Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану: институттар, үрдістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
SILKWAY Халықаралық Университеті

Эссе
Тақырып: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану: институттар мен үрдістер.

Дайындады:Халматваева Н
Қабылдады: Кемельбеков Қ.

2020
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Социологтар "институт" ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт" терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция" термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт" ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір бойы жалғасатын әлеуметтану:институттар мен үрдістер
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Вильфредо Парето, Фердинанд Теннис және Георг Зиммельдің социологиялық ойлары
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әлеуметтану
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Социология ғылымының деңгейлер
Социология ғылым ретінде
Пәндер