Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасын ресімдеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«ЕҢБЕК ШАРТАРЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ» Практикалық жұмыс №13 Тақырыбы: Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасын ресімдеу

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

1. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібін белгілейді және "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі - өндірістік нысандарды аттестаттау) - өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттылығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатымен бағалау жөніндегі қызмет;

2) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
3) зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен әрі өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтері мен еңбек гигиенасына сәйкестігін айқындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;

4) еңбек жағдайларының нормативтері - эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизикалық нормативтер мен қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

5) өндірістік нысандар - цехтар, учаскелер және өнім шығарумен әрі дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның жеке тұрған өзге де өндірістік бөлімшелері;

6) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін атқару кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
7) мамандандырылған ұйымдар - өзінің құрамында өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімдік шарттары бар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі дербес (тәуелсіз) ұйымдар;
8) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;

9) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істейтін адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған құралдар;

10) жарақат қауіпсіздігі - жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықты актілермен белгіленген жағдайларда қызметкерлердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
11) еңбектің ауырлығы - еңбек процесінің ағзаның негізінен тірек-қозғалу аппаратына және әрекет ету жүйесіне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және т. б. ) түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;

12) еңбектің қауырттылығы - еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық нерв жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйкесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;

13) еңбек қауіпсіздігінің шарттары - өндірістік орта мен еңбек процесінің еңбек процесінде қызметкердің еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсер ететін факторлардың жиынтығы.

3. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды:
1) ұйымында еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы (бұдан әрі - зертхана) бар жұмыс беруші;

2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.

4. Өндірістік нысандарды аттестаттау:

1) ұйымның әрбір жұмыс орнын еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігіне кешенді бағалауды қамтиды.

5. Өндірістік нысандарды аттестаттаудың нәтижелері:

1) жұмыс орындарын қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық-алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу;
2) өндірістік орта жағдайларының нақты жәй-күйін, еңбек процесінің ауырлығын және қауырттылығын, жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігін бағалау;
3) қызметкерлердің қажет жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгендігін және олардың нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін анықтау;
4) кәсіптік ауру деп ойлаған және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын анықтау;
5) өндірістік нысанды немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орыны қауіпті сыныпқа жатқызылған жағдайларда технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жәй-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу үшін кәсіптік қатер сыныбын белгілеу;

8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу мақсатында пайдаланылады.

6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың барлық өндірістік нысандары аттестаттауға жатады.

7. Аттестаттаудан өту мерзімін ұйым, еңбек жағдайлары өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілер соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдіснамасының бұзушылықтары айқындалғанда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

9. Өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізудің уақыттылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізімін жүргізеді.

2. Жұмыс берушінің аттестаттау
өткізуге дайындығы

11. Өндірістік нысанды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшылардың бірі не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелердің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен қызметшілер өкілдері енеді.

13. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

1) өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторларының тізбесін жасайды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын аттестаттаудан өткізудің кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

3) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

4) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық базаны қалыптастырады;

5) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
6) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде аса жарақат қауіпті жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;

7) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда Ережеде белгіленген тәртіппен өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;

8) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу мерзімін тартылатын мамандандырылған ұйыммен келіседі және оны жұмыс беруші бекітеді;

9) нысандар жұмыс орындарының өндірістік орта факторларын зерттеу кезінде зертханалар жұмысына көмектеседі;

10) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге бақылауды жүзеге асырады.

14. Аттестацияға мыналар:

1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау

2) жарақат қауіптілігінің дәрежесін бағалау;

3) өндірістік жабдықтарды, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау;
4) қызметшілердің кәсіптік даярлығын бағалау;

5) қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалау кіреді.

3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі

15. Еңбектің зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орынындағы барлық зиянды және қауіпті өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық) факторлар, оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы;
2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері әрі эргономикалық зерттеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс және тиімді қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс;
3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштерін анықтау, өндірістегі еңбек жағдайларын гигиеналық сараптау нормативтік құқықтық актілерде (санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда) көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады.

Еңбектің нақты жағдайларын бағалау Р 2. 2. 755-99 Тіркеу нөмірі АДЗ РК N 1. 04. 001. 2000 2000 жылғы 30 қарашадағы Өндірістік орта факторлары зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және сыныптаудың гигиеналық критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;
4) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын (газталдауыш, виброметр, дозиметр) пайдалану қажет. Өлшеулерді жүргізген кезде міндетті түрде қабылданған сапаны бақылау процедураларын сақтау қажет;
5) зертханалық, аспаптық өлшеулердің және эргономикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық құжаттама нысандарына сәйкес хаттамалармен ресімделеді.

16. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары:
1) өндірістік жабдықтар;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу;
4) қызметшілердің кәсіптік даярлығы;
5) қызметшілердің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік санитария жөніндегі нормативтік құжаттарды білуі болып табылады.

17. Өндірістік жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер (мемлекеттік және салалық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар) негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлерге және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты.
Жарақат қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін өндірістік жабдықтарға сертификаттың болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргізіледі.
Жабдықтардың, машиналар мен тетіктердің жекелеген түрлеріне сертификат болмаған кезде олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

18. Өндірістік процесс пен жабдықтардың жарақат қауіпсіздігі бағаланған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтай отыра, өндірістік жабдықтардың сынамалы іске қосуы мен тоқтатуы жүргізіледі.

19. Қызметшілердің кәсіптік даярлығын бағалау тиісті білімінің және осы кәсіпке, біліктілік талаптарына сәйкес болуымен айқындалады.

20. Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін жарақат қауіпсіздігі жөніндегі еңбек жағдайларының сыныптамасына (осы Ережеге 1-қосымша) сәйкес бағалау нәтижелері бойынша қауіптілік сыныбы белгіленеді.

21. Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін бағалау, толтырудың белгіленген тәртібіне (осы Ережеге 3-қосымша) сәйкес Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен (осы Ережеге 2-қосымша) ресімделеді.

22. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:
1) қызметкердің әр жұмыс орыны бойынша жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілгені анықталады. Қызметкерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуді бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, бекіткен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын тегін берудің салалық нормаларымен салыстыру арқылы анықталады;
2) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның жұмыс орынындағы нақты еңбек жағдайларына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның тиімділігі мен сапасы тауар өндірушілердің сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы Ережеге 4-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана - қамтамасыз етілді деген баға қойылады.

4. Жұмыс орынындағы еңбек жағдайларын
жиынтық бағалау

23. Жұмыс орынындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесін;
2) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін;
3) қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу және олардың тиімділігін бағалаудан тұрады.

24. Жұмыс орынында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері оңтайлы және рұқсат етілетін шамаларға сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орынындағы еңбек жағдайлары гигиеналық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына жауап береді деп есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізуге дайындығы
Әлеуметік қамсыздандырудың түсінігі
Сервистік қызметкерлердің жеке үлесін бағалау
Ұйымдардың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау туралы Ереже
Еңбек құқық қатынастар түрлері
Қызмет етуді сертификаттау туралы
Еңбекті қорғауды басқару кәсіпорында тиіс кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болу
Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар
«KEGOC» АҚ сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қағидаларын бекіту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz