Төтенше және апаттық жағдайлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Практикалық жұмыс №7

Тақырыбы: Төтенше және апаттық жағдайлар.

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен сабақ туралы мәлімет беру.
Аппаттық жағдайдың түрлері және оның сипаттамасы
1. Аппаттық жағдайдың түрлері
2. Қолданылатын заңдар.
3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
4. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
1. Аппаттық жағдайдың түрлері
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ - үлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

2. Заңдар:
- Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Апаттық құтқару және басқа кауырт жұмыстар жүргізу және ұйымдастыру
Төтенше жағдайдағы құқықтық режим
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Талас өзенінің гидрологиялық сипаттамасы
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
Медицина қорғаныс құралдары
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Пәндер