Нормативтік еңбек сыйымдылығын есептеу


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«ЕҢБЕК ШАРТАРЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ» Практикалық жұмыс №10 Тақырыбы: Нормативтік еңбек сыйымдылығын есептеуАлматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңы 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытуға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды (бұдан әрі - АКТ саласындағы жоба) жоспарлау кезеңінде, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін қолдап отыруға бағытталған шығыстар есептерін жоспарлау процесінде қолданылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі түсініктер мен қысқартулар қолданылады:
1) актор - жүйемен өзара іс-қимылда және оның функционалдық мүмкіндіктерін белгілі бір мақсаттарға жету немесе жеке міндеттерін шешу үшін пайдаланатын жүйеге қатысты кез келген сыртқы есептеу болмысы;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - (бұдан әрі - АК-инфрақұрылымы) электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
3) АК-инфрақұрылымының сыртқы құрылғысы - АК-инфрақұрылымына сәйкес орталық процессормен функционалды байланысқан ақпаратты енгізу-шығару, баспаға шығару, сақтау және беру құрылғысы;
4) әзірлеуші - ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі процесінде әзірлеу (талаптарды талдауды, жобалауды, тестілеуді, енгізуді және басқаларды қоса алғанда) бойынша жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
5) бағдарламалық қамтылым - бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;
6) бағдарламалық құралдардың сапасы - оның мақсаттарына сәйкес көрсетілген немесе көзделген қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын анықтайтын бағдарламалық құралдар қасиеттерінің жиынтығы;
7) еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері - ақпараттандыру объектісін әзірлеу мен дамытудың белгілі бір процесі үшін адам-сағатпен өлшеудің функционалдық өлшем бірлігін іске асырудың еңбек сыйымдылығы;
8) икемділік - екіншісі 1%-ға өзгерген кезде бірінші көрсеткішінің қанша пайызға өзгергенін көрсететін, бір көрсеткіштің басқасына өзгеру сезімталдығының шамасы;
9) класс - объектіге бағытталған бағдарламалаудағы өзінің ерекшеліктерімен және әдістерімен сипатталатын және объект типінің, оның ішінде арнаулы саланың объектісі типінің әрекетін іске асыратын деректердің абстрактілік типі;
10) қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеудің еңбек сыйымдылығы - адам-айлармен өлшенетін қолданбалы бағдарламалық қамтылымды өндіруге жұмсалатын ақпараттандыру объектісінің еңбек, жұмыс уақытының шығыны;
11) қолданбалы бағдарламалық қамтылымның бағалаушысы - қолданбалы бағдарламалық қамтылымды әзірлеудің еңбек сыйымдылығын және құнын есептейтін осы әдістеменің пайдаланушысы немесе пайдаланушылары;
12) қолданбалы бағдарламалық қамтылымға қойылатын техникалық талаптар - бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, қолдау, пайдалану ортасына қойылатын талаптар. Техникалық талаптар бағдарламалау тілдеріне, операциялық жүйелерге, тестілеу құралдарына, деректер қорына және пайдаланушылық интерфейске қойылатын талаптар болуы мүмкін;
13) қолданбалы бағдарламалық қамтылымның функционалдық мүмкіндіктері - пайдаланушының функционалдық талаптарын орындау үшін қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жүзеге асыратын функциялар мен рәсімдер жиынтығы. Пайдаланушының функционалдық талаптарына техникалық талаптар мен сапа талаптары кірмейді;
14) қолданбалы бағдарламалық қамтылымның функционалдық өлшемі - функционалдық өлшем бірліктермен өлшенетін және пайдаланушының функционалдық талаптарының санын өлшеу арқылы анықталатын қолданбалы бағдарламалық қамтылым өлшемі;
15) қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі - ҚБҚ) - пайдаланушымен өзара тікелей іс-қимылға есептелген және белгілі бір пайдаланушылық міндеттерді орындауға арналған ақпараттандыру объектісінің бағдарламалық қамтылымы;
16) объект типі - ақпараттандыру объектісін құру және дамыту аясында жай-күй және әрекеттің бірегей ерекшеліктері бар арнаулы саланың объектісі;
17) пайдаланушылық интерфейс - пайдаланушы оның көмегімен ақпараттандыру объектісімен өзара іс-қимылда болатын құралдар мен әдістердің жиынтығы;
18) пайдалану нұсқасы - акторлармен өзара іс-қимыл процесінде жүйе немесе басқа болмыс орындайтын іс-қимылдар тізбесінің сыртқы ерекшеліктері;
19) пайдаланушының талаптары - пайдаланушылар белгілейтін және міндетті болып табылатын бағдарламалық құралдардың қажет ететін ерекшеліктері, сипаттамасы немесе әрекеті. Пайдаланушының талаптары пайдаланушының функционалдық талаптары, ақпараттандыру объектісіне қойылатын техникалық талаптары және сапа талаптары болып бөлінеді;
20) пайдаланушының функционалдық талаптары - акторлар бизнес талаптары аясында өз міндеттерін орындау мүмкіндігі болуы үшін ҚБҚ әзірлеуші ақпараттандыру объектісінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын пайдаланушы талаптарын іске асыруы тиіс;
21) сапа талабы - бұл ақпараттандыру объектісінің сапасына қатысты кез келген талаптар;
22) торап - есептеу ресурсына ие және ақпараттандыру объектісінің лицензиялық және/немесе қолданбалы бағдарламалық қамтылымының құрылымдық бөлігі орналасқан аппараттық қамтамасыз ету;
23) функционалдық өлшем бірліктері - ҚБҚ функционалдық өлшемін өлшеуге арналған осы әдістемеде белгіленетін метрикалар;
24) RUP (Rational Unified Process - "рационалды бірегейленгендірілген процесс") - Rational Software компаниясы құрған ҚБҚ әзірлеу әдістемесі;
25) UML (Unified Modeling Language - "үлгілеудің бірегейленгендірілген тілі") - графикалық нотацияны қолданатын және объектіге бағытталған технологиялар мен компоненттік тәсіл негізінде әзірленетін бағдарламалық қамтылым жүйелерін ерекшелеуге, көзбен шолуға, құрылымдауға және құжаттауға арналған модельдеудің бірегейленгендірілген тілі.
4. Әдістеме мынадай қағидаттарға негізделген:
1) есептеу ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі процестеріне негізделгендігін білдіретін ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклін қолдау қағидаты;
2) пайдаланушылардың функционалдық талаптарының функционалдық өлшемін өлшеу әдісіне негізделгендігін білдіретін функционалды өлшемді өлшеу қағидаты;
3) ақпараттандыру объектісін құру, дамыту және қолдап отыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын және құнын есептеуге қолданылатынын білдіретін әмбебап қағидаты (жергілікті емес) ;
4) ақпараттандыру объектісін құру, дамыту және қолдап отыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын және құнын есептеу дәлдігі, ақпараттандыру объектісіне қойылатын функционалдық талаптарын нақтылау кезеңі ұлғайған сайын өсуін білдіретін бағалаудың реттелетін қағидаты;
5) "Ақпараттық технология. Бағдарламалық құралдардың өмірлік циклінің процесі" 34. 019 - 2005 (ISO/IEC 12207:1995, MOD) ҚР СТ-да айқындалған өмірлік циклге сәйкес ҚБҚ әзірлеу, дамыту және қолдап отыру процестерін іске асыруды қамтамасыз ететін RUP әдіснамасына - ҚБҚ әзірлеу процестерімен негізделгендігін білдіретін бағдарламалық қамтылымды әзірлеу технологиясын есепке алу қағидаты. RUP әдіснамасына сәйкес ҚБҚ әзірлеудің негізгі процестерінің тізімі:
1) бизнес модельдеу;
2) талаптарды басқару;
3) жобалау;
4) әзірлеу;
5) тестілеу;
6) ендіру.
Қолданбалы бағдарламалық қамтылым құрудың негізгі еңбек сыйымдылығын бағалау кезеңіҚБҚ {Sj, j=1-6} құрудың негізгі еңбек сыйымдылығы ҚБҚ құрудың әрбір процесінің еңбек сыйымдылығын бағалау негізінде анықталады. Төменде RUP әдіснамасына сәйкес ҚБҚ жасаудың негізгі процесінің тізбесі келтірілген:
1) бизнес модельдеу;
2) талаптарды басқару;
3) жобалау;
4) әзірлеу;
5) тестілеу;
6) ендіру.
Әзірлеудің әрбір процесінің негізгі еңбек сыйымдылығы функционалды өлшемнің әрбір өлшем бірлігінің тиісті еңбек сыйымдылығының көрсеткіш коэффициентінің мәніне көбейтіндісінің қосындысы арқылы анықталады.
Нөмірі j болатын Sj негізгі еңбек сыйымдылығы мынадай формула бойынша есептеледі:
Sj=1/165·[C*Sj(C) +E*Sj(E) +T*Sj(T) +I*Sj(I) +N*Sj(N) ], (1)
мұндағы:
Sj - j нөмірі бар әзірлеу процесінің еңбек сыйымдылығы [адам-ай] ;
j - әзірлеу процесінің нөмірі (мәні 1-ден 6-ға дейін) ;
Sj(C) - нөмірі j=1, 2, …, 6 [адам-ай] болатын процесте бір пайдалану нұсқасын іске асыру нөмірі j болатын процесте еңбек сыйымдылығы көрсеткіші;
Sj(E) - нөмірі j=1, 2, …, 6 {[адам-сағат] /[объект типі] } болатын процесте бір объект типін іске асырудың еңбек сыйымдылығы көрсеткіші;
Sj(T) - нөмірі j=1, 2, …, 6 {[адам-сағат] /[объект типінің қасиеті] } болатын процесте бір объект типінің ерекшелігін іске асырудың еңбек сыйымдылығы көрсеткіші;
Sj(I) - нөмірі j=1, 2, …, 6 {[адам-сағат] /[объект типі арасындағы өзара іс-қимыл] } болатын процесте бір объект типінің арасындағы өзара іс-қимылды іске асырудың еңбек сыйымдылы көрсеткіші;
Sj(N) - нөмірі j=1, 2, …, 6 {[адам-сағат] /[торап] } болатын процесте бір торабы типін іске асырудың еңбек сыйымдылығы көрсеткіші;
165 - бір адам-айдағы адам-сағат саны;
{C, E, T, I, N} - функциональдық өлшем бірліктеріндегі, осы Әдістеменің 2-параграфында анықталған ақпараттандыру объектісінің функционалдық өлшемі.
Еңбек сыйымдылығын түзету коэффициенттерінің мәнін анықтау кезеңі ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz