Еңбек жағдайларының кестесін толтыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ЕҢБЕК ШАРТАРЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ

Практикалық жұмыс №7

Тақырыбы: Еңбек жағдайларының кестесін толтыру

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттаудан өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібін белгілейді және "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі - өндірістік нысандарды аттестаттау) - өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттылығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатымен бағалау жөніндегі қызмет;
2) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
3) зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен әрі өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтері мен еңбек гигиенасына сәйкестігін айқындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
4) еңбек жағдайларының нормативтері - эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизикалық нормативтер мен қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
5) өндірістік нысандар - цехтар, учаскелер және өнім шығарумен әрі дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның жеке тұрған өзге де өндірістік бөлімшелері;
6) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін атқару кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
7) мамандандырылған ұйымдар - өзінің құрамында өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімдік шарттары бар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі дербес (тәуелсіз) ұйымдар;
8) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;
9) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істейтін адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған құралдар;
10) жарақат қауіпсіздігі - жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жағдайларда қызметкерлердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
11) еңбектің ауырлығы - еңбек процесінің ағзаның негізінен тірек-қозғалу аппаратына және әрекет ету жүйесіне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және т.б.) түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы
12) еңбектің қауырттылығы - еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық нерв жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйкесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы
13) еңбек қауіпсіздігінің шарттары - өндірістік орта мен еңбек процесінің еңбек процесінде қызметкердің еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсер ететін факторлардың жиынтығы.
3. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды:
1) ұйымында еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы (бұдан әрі - зертхана) бар жұмыс беруші
2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.
4. Өндірістік нысандарды аттестаттау:
1) ұйымның әрбір жұмыс орнын еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігіне кешенді бағалауды қамтиды.
5. Өндірістік нысандарды аттестаттаудың нәтижелері:
1) жұмыс орындарын қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық-алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу;
2) өндірістік орта жағдайларының нақты жәй-күйін, еңбек процесінің ауырлығын және қауырттылығын, жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігін бағалау;
3) қызметкерлердің қажет жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгендігін және олардың нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін анықтау;
4) кәсіптік ауру деп ойлаған және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын анықтау;
5) өндірістік нысанды немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орыны қауіпті сыныпқа жатқызылған жағдайларда технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жәй-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу үшін кәсіптік қатер сыныбын белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың барлық өндірістік нысандары аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттаудан өту мерзімін ұйым, еңбек жағдайлары өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілер соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдіснамасының бұзушылықтары айқындалғанда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
9. Өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізудің уақыттылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоцияның түрлері
Жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізуге дайындығы
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
Автобустың рейс уақыты
Бастауыш сынып оқушыларына арифметикалық амалдарды жазбаша орындау тәсілдерін үйрету
Дaрaжoлды aрaлықты жaқсaрту іс шaрaлaры
Арифметикалық амалдарды орындау тәсілдері
Кәсіпорынға арналған қойма есебінің автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу
Жерасты суларының деңгейін жасанды төмендету
Еңбек шарты туралы
Пәндер