Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«ЕҢБЕК ШАРТАРЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ» Практикалық жұмыс №9 Тақырыбы: Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптарАлматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру. Өндірістік бақылау бағдарламасына қойылатын талаптар
Өндірістік бақылау бағдарламасы еркін нысанда жасалады және мынаны қамтиды:
1) мыналардың тізбелерін айқындау:
жүзеге асырылатын қызметіне сәйкес нормалау құжаттарының және нормативтік техникалық құжаттардың (мемлекеттік стандарттар, тіршілік ету ортасы факторларын бақылау әдістемелері мен әдістері) тізбесін. Осы тізбе "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзектілендіріледі;
дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бекітетін кәсіпорында (объектіде) өндірістік бақылаудың жүргізілуін бақылау бойынша функциялар жүктелген лауазымды тұлғалар (жұмыскерлер) тізбесін;
медициналық қарап тексеруге, гигиеналық даярлыққа және аттестаттауға жататын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін;
дара кәсіпкер және заңды тұлға жүзеге асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, шығарылатын өнімдердің, сондай-ақ адам үшін әлеуетті қауіп-қатер төндіретін және өндірістік бақылауға жататын қызмет түрлерінің тізбесін, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат құжаттарының болуы көзделген қызмет түрлерінің тізбесін;
өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нормалау құжаттарында белгіленген есепке алу және есептілік нысандарының тізбесін;
химиялық заттардың, биологиялық, физикалық және өзге де қауіпті факторлардың, адам мен оның тіршілік ету ортасы үшін әлеуетті қауіп-қатер төндіретін өндірістік бақылау объектілерінің тізбесін;
зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар (өлшеулер) алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін және сынама алу (зертханалық зерттеулер және сынақтар жүргізу) мерзімділігін көрсете отырып, оларға қатысты зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді ұйымдастыру қажет бақылау нүктелерінің (бақылаудың сыни нүктелерінің) тізбесін. Химиялық заттардың, биологиялық, физикалық және өзге де қауіпті факторлардың тізбесін, сынама алу жүзеге асырылатын бақылау нүктелерін таңдауды, аспаптық және (немесе) зертханалық зерттеулер, санитариялық өңдеу, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар көлемін және мерзімділігін жауапты адамдар (технолог, инженер және т. б. ) объектінің сипаттамасын, зиянды өндірістік факторлардың (өнеркәсіптік объектілер үшін) бар болуын, олардың адам денсаулығына және оның тіршілік ететін ортасына әсер ету дәрежесін, өндіру, айналымы, қаптамалау, таңбалау, кәдеге жарату және жою сатыларында қауіп-қатердің бар болуын есепке ала отырып, осы Санитариялық қағидаларға сәйкес зертханалық-аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдеріне, өлшемшарттарына және мерзімділігіне сәйкес айқындайды;
2) осы Қағидалардың халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемалары.
14. Өндірістік бақылау бағдарламасы нормалау құжаттары талаптарының сақталуын тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізу қажет өзге де іс-шараларды қамтиды.
Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезіндегі өндірістік бақылаудың ерекшеліктеріӨндірістік бақылау зертханалық зерттеулерді, сынақтарды қолдана отырып объектілердің мынадай санаттарында жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік және радиациялық гигиена объектілері (өндірістік объектілер) - жұмыс орындары, өндірістік үй-жайлар және алаңдар (аумақ), СҚА шекарасы, санитариялық қорғау аймақтары, өнімді дайындауға арналған шикізат, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлері, жаңа технологиялық процестер, көлік, технологиялық жабдық, өндіріс және тұтыну қалдықтары (қалдықтарды жинау, пайдалану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу және көму), құрылыста, көлікте пайдалануға арналған полимерлік, синтетикалық өзге де материалдар, иондаушы, оның ішінде генерациялаушы сәулелеу көзі болып табылатын өнім, бұйымдар, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен тауарлар, радиоактивті заттардың болуы гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары. Өндірістік бақылау өндірістік ортаның әлеуетті қауіпті факторларын зертханалық зерттеулерді және сынақтарды қамтиды (физикалық факторлар: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, жылу сәулесі; иондамайтын электр магниттік өрістер (бұдан әрі - ЭМӨ) және сәулелеу (электр статикалық өріс) ; тұрақты магниттік өріс (оның ішінде гипогеомагниттік) ; өнеркәсіптік жиіліктегі электр және магниттік өріс (50 Гц) ; дербес компьютерлер тудыратын кең жолақты ЭМӨ; радиожиілікті ауқымның электр магниттік сәулесі; кең жолақты электр магниттік импульстер; оптикалық ауқымдағы электр магниттік сәулелер (оның ішінде лазерлі және ультракүлгін) ; иондаушы сәулелер; өндірістік шуыл, ультрадыбыс, инфрадыбыс; діріл (жергілікті, жалпы) ; фиброгенді әсері басым аэрозольдар (шаңдар) ; табиғи жарықтандыру (болмауы немесе жеткіліксіздігі), жасанды жарықтандыру (жеткіліксіз жарықтандыру, жарықтандырудың пульс беруі, шамадан тыс жарықтық, жарықтың таралуының жоғары біркелкі еместігі, тура және көзді қарықтыратын шағылысқан жарқыл) ; ауаның электрлі зарядталған бөлшектері (аэроиондар) ; фиброгенді әсері басым аэрозольдар; химиялық факторлар: химиялық синтезбен алынатын және (немесе) бақылау үшін химиялық талдау әдістері пайдаланылатын қоспалар, жіті бағытталған әсер ету тетігі бар зиянды заттар, қауіптілігі 1 - 4 сыныпты зиянды заттар) . Өндіріс және тұтыну қалдықтарының түзілуіне байланысты қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластану деңгейін бағалай отырып, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауды, пайдалануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды, қайта өңдеуді және көмуді зертханалық бақылауды қоса алғанда, бақылауды көздеу керек.
Өндірістік объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
2) тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілері: зертханалық бақылауды дайындаушы кәсіпорын салалық нұсқаулықтарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес дайындаушы кәсіпорын белгілеген сыни бақылау нүктелерін: өндірістің технологиялық кезеңдерінде айқындауды ескере отырып белгілейді. Өндірілетін өнімнің түріне байланысты шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің, радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне судың сапасы мен қауіпсіздігі; технологиялық процестердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы және өндірістік үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау сапасы; өндірістің санитариялық-гигиеналық режимдерінің және жұмыс істеушілердің еңбек жағдайларының сақталуы бақыланады.
Сауда объектілерінде өнімді сақтау шарттарын және бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру жиілігін бақылау жүзеге асырылады;
3) коммуналдық гигиена объектілері: сумен жабдықтау объектілері, оның ішінде орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, үй ішіндегі тарату, халықты автономды ауыз сумен жабдықтау жүйелерін, тарату желісі бар көлік құралдарындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесін пайдалану; ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау мақсатында және рекреациялық мақсатта пайдаланылатын жерүсті және жерасты көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында қолданылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар. Зертханалық бақылау ауыз судың, сондай-ақ су объектісінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігіне жүзеге асырылады. Елді мекендер аумақтарынан, өндірістік және өзге де объектілерден өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық және жер үстіндегі сарқынды судың барлық түрлерін шығаруға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде тазарту құрылыстарындағы ингредиенттер, шығарылатын сарқынды судың құрамы бойынша заттарды алып тастаудың тиімділігін зертханалық бақылауды көздеу керек;
шаруашылық-тұрмыстық кәріздің тазарту құрылыстары, қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) жинауға және сақтауға арналған алаңдар мен полигондар: зертханалық бақылау сарқынды судың, топырақтың сапасына, сарқынды суды, атмосфералық ауаны тазарту кезінде қолданылатын материалдар мен жабдыққа жүзеге асырылады. Елді мекендер аумақтарынан, өндірістік және өзге де объектілерден өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық және жер үстіндегі сарқынды судың барлық түрлерін шығаруға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10936 болып тіркелген) бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес тазарту құрылыстарындағы ингредиенттер, шығарылатын сарқынды судың құрамы бойынша заттарды алып тастау тиімділігін зертханалық бақылауды көздеу керек;
рекреациялық аймақтар, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар: зертханалық бақылау сумен жабдықтаудың, су бұрудың, үй-жайлар микроклиматының, желдету (ауа баптау) жүйесінің, дезинсекциялық және (немесе) дератизациялық іс-шаралардың тиімділігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10637 болып тіркелген) бекітілген "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12846 болып тіркелген) бекітілген "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - № 758 санитариялық қағидалар), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10388 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - № 48 санитариялық қағидалар) талаптарына сәйкестігіне жүзеге асырылады;
халыққа тұрмыстық қызмет көрсету объектілері (бассейндер, аквапарктер, қоғамдық моншалар және бассейндері бар сауналар, сұлулық салондары) : инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында № 183 санитариялық қағидалардың, № 758 санитариялық қағидалардың, № 48 санитариялық қағидалардың талаптарымен көзделген санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық режимдердің, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылауды көздеу керек;
4) денсаулық сақтау, санаториялық-курорттық, сауықтыру ұйымдары, емдеу-профилактикалық, стоматологиялық ұйымдар, клиникалар, кабинеттер және фармацевтикалық және (немесе) медициналық қызмет жүзеге асырылатын өзге де ғимараттар мен құрылыстар: инфекциялық аурулардың, оның ішінде ауруханаішілік аурулардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10713 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11037 болып тіркелген) бекітілген "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11056 болып тіркелген) бекітілген "Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - № 233 санитариялық қағидалар), № 758 санитариялық қағидалардың талаптарымен көзделген санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялық және стерилдеу режимдерінің, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын бақылауды көздеу керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz