Аффикстің түрлері, олардың атқаратын қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  • Кіріспе бөлім:

Жалпы «аффикс» дегеніміз не?

  • Негізгі бөлім:

Аффикстің түрлері, олардың атқаратын қызметі

  • Қорытынды

Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір морфемаға жалғанып қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар деп аталады

Деривациялық (сөз тудырушы аффикс) -дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір морфемадан

сөз жасайтын аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейді

Реляциялық аффикс

(сөз түрлендіруші аффикс) -сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады

Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екі үлкен топқа бөлінеді де, әрбір жеке тілде олар сол тілдің грамматикалық құрылысының ерекшелігіне орай бірнеше түрге ажыратылуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде көмекші морфемалар немесе аффикстердің префикс, суффикс, флексия (немесе окончание) деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс деп аталатын морфема түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тіліңде, жұрнақ деп аталатын морфемаға сәйкес келеді де, түбірден соң жалғанады. Орыс тіліндегі суффикстермен барабар қызмет атқаратын көмекші морфема - префикс. Суффикстер түбірден соң жалғанса, префикстер түбірдің алдында тұрады. Түркі тілдерінде орыс тіліндегі тәрізді префикстер жоқ. Түркі тілдерінің бірі - қазақ тілінде беймаза, беймезгіл, бейтаныс, бейтарап, бейуақ, бейхабар, бейшара тәрізді сөздердің құрамында иран тілдерінен енген -бей префиксі ұшырасады, бірақ ол қазақ тілінде префикс ретінде қызмет атқара алмайды, аталған сөздердің құрамында ғана қолданылып, бұл сөздер белшектенбейтін бір тұтас сөздер ретінде ұғынылады.

Көмекші немесе аффикстік морфемалардың бірі - инфикс.

Инфикс - сөз тудыруда немесе сөз түрлендіруде түбірдің ішіне қойылатын морфема.

Инфикс латын тілінде, тагаль тілінде (индонезия тілдерінің тобына енетін тіл) ұшырасады.

Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар:

C:\Users\user\Downloads\загрузка (1).png

C:\Users\user\Downloads\загрузка (2).png

Форма тудырушы жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтардан формасы басқаша болады. Сөз тудырушы жұрнақтар жалғанған сөзінің мағынасын өзгертіп, онан мүлдем жаңа мағынаны білдіретін басқа бір туынды сөз жасаса (мысалы:қой-«төрт-түлік малдың бірі», қойшы-«қой бағатын адам, шопан»), форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне сәл ғана қосымша мағына үстейді. Екінші сөзбен айтқанда, Фома тудырушы жұрнақ жалғанған сөзінің мағынасын бұзбайды, өзгертейді, түбірден лексикалық мағынасы басқа, жаңа лек. (жаңа сөз) тудыра алмайды.

Мысалы: кел деген етістікке форма тудырушы әртүрлі жұрнақтардың жалғануынан оның (кел етістігінің) мынадай формадалары жасалады:келер, келмес, келген, келетін, келмек, келіп, келгелі, келсе, келгей және т. б

Бұл етістіктердің құрамындағы жұрнақтар кел деген түбір ет. негізгі лексикалық мағынасын мүлдем өзгертіп тұрған жоқ. Етістіктің мысалға келтірілген туынды формаларынын мағынасы кел деген түбір етістік негізгі лексика-семантикалық қазығынан да алшақтап кетпеген. Келер, келмес, келген, келетін, келмек, келіп, келгелі, келсе, келгей деген формалар кел деген етістіктің әр түрлі грамматикалық формалары, атап айтқанда, есімше, көсемше, рай формалары ретінде танылады.

2. Жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған туынды сөз бір тұтас сөз, яғни бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады Мұндай туынды сөздің құрамындағы негізгі морфема (түбір) мен көмекші морфема немесе аффикстік морфема (жұр- нак) бір-біріне қиюласа кірігіп кетеді де, жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған туынды сөз бір тұтастық, бүтіндік қасиетін жоймайды, бір тұтас лексикалық единица ретінде қолданылады. Мысалы, жиын, жина, жиналыс; өндір, өндіріс, өнім, өнімді деген сөздердің әрқайсысы негізгі (түбір) морфема мен көмекші (аффикстік) морфемалардың қосындысынан құралғанымен, тұтас лексикалық единица - бір бүтін сөздер ретінде ұғынылады және колданылады Бұлай болатындығы мынадан: сөз лексикалық единица ретінде өзінің тұтастылық қаснетін әр уақытта сақтайды. Түтастылық қасиетін бір ғана негізгі морфемадан құралған түбір сөзге де, негізгі морфема мен көмекші морфеманың бір түрі - жұрнақтың қосындысынан жасалған туынды сөзге де тән. Қарым -қатынас жасау процесінде түбір сөздерді ғана емес, туынды сөздерді де бір тұтас, бір бүтін лексикалық единицалар ретінде қолданамыз және оларды бір тұтас сөздер түрінде ұғынып, қандай морфемалардан құрылғанына назар аударып жатпаймыз.

Ал аффикстік морфемалардың екінші түрі - жалғаулар жалғанған сөздің құрамындағы негізгі морфема (түбір) мен көмекші морфеманың (жалғаудың) мағыналары бір-біріне жымдаса кірігіп кетпейді, аффикстік морфеманың (жалғаудың) сөзге жалғанып, сор ілесіп жүрген қосалқы элементі екені аңғары- бір-біріне әбден кірігіп, бір тұтас лексикалық единица ретінде ұғынылса, жалғаулар сөздердің түбіріне немесе негізіне сіңісіп кетпей. жай ғана селбесіп, қосақталған элемент ретінде ұғынылады. Жалғаулардың сөздің түбіріне мағыналық жақтан кірігуі және онымен байланысы, жұрнақтарға қарағанда анағұрлым сол- тын, әлсіз. Сонымен, көмекші немесе аффикстік морфемалар мағыналары мен атқаратын қызметі жағынан түрлі-түрлі болады. Олардың түрлері бір-бірінен жоғарыда аталған белгілері мен қа- сиеттері жағынан ажыратылады.

Тіл-тілде сөздер бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түсуіне қарай омонимдес сөздер, синонимдес сөздер және антонимдес сөздер болып топталады.

1. Омонимдес аффикстер. Бір түбірден кемінде екі сөз тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен қызметі басқа-басқа аффикстер омонимдес аффикстер деп аталады. Омонимдес аффикстердің қатарына етістіктің -т (-ыт, -іт) жұрнағы мен зат есімнің де жұрнағы енеді. Мысалы, құмарт, сейілт, шырамыт, қарауыт, қырауыт, мұнарт, кеңіт деген сөздердің құрамындағы -т (-ыт, -іт) аффиксі-етістіктің жұрнағы болса, бөгет, шабыт, іркіт, сырқат тәрізді сөздердің құрамындағы -т (-ыт, -іт) аффиксі-зат есімдердің жұрнағы. Бұл жұрнақтарға омонимдес болып келетін тағы бір жұрнақ бар, ол -өзгелік етістің -т (-ыт, -іт) жұрнағы. Мысалы:бұра-т, құра-т, қуан-т, сұра-т, тарыл-т, жина-т, суал-т және т. б.

Етістіктің -н (-ын, -ін) жұрнағы мен зат есімнің -н (-ын, -ін) жұрнағы да омонимдес аффикстер ретінде танылуға қажет. Мысалы:шегін, талпын деген

сөздердің құрамындағы -ын (-ін) жұрнағы зат есімнен етістік тудыратын жұрнақ болса, толқын, боран, сауын, жиын, шығын, түйін, егін, жұғын, тығын, жауын, ағын, тігін деген сөздердің құрамындағы -н (-ын, -ін) жұрнағы-етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұрнақ және оның түрлері
Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары
Көpкем шығаpма тiліндегі қoс фyнкциялы жұpнақтардың қолдaнылуы
Қазіргі қазақ тіліндегі есімше категориясы
Аффикстердің түрлері, жүйесі
Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері
Қазақ тілі мен түркі тіліндегі жалғауларды мысалдар арқылы салыстыру
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Сын есім
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz