Телжан Шонанұлы



Жоспар:

1. Өмір жолы
2. «Қазақ жер мәселелерінің тарихы»
3. Т.Шонанұлының методикалық еңбектері 4. Қолданылған әдебиеттер

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Өмір жолы
2. Қазақ жер мәселелерінің тарихы
3. Т.Шонанұлының методикалық еңбектері

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Аяпова Айман Шарапатқызы
жалпы пәндер оқытушысы
Aқтөбе қаласы, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі
Аннотация
В статье рассматривается жизнедеятельность казахского ученого Тельжана Шонанулы как исследователя отечественной истории.
Annotation
The article deals with the vitalwork of the great Kazakh Telzhana Shonanuly.
Заманымыз жүктеп отырған адамгершілік, елдік парызымыздың бірі - сталиндік тоталитаризмнің құрбаны болып, атаусыз қалған қазақ зиялыларын түгендеп, өзінің тарихи тұғырына тұрғызу, олардың ғылыми, әдеби шығармаларын халыққа жеткізу. Өмірде бар күш-жігерін, бойына біткен талантын еліне, болашаққа арнаған жайсаңдарымыздың - біртуар азаматтарымыздың аңсаған армандарына жете бере, жазықсыз мерт болғаны - орны толмас өкініш. Зиялы адамға еңбегі еш болып, ары тапталғаннан ауыр жаза болмас, ал тарих үшін бұдан асқан қиянат жоқ.
Сөз етпегіміз - жаны пәк, мінезі майда, не бары 43 жыл ғана өмір сүрген көрнекті ғалым - Телжан Шонанұлы. Оның талантты, жан-жақты болғаны енді анықталып отыр. Кезінде Телжан білгір тіл маманы, әдебиетші, тарихшы, дарынды педагог, методист болған, өмірінің соңғы кезінде Қазақ педагогикалық институтының (қазір Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті), әрі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің доценті қызметін атқарған. Одан әрі ғылым әлемінде самғау оған жазылмапты [1,205бет].
Шонанұлының кітаптары кезінде мыңдаған таралыммен шығып, бүкіл қазақ арасына, алыстағы ауылдарға тараған және 1922-1937 жылдар аралығында, он екі жыл бойы қайта-қайта жаңарып шығарылып тұрған. Т.Шонанұлы негізінен оқулықтарды бастауыш сыныптарға, жаңа сауаттанып жүрген ересектерге және 1923 жылдан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқи бастаған басқа ұлт өкілдеріне арналған. Ол бастауыш сынып педагогикасы мен методикасын қатар меңгерген. Оған қоса емле, тіл дамыту, хрестоматия, қазақ тілін оқыту методикасы сияқты әр түрлі салаларды кең қамтыған. Олай болса Т.Шонанұлы қазақ бастауыш мектебінің теориялық әрі практикалық негізін қаласты деумізге болады [1,206бет]. Т.Шонанұлы өмір бойы ана тілінің қамқоршысы, іс жүзінде жанашыры болғандығына дәлел жетерлік.
Ғалымдардың салиқалы байыптауынша, тіл мәдени дамумен халықты сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Тіл болмаса халық, біріншіден, өзінің ұлттық бейнесін жоғалтуға, екіншіден, мәдени құлдырауға ұшырайды, - деп жазды Телжан. Бұл оның ұстанған принципі ғана емес, бүкіл өмірінің өзегі болатын. Ол жаңа әліпбидің қазақстандық комитетінің мүшесі болды, жаңа алфавиттің Бүкілодақтық комитетінің ІV-пленумында комитет мүшесі ретінде хабарлама жасады. Сол пленумда Т.Шонанұлы профессорлар Қ.Жұбанов, С.Асфендияровпен бірге академик А.Самойловичтің баяндамасы бойынша қабылданатын қаулы-қарарларды дайындау комиссиясына сайланды. Ол Ораз Жандосовпен бірігіп барлық латын комитеттері мен латыншаларға арнап ашық хат жариялады. Ғалым сондай-ақ күнделікті баспасөз бетінде туыстас түрік халықтарының емле жаңалықтарымен оқушыларды үнемі таныстырып отырды (Татар жаңа емлесі, Түрікте жаңа әліппе).
Телжан Шонанұлының жаңа бір қыры - тарихшылығы. Оған куә Телжанның 1923 жылы жазылып, 1926 жылы Қызылордада 3 мың таралыммен шыққан Қазақ жер мәселелерінің тарихы атты 224 беттен тұратын араб әрпімен жазылған еңбегі. Бұл кітап туралы тарихнамамызда бұрын-соңды мәлімет болмады. Кітаптың бір данасы тек Ұлттық кітапханамызда ғана сақталыпты. Біздің түсінуімізше бұл кітап қазақтарды қоныстандыру, отырықшыландыру, оларға жер бөліп беру сияқты 20-жылдардағы ең көкейкесті мәселеге байланысты. Бұл идеяны қолданушылар көбіне істің байыбына бармай, қазақтарды жалқау, еңбексіз күн көруді көздейтін көшпелі тобыр ретінде қабылдап келгені автордың намысына тиіп, қолына қалам алып, мәселені түп-тарихынан қозғауға итермелесе керек.
Зерттеудің мақсаты өткен тарихпен таныстыру ғана емес, жер мәселесін толық түсіндіре отырып, дұрыс шешуде екенін автор ашық қояды. Әсіресе, - дейді Т.Шонанұлы, - кеңес өкіметі социализм негізіне сүйеніп, жер мәселесін шешуге, жүзеге асыруға, елді қоныстандыруға тұрғанда, қазақ жерінің тарихымен танысу өте керек деп санаймыз. Өйткені жер мәселесі ежелден шешілмей келе жатқан қазақ қоғамының ең негізгі әлеуметтік те, ұлттық та мәселесі деп санайды зерттеуші. Оның түсінуінше, Қазақ жерін көп талаған, қазақ шаруасына көп кесірі тиген - ресми отарлау.
Қазақ жерін отарлауды ол екі кезеңге бөледі:
1) Орысқа бағынғаннан бастап ХІХ ғ. 80 жылдарының басына дейін. Бұл қазақтардың, әскерилердің пайдасына деп жер алу дәуірі. Екінші сөзбен айтканда сары орыстың келе бастауы.
2) 80 - жылдардың аяғы - 90-жылдардан бастап патша құлағанға шейін қара шепкенділер үшін жер алу дәуірі. Қазақтың Қара орыс қаптағанда сары орысты әкеңдей көресің деген мәтелі осы кезеңді сипаттайды деп көрсетеді Шонанов.
Т.Шонанұлы өз заманында Қазақ жерінің тарихы - колония тарихы. Колония тарихы - бірте-бірте қазақ жерін сырттан келіп иемденудің тарихы, талаудың тарихы, деп әуел бастан ашық айта білген тарихшы. Бұл әрекет саудашыл, кейін өндірістік капитализмнің мүддесі үшін жасалғанын да анық айтады. Шонанұлының өзіне тән, мақал-мәтелге, сирек те өткір теңеулерге толы бай тіліне, сонымен қатар тарихи деректерге талдау жасаудағы методологиялық шеберлігіне оқырманның таңданбасқа шарасы қалмайды. Қазақ жер мәселесінің тарихы осы тұрғыдан білгір әдебиетшінің тарих саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Телжан Шонанұлы- (1890-1938)
ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (1894—1938)
Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Телжан Шонанұлы
Николай Бурбаки жөніндегі күмәнсіз және күмәнсіз емес мәліметтер
Алаш зиялыларының ұлт тарихы мен руханиятқа қосқан үлесі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Пәндер