Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» Практикалық жұмыс №8 Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды ұйымдастыру.

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды ұйымдастыру туралы мәлімет беру.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары Жалпы ережелер

Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың аумақтық-салалық қағидаттарына сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

Азаматтық қорғанысты жүргізуге дайындық "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған азаматтық қорғаныс іс-шараларын алдын ала орындау болып табылады.

Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар мына деңгейлер бойынша:

республикалық - еліміздің барлық аумағында;

аумақтық - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде;

объектілік - азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда ұйымдастырылады және жүргізіледі.

Салалық кіші жүйесінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар тиісті орталық атқарушы органдарымен ұйымдастырылады және өткізіледі.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының ұйымдастырылуына және жүргізілуіне әдістемелік басшылық ету азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) жүктеледі.

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы 10 - 20 қараша аралығында уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы 1 - 10 қараша аралығында уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары
Орындалуы туралы ақпарат
р/с
№: 1
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Субъектінің (объектінің) сипаттамасы, оның ішінде:

Орындалуы туралы ақпарат:
№:

- Т. А. Ә., басшының лауазымы;

№:

- мекенжайы;

№:

- пошта индексі;

№:

- БСН (ЖСН) ;

№:

- қызмет саласы;

№:

- кәсіпкерлік санаты (кәсіпкерлік субъектілері үшін) ;

№:

- тіркеу күні (шағын кәсіпкерлік, микро кәсіпкерлік үшін)

№: 2
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

"Азаматтық қорғаныс жоспарлары мен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 3
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Бұйрыққа сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 4
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің болуы және олардың жай-күйі

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 5
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және оларды әзірлікте ұстау

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 6
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғау қызметінің басшы құрамын тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 7
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғаныс жөніндегі жауапты адамдарды, оның ішінде азаматтық қорғау құралымдары командирлерін тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 8
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан (қайта даярлаудан) өту

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 9
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қорын құру және жинау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 10
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғаныс және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын орындау үшін жеке қорғау құралдарын, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстар қорын құру, жинау және уақтылы жаңарту

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 11
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 12
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 13
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және оларды жүргізуге бөлінген және игерілген қаржы қаражатының саны

Орындалуы туралы ақпарат:
№: 14
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары:

Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары

Орындалуы туралы ақпарат:
Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және басқару

Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.

Лауазымы бойынша уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысты басқарады.

Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылатын, олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылатын әкімдер жүзеге асырады.

Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:

1) уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныстың міндеттері
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі. Азаматтық қорғаныс мақсаттары мен міндеттері
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері
Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz