шитінің бұзылуы болмау керек. Кептірген кезде
талшық 373-378оК-нен жоғары, егілетін шиттер 328-333оК-нен жоғары
және техникалық шиттер 338-343оК-нен жоғары қызбауы керек. Кептіру
процесі үздіксіз болуы керек, реттелетін жоғары ылғал алуы және
біртегіс кептіруі керек. Кептіргіш конструкциясына кептіру мен шитті-
мақтаны лас қоспадан тазалауының бірігуіне жол беріледі. Шитті-
мақтаны тиеу мен түсіру механикаландырылуы, ал кептіру режимінің
берілген шарттарын ұстап тұру автоматтандырылуы қажет.

Мақта кептіргіштерінің классификациясы
Шитті-мақтаға жылуды әкелуі бойынша кептіргіштер конвекивті,
контактілі және аралас деп бөлінеді;
жұмыс циклының құрылымы бойынша – периодты және үздіксіз жұмыс
істейтіндерге;
шитті-мақтаға байланысты жылутасушы қозғалысының бағыты бойынша
– бір бағытты және қарсы бағытты кептіргіштерге.
Конструкциясы бойынша кептіргіштер аэрофонтанды, таспалы,
камералы, мұнаралы және барабанды болып бөлінеді.
Қызметі бойынша технологиялық процесте кептіргіштер шитті-
мақтаны кондиционды ылғалдылыққа дейін кептіру үшін кондиционды
кептіргіш және технологиялық ылғалдылыққа дейін кептіру үшін
технологиялық кептіргіш болып бөлінеді. [1]

2СБ – 10 кептіру барабаны
Ылғалдылығы жоғары шитті мақтаны кептіруге арналған. Пайдаланғанда
сенімді болып саналады. Оның өнімділігі шикізаттың ылғалдылығына
байланысты. Кептіру агенті ретінде ысыту бөлімінен вентилятор немесе
калорифер арқалы берілетін ыстық ауа қолданылады. Басқа кептіргіштерге
қарағанда металл аз кетеді, шит пен талшықтан ылғалды бірдей алады,
талшықты күйдірмейді және оның қасиетін сақтайды.

Қырғышты сепаратор СС – 15А
Шитті мақтаның пневмотасымалдау құрылғысынан келесі жабдыққа тиеуге
арналған. Сонымен бірге мұнда мақтадан шаң және майда ластауыштардан
тазалауда жүреді. Сепаратор толық металдан жасалған, пайдалануда сенімді,
үлкен өнімділікте 15 тсағ жұмыс істейді.

Шнекті тазалағыш 6А - 12М1
Үздіксіз технологиялық ағында шитті мақтадан майда ластауыштарды
тазалауға арналған. Конструкциясы қарапайым, пайдалануда сенімді, тазалау
тиімділігі жоғары 60 % - ке дейін болып келеді. Өнімділігі 6 тсағ.

Пневматикалық тас ұстағыш 2 ЧТЛ – 12
Құрылғы шитті мақтадан ауыр қоспаларды ажыратуға арналған. Тас
ұстағыш сызықты, кептіру – тазалау цехы процесінің алдында пневмотасымалдау
жүйесіне құрылады. Өнімділігі 12 тсағ.
Кептіру - тазалау цехының ішінде шитті мақтаны тасымалдау үшін 4 ПТС
және 8 ТХС маркалы тасымалдағыштар, ШХ шитті бурандалы конвейер ЭХ – 15
және ЭС – 14 С элеваторы қолданылады.

ІІ Тазалау цехы

Мақта тазалау зауыттарында шитті мақтаны ластауыштардан толық
тазартуға арналған цех - тазалау цехы. Бұл цехта шикізатты келесі процесс
джинирлеуге дайындайды. Тазалау цехында ірі қиқым – қоқыстан тазалау
процесі жүреді.
“Мехнат” ірі ластауыштардан тазалағыш үздіксіз технологиялық ағында
майда және ірі қиқым – қоқыстан тазалауға арналған. Тазалау цехында
“Мехнат” тазалағышының батария бойынша әр бірінде 6 – 8 мәшинеден
орналастырады. Болт тазалағыш ірі ластауыштар бойынша тазалау тиімділігі
жоғарылығымен 85 – 90 % дейін ерекшеленеді. Мәшине өнімділігі 3,5 тсағ.

ІІІ Бас ғимарат
а) джинді – линтерлеу бөлімі
Мақта тазалау зауытының бұл бөлімінде негізгі технологиялық процесс
джинирлеу және линтерлеу өтеді, яғни кәсіпорынның дайын өнімі ретінде
саналатын шит, талшық және линт аламыз. Негізгі технологиялық жабдықтарға
төмендегілер кіреді:

ПД маркалы қоректендіргіш
Бір барабанды ПД қоректендіргіші шитті мақта джиннің жұмысшы
камерасына бір тегіс беруді қамтамасыз етеді және де қалған ластауыштарды
да тазартады. Мәшине өнімділігі 3,5 тсағ. Тазалау тиімділігі 8 – 10 %.

Аралы джин
Орта талшықты шитті мақтаны талшық пен шитке ажыратуға арналған.
Өзгертілген профилі және үлкейтілген көлемдегі жұмысшы камерасы джинирлеу
процесін жақсы өткізуін қамтамасыз етеді. Бірінші сыртты өңдеу кезде
өнімділігі 1100 тсағ дейін жетеді. Үлік ажырату тиімділігі 30 % - ке дейін
жетеді.

Көп секциялы талшық тазалағыш
Зауыттың үздіксіз технологиялық процесінде талшықтан ластауыштарды
үлікті тазалауға арналған мәшине. Бұрынғы шығарылған мәшинелерге қарағанда
3 ОВПА мәшинесі үлкен тазалау эффектісімен және талшықтың сапасын сақтаумен
ерекшеленеді. Өнімділігі 1,5 тсағ. Тазалау тиімділігі 45 %.

5 ЛП аралы линтері
Линтер мақта шитінен бірінші, екінші және үшінші линтерлеу, яғни линт
ажырату үшін қызмет етеді. Мәшине бұрынғы шығарылып жатқан линтерлеуден
үлкен өнімділіктілігі мен өңделіп шыққан линттің төмен ластығымен
ерекшеленеді. Шит бойынша линтті 2 – 3 % ажыратқандағы өнімділігі 1550
тсағ. Үлік шығыны 30 %.

УСМ маркалы шит тазалағыш
Бұл мәшиненің функциясы мақта шитті линтерлеуден алдын ауыр және
жеңіл қоспалардан, бос шиттерден тазалауға арналған. Конструкциясы
қарапайымдылығымен және пайдалану сенімділігімен ерекшеленеді. Өнімділігі
7 тсағ. Ауыр қоспалардан тазалау тиімділігі 100 %, ал майда қоспалар
бойынша 20 – 25 %.

ДСХ – 150 М маркалы шит ажыратуға арналған автоматты таразылар
Мақта тазалау зауытының дайын өнімі ретінде шиттің жалпы массасын
бақылап, салмағын анықтауға арналған. Жоғарыда айтылған технологиялық
жабдықтардан басқа джинирлеу – линтерлеу бөлімінде тарқатқыш, тасымалдау
және шитті мақта үшін көмекші құрылғылар орналасқан.

Нығыздау бөлімі
Бас корпустың бұл бөлімінде дайын өнімдерді – талшық, линт, мамық
қалдықтарын гидравликалық нығыздағыштар көмегімен пакеттеп будалайды.
Осыдан нығыздалған будалар матамен қапталады және арнайы сыммен, бандажбен
байланады.
Нығыздау цехында келесі жабдықтар құрылған:

Талшық конденсоры
Талшықты тасымалдаушы ауадан ажыратуға және қопсытылып тұрған
талшықты алғаш нығыздауға арналған. Жоғары өнімділігі мен жетілдірілген
тораптар мен бөлшектердің конструкциясымен ерекшеленеді. Өнімділігі 5
тсағ. Талшық массасы конденсордан 12 тм3 болып шығады.
Линт конденсоры
Бұл мәшине линтті тасымалдаушы ауадан ажыратуға және қопсытылып
тұрған линтті алғашқы нығыздауға арналған. Шлюзді жапқыш құрылғысы
орналасқандықтан гереметикалық және сенімді. Мәшине өнімділігі 700 тсағ.

Д – 8237 нығыздау құрылғысы
Нығыздау құрылғысының комплектісіне мыналар кіреді: УТВ маркалы
механикалық таптағыштар, Д – 8237 маркалы гидравликалық нығыздағышы;
жоғары, орташа және төменгі қысым дәрежесіндегі үш плунжерлі гидротаптағыш.

Механикалық таптағыш
Престеу жәшігіне конденсордан келіп түсетін линт немесе талшықты
алдын – ала таптап – нығыздау функциясын атқарады, сонымен қатар талшық пен
линттің жәшікке түсу мөлшерін бақылап отырады.

Д – 8237 гидравликалық нығыздағышы
Мақта зауытының дайын өнімі будалауға арналған нығыздағыштың
өнімділігі 20 будасағ, будалардың орташа салмағы 210 – 220 т. Негізгі
цилиндрдің плунжері 3 сатыда жұмыс істейді.
Олардың жұмысшы қысымы мынадай:
І – дәреже – МВН маркалы, бурандалы 25 кг*ссм2
ІІ – дәреже – ГА – 347 маркалы, плунжерлі 100 кг*ссм2
ІІІ – дәреже – Г – 364 маркалы, плунжерлі 320 кг*ссм2 дейін.
Талшық қалдықтарын өндейтін цех
Мақта тазалау зауытының көмекші цехының бірі болып қалдықтарды өңдеу
цехы болып саналады. Мұнда үлік, шығындылар мамықтардан қалған талшықтарды
ажырату функциясы жүреді. Цехта төмендегі жабдықтар орналасқан:
- КВ – 0,3 талшық конденсоры,
- РОВ талшық шығындыларының регенераторы,
- ОВМ талшық материалдарын тазалағыш,
- Камералы – барабанды сүзгіш және т.б.
IV Егіндік шитті өңдейтін цех

Егіндік шитті егуге дайындауға мыналар жатады: тазалау, жалағаштау –
мамықсыздандыру, калибрлеу және улы химикаттармен өңдеу мәшинелері арқылы
өтеді:
-УСМ шит тазалағышы;
- 4 СОМ мақта шитін тазалағыш және т.б.

4. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ НОРМАЛАУ

Мақта өндірісінде автоматтандыруға үлкен көңіл аударады. Себебі
технологиялық процесс күрделілігі, оның режимінің бұзылуы, жұмыс шартының
зияндылығы, жану – жарылу қауіптілігі сияқты параметрлер адам денсаулығына
зиян келтіруі мүмкін және осыларды автоматтандыру әдісімен еңбек шартын
оңайлатуға мүмкіндік болады.
Өндірісті механизициялау автоматтандыру арқылы оның өнімділігі,
еңбекшілер санына қол күшін жұмсайтын жұмысшыларға жақсы әсерін тигізуге
толық мүмкіндік туады.
Автоматтандыру өндірісінің негізгі көрсеткіштерінің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік жасайды. Мысалы: санын көбейтуге, сапасын жақсартуға
және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға.
Технологиялық процестерге жетілдірілген автоматтандыру енгізу арқылы
өндіріс қауіптілігін төмендету, жарақат алу жағдайын жоямыз және қоршаған
ортаға зияндылықтарды бөлмеуге үлкен үлес қосамыз.

Бақылау, реттеу және сигнализациялау көрсеткіштерін таңдау және талдау

Бақылауды қажет ететін параметрлер: технологиялық процестерді
оперативті басқару жүретін, қосатын, тоқтататын параметрлер. Бұл
параметрлерге барлық режимді және шығу параметрлері жатады.
Технологиялық картада көрсетілген мәндері бар параметрлер қажетті
түрде бақылауда болу керек.
Реттеу параметрлері процесс өзгергенде өзгеретін параметрлер.
Сигнализацияны талап ететін параметрлер мыналар:
Олардың шекті мәніне жеткенде жану – жарылуға, жабдықтың істен шығуға,
ақауды шығаруға алып келетін параметрлер. Линтерлеу процесінде негізінен
бақылауға және реттеуге алынатын технологиялық параметрлер мыналар:
- линт тарқатқышқа жұмсалатын ауа қысымын өлшеу;
- линтерлеуге жұмсалатын ауа шығынын, өлшемін реттеу;
- соруды ескергенде линтерлер батареясындағы жұмсалатын ауа шығынын
өлшеп, реттеу;
- конденсор арқылы ауа сорылғандағыны ескеріп, жалпы ауа шығымын өлшеп,
реттеу.

Автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдау және талдау

Құбырдағы толық қысымды өлшеу үшін біз алғашқы параметрлерді
пайдалана отырып М1Д – типті монометрді таңдадым. Бұл аспаптың дәлдік класы
– 2,5 және орналасу жағдайы бізге өте қолайлы.
Бұл аспап қоршаған орта параметрлері, температура – 500 С – тан +
600 С – қа дейін, салыстырмалы ылғалдылығы 80 % жағдайында жұмыс істей
алады.
Ол бізге тура келеді және пайдалануда өте ыңғайлы, қарапайым,
сенімді болып келеді. Линт шығу қуысындағы ауа шығуын реттеу үшін ДК6 типті
диафрагмасының шартты өткелінің диаметрі 350 мм, шартты қысымы 0,6 МПа.
Өлшемді түрлендіріп бергіш “Сапфир – 22 ДА” өлшем құралының өлшем
шегі диафрагмамен бірдей, шығу сигналы 0 – 15 МА, моделі 2030, ауытқуға
0,5 %. Аналогты прибор ретінде А 682 – 002 типті он екі канал
бойынша өлшейтін құралды таңдаймыз.
Өлшемдегі ауытқуы 0,25 – 0,5 % - тен аспайды. Келесі соруды
ескергендегі линтерлер батареясының ауа шығыны, конденсор арқылы ауа
сорылғандағы ескергендегі жалпы шығынды өлшеу – реттеуге жоғарыдағы ДК6
диафрагмасын, “Сапфир – 22 ДА” түрлендіргішін, А 682 – 002 аналогты
приборын қолданамыз. Ортадан тепкіш және сору вентиляторының
электрқозғалтқышын басқаруға кнопкалы өшіргіш КУ 183 – 12 типті және ПМБ –
122 типті магнитті қосқыш аспабын таңдадым. Бұл таңдалған приборлар қолдану
кезінде құрылымы қарапайым, дәлдік класы жоғары, көлемі ықшам болғандықтан
қолданамыз.

4. 1 кесте

ПозицтяПриборларПрибор- Өлшем Прибор Жасаушы Ба-ғасСаны
сы мен лардың бірлігдың коды зауыт коды ы
құрал- типі і
дардың және
аталуы маркасы
және
техникалы
қ
сипаттама
сы
Линтерл Т=220С
еу Д III II В W=80% II-В 50 м
цехы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Инвестициялардың жіктелуі
Ақшалай бағалы қағаз
Макарон өнімдерін өндіру желісіндегі пресс жабдығын жөндеу
Макарон өнімдерінің қазіргі кездегі технологиясы
Өндірісті құрамдастыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау, өндірісті шоғырландыру
Гибберилиндердің микробиологиялық өндірісі
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі
Қара бидай наны
Макаронды өнімдерді қалыпқа келтіру, кептіру, қаптау, сақтау жайлы ақпарат
Пәндер