Зақымдану ошақтарын барлау


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» Практикалық жұмыс №6 Тақырыбы: Зақымдану ошақтарын барлау.Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен зақымдану ошақтарын барлау туралы мәлімет беру.
Зақымдану ошақтарын барлау
Барлау Азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен күштерінің әрекеттерін қамтамасыз етудің аса маңызды түрі болып табылады. Ол төтенше жағдайлардан қорғау және зақымдаушы заманауи құралдарын қолдану ке-зіндегі құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде дер кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті мән-жай туралы мәліметтерді алу мақсатында алдын ала ұйым-дастырылады және жүргізіледі.
Барлауға қойылатын басты талаптар: үздіксіздік, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, алынған барлау мәлметтерінің кешіктірілмеуі мен дұрыстыгы болып табылады.
Барлаудың негізгі міндеттері:
- бейбіт уақыттағы күнделікті жағдайларда - мал шаруашылың өнімдерінің, ауаның, судың, топырақтың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және сыртқы ортаның басқа да нысандарының радиоактивті, химиялық, бакте-риологиялық уландырушы заттармен зақымдануына лабораториялық тексеріс пен үздіксіз бақылау жүргізу;
- қалалар мен басқа да елді мекендердің санитарлық-гигиеналың жай-күйі мен жануарлар орналасқан, жайылатын және су ішетін жерлердің эпизоотикалық жай-күйін анықтау;
- ауа мен егінде өсімдік ауруларын қоздырғыш споралардың бар екендігін анықтау;
- сыртқы орта объектілерінің радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық зақымдану деңгейлерін арттыру көздерін айқындау және оларға тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру;
- төтенше жағдайлар туу қаупін білдіретін белгілерді анықтау;
- бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда апат ошағы (ауданы) мен оның таралу бағытының шекараларын анықтау; *
- тікелей қатер төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді айқындау;
- адамдар шоғырланған жерлерді анықтау;
- құтқару жүмыстары жүргізілетін жерлерге техниканың келетін жолдарын белгілеу;
- ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жай-күйі мен оларда шұғыл көмекке мұқтаж зардап шегушілердің бар-жоғына көз жеткізу;
- технологиялық желілер мен коммуналды-техникалық тораптардағы апат орындарын, ондағы қирау деңгейлерін анықтау;
- алда тұрған құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, олардың жүргізу жағдайларын анықтау;
- техниканы, механикалық қүралдарды және т. б* қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстырған кезде сыртқы орта объектілерінің зақымдану деңгейіне зертханалық және үздіксіз бақылау жүргізу;
- эвакуацияланған және шоғырландырылған халық пен Азаматтық қорғаныс күштері орналасқан аудандардағы эпидимиялогиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайды анықтау;
- халықты шоғырландыру мен эвакуациялау және зақымданудың мүмкін болатын ошақтарына Азаматтық қорғаныс күштерін енгізу бағытындағы жолдардың, зақымданған құрылыстар мен су жолдарының жай-күйін нақтылау;
- заманауи құралдарды қолдану орнын, уақыты мен түрін анықтау, шабуылға ұшыраған аудандарды (объектілерді), олардың қирау дәрежесін анықтау;
- радиоактивті, химиялық және бактериялық зақымдануды табу;
- радиация деңгейлерін, уландырушы (күшті әсер етуші, улы) заттар үлгілері мен мөлшерлерін және бактериялық құралдар түрін, зақымдану аймақтарының шекаралары мен ластанған ауаның таралу бағытын анықтау;
- қозғалыс бағдарлары мен жол құрылыстарының жай-күйін анықтау;
- тосқауыл объектілері мен зақымдану аймақтарын іздестіру;
- зардап шегушілер аз шоғырланған жерлерді анықтау;
- экономика объектілерінің жай-күйін айқындау;
- қорғаныс құрылыстарын іздестіріп табу және ондағы адамдардың жай-күйін анықтау;
- коммуналдық-энергетикалық, техникалық тораптар мен байланыс желілеріндегі зақымданған жерлерді (учаскелерді) іздеп табу;
- өрт шыққан аудандарды және олардың таралу бағыттарын айқындау;
- Азаматтық қорғаныс күштері әрекет жасап жатқан аудандардағы мән-жайдың өзгерістеріне үздіксіз бақылау жүргізу;
- десанттардың түсу (лақтыру) орындарын және өрекет бағыты құрамынан қарсыластың диверсиялық - бақылау орындарын белгілеу.
Қолданылатын құралдар мен әрекет ету ортасына байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді:
- әуеден барлау;
- жер үстінен барлау;
- теміржолдан барлау;
- өзеннен (теңізден) барлау.
Әуеден барлау азаматтық авиацияның арнайы жабдықталған ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен бөлінген ұшақтар мен тікұшақтармен жүргізіледі. Экипаждар барлау тапсырмасын ұшақтар мен тікұшақтарға қондырылған радиолокациялық және телевизиялық аппаратуралардың, радиациялық барлау аспаптарының көмегімен көзбен шолу арқылы орындай-ды. Әуеден барлау аз уақыт ішінде апатты жағдайлардағы аудандардың жағдайын, ірі өндірістік апаттар мен опаттарды, ядролың жарылыстың эпицентрін, радиоактивті бұлт ізі бойынша және зақымдану ошақтарындағы радиация деңгейін, өрт және қиратулар сипатын, көпірлер, өткелдер экономика нысандарының, негізгі көлік магистральдарының, гидротехникалық құрылыстар мен басқа да нысандардың жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz