Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Лекция 13
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
1.1. Қазақстандағы тарих ғылымының жаңа ақпараттық - инновациялық үлгіде дамуы
1.2 Елбасының Халық тарих толықынында тарихи зерттеулерге бағытталған бағдараламасы және оның тарихи маңызы
1.3. ХХ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру (Н.А.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы б зарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ойынша)
1.4. Таяу жылдағы міндеттер. (Н.А.Набағдарламалық мақаласы бойынша)

Қазақстан тарихы ғылымы - дүние жүзі халықтары тарихының бір саласы.
Өз бастауларын алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жартастар мен үңгірлерде салынған суреттерден, кейінгі құл иеленушілік қоғам тұсындағы тасқа жазылған сына жазулардан алады (Есік обасы). Авестада, Ахемен әулеті тұсындағы парсы деректерінде (Бехистун жазуы, т.б.), Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың (Тарих), т.б. ежелгі дәуір авторларының еңбектерінде қазақ жерін мекендеген сақтар, турлар, дайлар, исседондар, т.б. тайпалар жөнінде, олардың Ассириямен, Мидиямен, Иранмен байланыстары және Кир, І-Дарий, А.Македонский әскерлерімен соғыстары жайында аса құнды жазба деректер бар. Б.з.б. 2 ғ-дағы Қытай деректері (елшілерден, саудагерлерден, миссионерлерден алынған) Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Сыма Цянның (б.з.б. 145 - 86) Тарихи жазбалар еңбегі аса құнды. Онда ғұндардың, үйсіндер мен қаңлылардың тұрмыс-тіршілігі, саяси құрылымдары және Батысқа қоныс аударуы жөнінде көптеген мәліметтер берілген. Осы кезде басталған (б.з.б. 2 ғ.) Қытайдан Орт. Азия арқылы Жерорта т. елдеріне жеткізетін Ұлы Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік құрған тұсқа (618 - 907) сай келеді. Бұл тұстағы Қытай тарихшылары жазған жылнамаларда түркі қағандықтары, олардың тұрмыс жағдайы, әскери күш-қуаты мен жүргізген соғыстары, түргештер, қарлұқтар, т.б. ұлыстар мен тайпалық одақтар туралы деректер көп. Қытай деректері көбіне сыңаржақты жазылғандығына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде аса құнды деп бағаланады. 6 - 8 ғ-ларда тасқа басылған көне түркі жазба ескерткіштері түркі қағандықтары (Күлтегін жазуы, Білге қаған ескерткіші, т.б.), түргештер, қарлұқтар, оғыздар,қыпшақтар, ұйғырлар, қырғыздар, басмылдар, т.б. жөнінде нақты мәліметтер көп. Ежелгі түркі ескерткіштері, сондай-ақ сол кезеңдегі Қазақстанның тарихи географиясын анықтауда да шешуші рөл атқарады. Ислам дінінің таралуы мен Араб халифатының күшеюі нәтижесінде 9 - 14 ғ-ларда араб саяхатшылары мен ғалымдары Қазақстан мен Орт. Азияны мекендеген түркі ұлыстары жөнінде толып жатқан жазба деректерін қалдырды. Атап айтқанда, ат-Табари (9 ғ.) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Тамим ибн Бахр (9 ғ.) Ертіс аңғарындағы қимақтар, ибн Хордадбех (9 ғ.) Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстар жөнінде құнды деректер береді.
20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап Қазақстан қоғамы шетелдік ғыл.-зерт. орт-тарының назарына ілікті. Қазіргі кезде ондай орт-тар Еуропа (Германия, Франция, т.б.), АҚШ, Жапония, Қытай, кейбір мұсылман елдерінде орналасқан. Бұл орталықтар, әсіресе, КСРО тұсында көбінесе бір жақты еңбектер (антикоммунистік бағытта) жазды. Дегенмен, олар өз еңбектерінде Кеңес Одағында пайдалануға тыйым салынған авторлар мен олардың шығармаларын кеңінен қолданды әрі Қазақстанды Ресейдің отарлауы, Азамат соғысының шындығы, 1930 - 32 ж. ашаршылық, 1937 - 38 ж. қуғын-сүргін, ұжымдастыру, фашизмге қарсы соғыс, тың игеру, т.б. тақырыптарда неғұрлым өнімді еңбек етті. Р.Конквест, Э.Бэкон, Л.Крадер, А.Хадсон, М.Олкотт, Р.Пирс, Э.Саркисянц, А.Боджер, А.Беннигсен, т.б. шет ел ғалымдары Қазақстан және қазақтар тақырыбында қалам тартты. Бұған қоса шет елдегі қазақ тарихшылары (Қытай, Түркия, Еуропа елдеріндегі) Қазақстан тарихына байланысты көптеген еңбектер жазды. Г.Ф.Дахшлейгер, Д.Дулатова, К.Есмағамбетов, Ж.Қасымбаев, Пищулина, Қозыбаев және И.В.Ерофееваның 1970 - 90 жылдарда жарияланған нақтылы-тарихи және тарихнамалық зерттеулерінде қазақ хандығының құрылуы мен дамуының, 18 ғ-дың 40 - 80-жылдарындағы отандық тарих, ең алдымен, Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары шығарылды. 20 ғ-дың 60 - 80-жылдарында жарық көрген Е.Ділмұхамедов, Е.Бекмұхамедов, М.Асылбеков еңбектерінде, сол сияқты кейінгі кезде жарияланған Б.Аяған, С.Игібаев, В.Ғалиев, т.б. шығармаларында 19 - 20 ғ-лардағы Қазақстанның инфрақұрылымдары және қоғамдық-саяси, мәдени жүйесінің даму эволюциясы зерттелді. Қозыбаев өзінің 20 ғ-дың 80-жылдарының соңынан бастап жариялаған топтама еңбектерінде Қазақстан тарихының ақтаңдақ мәселелерінің, жабық тақырыптардың зерттелуіне, өз бағаларын алуларына күш салды. Әсіресе, ұлт-азаттық қозғалыстар, кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихының шындығы Қозыбаев зерттеулерінің басты нысандарына айналды. Алаш қозғалысының мәселелері 1990 - 2000 ж. М.Қойгелдиев, К.Нұрпейіс, Д.Аманжолова монографияларында жан-жақты сөз болды. Мыс., Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы атты еңбегінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты мәселелер кең ауқымда қарастырылған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі, қазақ зиялыларының жан-жақты қоғамдық-саяси қызметі, Алашорда өкіметінің құрылуы талданды. Нұрпейістің Алаш һәм Алашорда еңбегі алаш қозғалысының бастауларына, монархия құлатылғаннан кейінгі, Кеңес өкіметі және Азамат соғысы жылдарындағы Алашорда өкіметінің жағдайына, оның Кеңес өкіметімен қарым-қатынасына қатысты мәселелерді қамтыды. Ресейлік түркілердің, туған халқының тәуелсіздігі үшін шет елде жүргізген қоғамдық-саяси қызметіне арналған Шоқайдың шығарм. мұрасын насихаттауға Б.Садықова, Б.Дәрімбет, С.Шілдебай, Д.Қамзабекұлы, А.Нүсіпхан зерттеулер жазды. 20 ғ-дың 20 - 30-жылдарындағы қазақтардың дәстүрлі өмір сүру салтының бұзылуы, ұжымдастыру, түрлі көтерілістер, ауа көшушілік, диаспора мәселелері Ж.Абылхожин, Т.Омарбеков, Қ.Алдажұманов, Г.Меңдіқұлова, З.Қинаятұлы еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл. айналымға енгізіп, оларды негізгі дерек көздерінің қатарына қосу мәселесі Қ.Атабаев, Ж.Артықбаев, Ж.Қадыртаева еңбектерінде зерттелді. Қазақстандық археологтар (К.Байпақов, З.Самашев, М.Елеуов, С.Жолдасбаев,Ж.Таймағанбетов, С.Әжіғали, т.б.) республиканың түпкір-түпкірінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның әскери тарихы да кеңінен зерттеле бастады. Әскери тарих саласында Белан, К.Аманжолов, А.Тасболатов, т.б. көп зерттеулер жүргізді. Көптеген тарихшылар шет елдердегі архивтерде (Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа және кейбір мұсылман елдері) жұмыс істеп қайтты. АҚШ-тағы Стэнфорд ун-тінің архивінде Аяған, Қытай архивтерінде Хафизова, Қ.Салғарин зерттеулер жүргізді. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнол. ин-ты, 1991 ж. одан бөлініп шыққан Археол. ин-тының ғалымдары Қазақстанды археол. тұрғыдан кешенді зерттеу жұмыстарын жалғастырды. 1996 жылдан бастап ҚР Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнол. ин-ты мен Археол. ин-тының ұжымдары, респ-ның кейбір жоғары оқу орындарының қоғамтанушы ғалымдарымен бірлесе отырып дайындаған Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі академиялық бес томдық тарихы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Жекелеген тарихшылар тәуелсіздік жағдайына орайластырып, орта мектептер мен жоғары оқу орындары үшін оқулықтар дайындап, жариялады.

Халық тарих толқынында мемлекеттік бағдарламасы бойынша Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Жабай Нұрмақұлы Қалиев Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты (1991-2013 жж.) және Этносаралық қатынастың Қазақстандық үлгісі: тарихи аспект (1991-2016 жж.) тақырыптары бойынша және Жас тарихшылардың Республикалық қауымдастығы ҚБ мүшесі, докторант Еркін Ерланыұлы Рахметуллин Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі тақырыптарындағы ғылыми жобаларын жүзеге асыруға байланысты іссапарға барып қайтты.
Олар 2015 жылдың 18-24 қазан аралығында Алматы қаласында ғылыми іссапарда болдық. Іссапар мақсаты - Халық тарих толқынында бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ұлт Көшбасшысы және тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты және Жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі атты ғылыми жобалары бойынша мұрағат құжаттары мен кітапхана қорларындағы деректерді жинау болатын. Осыған орай Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорларында құжаттармен жұмыс жасадық. Іссапар мақсаты Қазақстан Республикасы Президент Мұрағатындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңін қамтитын қорлармен жұмыс жасау болды. Атап айтар болсақ, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрықтары, Заңдары, жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылған 5-Н қордың 1 және 7 тізімімен жұмыс жасады. Мәселен, 5-Н қоры, 1 тізім, 277 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ тілі қоғамының республикалық екінші құрылтайында сөйлеген сөзі, 1992 жыл, 28 қараша), 278 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың студент және шығармашыл жастармен кездесуінде сөйлеген сөзі, 1992, қараша), 1205 (Тарихи тұлғалардың мерейтойларын өткізу жөніндегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулыларын орныдау жөніндегі құжаттар), 1796 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзі, 1993 жыл, 10 сәуір, Түркістан), 3378 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тарихи зерде кешіндегі сөйлеген сөзі, Республика сарайы, 1994 жыл, 14 желтоқсан), 5018 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген сөзі), 5024 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылдың 22 сәуірінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа мәжілісінде сөйлеген сөзі), 5050 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 спессиясында сөйлеген сөзі), 5051 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңТәуелсіздік күніне арналған жиында сөйлеген сөзі, 1995 жыл, 16 желтоқсан), 5053 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның шығармашылық жастары өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзі), 5802 (Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың 11 қазанында Ақмола қаласының жастарымен болған кездесуінің стенограмасы) істері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғалымдар залы мен диссертация бөлімінде тақарыпқа сай жұмыстар атқаралды.
1.3. ХХ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру (Н.А.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы б зарбаевтың
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім.
Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.Сол себепті, Цифрлы Қазақстан, Үш тілде білім беру, Мәдени және конфессияаралық келісім сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz