Төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының маңыздылығы
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті
Аграрлық техника және технология кафедрасы
ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: Төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының маңыздылығы. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері.
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен әлеуметтік қауіптер туралы мәлімет беру.
Төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарының маңыздылығы.
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай - адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
2) жергiлiктi жердiң коменданты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
3) жергiлiктi жердiң комендатурасы - төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;
4) коменданттық сағат - арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;
5) төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;
6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары - Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;
7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын, әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша енгізіледі, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган енгізеді.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады.
4. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.
5 Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган:
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу тәртібімен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгізілген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлік ұйымдары бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды тасымалдауға көлік ұйымдары материалдық құндылықтарды көрсеткен кезде алдын ала төлемсіз қабылдайды.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауға тиіс.
Жедел штабтар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жедел штабтар құрылады.
Осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган жедел штаб құрады, оның құрамына жедел штаб басшысының орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жедел штабтар "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады.
2. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдары пайдаланыла отырып, мемлекеттік органдардың бұрын бекіткен жоспарларына сәйкес, ал осы Заңның 1-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі мемлекеттік органдармен бұрын келісілген және жергілікті атқарушы органдар бекіткен жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер:
1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілерін және құралдарын пайдалануды шектеу;
3) қоғамдық тәртіптің сақталуын, мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді және халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілерді күзетуді күшейту;
4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру;
5) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, күшті әсер ететін химиялық және улы заттардың саудасына шектеу қою немесе тыйым салу, дәрілік заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымына ерекше режим белгілеу қолданылуы мүмкін.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарының шекараларын жедел штабтың басшысы айқындайды.
Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың
шарттары, негіздері, тәртібі. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi
1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi.
2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:
1) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билiктi күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; жаппай тәртiпсiздiктерден, ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлердi, аса маңызды және стратегиялық объектiлердi қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды дайындаудан және олардың әрекетінен; қарулы бүліктен; диверсиядан; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық iс-әрекеттерден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар;
2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.
Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен және Парламентi палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.
2. Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге шаралар қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми баспа басылымдарында дереу жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығының мазмұны
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар;
2) төтенше жағдайды енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;
3) төтенше жағдай енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;
4) төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдар;
5) осы Заңға сәйкес енгiзiлетiн шаралардың және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеулердiң, сондай-ақ оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң тiзбесi;
6) төтенше жағдайды енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары және олардың өкiлеттiгi;
7) төтенше жағдай режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк органдар (лауазымды адамдар);
8) төтенше жағдайды енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады.
Төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi
1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында енгiзiлетiн төтенше жағдайдың күшiнде болу мерзiмi - 30 тәулiктен, ал оның жекелеген жерлерiнде 60 тәулiктен аспауға тиiс.
2. Төтенше жағдай енгiзiлген мерзiм өткеннен кейiн төтенше жағдай тоқтатылды деп есептеледi.
3. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi акт шығару арқылы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдер шегiнде оның қолданысын ұзартуға құқылы.
Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзiлген кезде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен Қазақстан Республикасының төтенше бюджетi енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру бұл жағдайда төтенше бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Төтенше бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.
Төтенше жағдайдың күшiн жою
1. Егер төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлар жойылған болса, Қазақстан Республикасының Президентi оның күшiн ол енгiзiлген мерзiм аяқталғанға дейiн толық немесе iшiнара жоюға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды толық немесе iшiнара жою жөнiндегi Жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.
Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары.Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету.
Төтенше жағдай кезеңiндегi мемлекеттiк басқарудың арнайы органдары
1. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi мәселелердi шұғыл шешу және iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк басқарудың төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi арнайы органдарын құруы мүмкiн, оларға:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;
2) жергiлiктi жердiң комендатурасы жатады.
2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актісімен құрылады.
Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
1. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:
1) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;
2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргізудi ұйымдастыру;
3) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегі қызметiн үйлестiру;
5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргізiлетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.
2. Негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2) Мемлекеттiк комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгiзiлген жергiліктi жерлердiң коменданттарын тыңдайды;
3) орталық және жергіліктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды орындауын бақылайды;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою мәселелерiн шешу үшiн талдамалық, сараптау және басқа да қажеттi жұмыстарды орындауға тартады;
6) осы Заңның 15, 16-баптарында көрсетiлген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi енгiзудің тиiмдiлiгiн қарайды. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайлар толық немесе iшiнара жойылған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне қосымша шаралардың, уақытша шектеулердiң немесе төтенше жағдайдың толық немесе ішінара күшiн жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ұйымдастыру
1. Мемлекеттік комиссия орталық, жергiлікті атқарушы органдардың өкілдерінен және төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерлердің коменданттарынан құрылады. Мемлекеттiк комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi және ол төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларға байланысты болады. Мемлекеттiк комиссия төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң және комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшiн тартылатын мамандардың жұмыс орындары мен негiзгі жұмыс орнындағы жалақысы сақталады.
2. Мемлекеттiк комиссияның отырыстарын қажеттілігіне қарай оның төрағасы шақырады, ал оның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
Отырыстың күн тәртiбiндегi әрбiр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Мемлекеттік комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi шешiмдi жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Мемлекеттiк комиссия өз құзыретiне сәйкес қабылдайтын шешiмдер орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының, жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz