Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларын бекіту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ЕҢБЕК ШАРТАРЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ

Практикалық жұмыс №8

Тақырыбы: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларын бекіту

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларын бекіту
Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына және 183-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
2) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
3) еңбек гигиенасы - жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
5) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
6) жұмыскерлердiң өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
7) жұмыс орны - жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
8) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ) - жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
9) зиянды еңбек жағдайлары - зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
10) қауіпсіздік нормалары - жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
11) өндірістік объектілер - өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек орналасқан өндірістік бөлімшелері;
12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар - өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;
13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) - өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
14) ұжымдық қорғаныш құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Аттестаттауды жүргізу тәртібі
3. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
4. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.
Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.
5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.
6. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
7. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.
8. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелді) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;
8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;
10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады;
9. Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:
1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;
2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;
3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;
4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқық қатынастар түрлері
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінен оқу әдістемелік нұсқау
КПО өндірістік жарақаттанудың статистикалық талдауы
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізуге дайындығы
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау
Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторларын бағалау
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Әлеуметік қамсыздандырудың түсінігі
Пәндер