Жер сілкінісінің ошағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1 «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» Практикалық жұмыс №11 Тақырыбы: Жер сілкінісінің ошағы.

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге жер сілкінісінің ошағы туралы мәлімет беру.

Жер сілкіну ошағы (гипоцентрі) - жан-жаққа сейсмикалық толқындар тарайтын жер қабығының қалыңындағы орын. Терең фокустық жер сілкіну ошағы 50 км-ден 700 км болады. Жер сілкіну ошағы формасы, көлемі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан ауытқу өте күшті болатын жер бетіндегі нүкте - жер сілкіну эпицентрі деп аталады.

Жер гипоцентрі (ошағы) энергия көп мөлшерде (103- 10Ӏ8 Дж) кенет босап шығып, жер қыртысының қысқа мерзімді тербелуін туындатады. Жер гипоцентрі (ошағы) тереңдігі бойынша (Я км) кәдімгі (Н<70), аралық (70<Ж300) және терең (300<Я<700) тоғысты (фокусты) жер сілкінулерге бөлінеді

Жер сілкінісі туралы түсінік

Жер сілкінісі туралы түсінік

Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей пайда болады. Сондай - ақ жер сілкінісімен бірге өрт пайда болады. Геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма сырғыма, сел тасқыны, т. б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.

Жер сілкінісі туралы түсінік

Жер сілкінісі туралы түсінік

Жер сілкінісінің жіктелуі

Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектонкалық болып бөлінеді. Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған. Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды. Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып жіктеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады. Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 - 4 км/с. Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді. Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған. Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.

Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),

орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),

аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып бөлінеді.

Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 - 20 км, Ташкентте 5 - 10 км, Спитакта 10 - 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 - 700 км тереңдікке жеткен) . Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жер сілкіну ұзақтығы, таралу мөлшері, оны өлшеу құралдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сікінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Жер сілкінісі. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар
Жер сілкінісі жайлы
Халықты жер сілкінісінен қорғау ерекшеліктері
Жер сілкінудің магнитудасы
Жер сілкінісінің жіктелуі
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Еуразияның жер сілкіну аймақтары және оның зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz