Есірткі мен уланудың әлеуметтік қаупі. Ішімдік ішудің әлеуметтік қаупі. Ойынқұмарлық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік
қоғамы

ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін
механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: Есірткі мен уланудың әлеуметтік қаупі. Ішімдік ішудің әлеуметтік
қаупі. Ойынқұмарлық

Алматы 2020

Жұмыстың мақсаты: студенттерге Есірткі мен уланудың әлеуметтік қаупі.
Ішімдік ішудің әлеуметтік қаупі. Ойынқұмарлық қауіптері туралы мәлімет
беру.

Денсаулыққа зиянды әрекеттер: ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық

Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырыбым денсаулық жаулары деп
аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды
әрекеттерге тоқталамыз. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне
туғызатын қаупі туралы түсінік бермекпін.

Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы
кезде қоғамда көптеп орын алуда.

Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі,
маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға
үйір болуына ықпал етеді.

Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары,
әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік
береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік
ішіп көргенін анықтап отыр.

Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде
қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек
балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда
ішімдікке жақын бола түседі.

Сегізінші сыныптағы ер балалардың 75 пайызы және қыздардың 40 пайызы
алкогольдің дәмін татып көргендігін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысынан
байқауға болады. Оныншы сыныпты бітіргендердің 90-95 пайызы алкогольдің
дәмін біледі. Маскүнемдікпен ауыратындардың 75 пайызы алкогольдың дәмін 20
жасқа дейін татып көргендер екенін ғылыми зерттеулер нақтылап отыр. Осы
маскүнемдікпен қатар қоғамда нашақорлықта орын алуда.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық
дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамыздағы
нашақорлардың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Әрине, олар басында
еріккеннен, ермек үшін есірткішілік наша, гашиш шеге бастайды. Алғашында
миды зеңгіьіп, психикаға әсер ететін есірткі, адамды біршама уақытқа дейін
көңілдендіреді.

Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан
кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-
тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы
жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолының бұлшық еттері шаншып, ішек-қарыны
бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-суық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде
“ломка” дейді.

Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттық көріністер,
өзін-өзі жарақаттау,  тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне
қарсы мінез көрсетеді.

Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі.
Алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді.  Адамның
аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады.
Содан соң оны бірнеше сағатқа шейін ұйқы басады.

Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да есірткі заттарды тауып ішуде
болады. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан
бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тойынбайды.

Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ
ішетіні, есірткіге берілетіні ешкімге сыр болмай қалды. Бұл әрине, өте
өкінішті жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын, денсаулық үшін зиян.
Мысалы, ұзақ уақыт әсер ететін дәрі-дәрмектер жыныстық қабілетке қатты
нұқсан келтіреді. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш
адамдай тарпа бас салады. Мұны медицинада “наркотизм”, ал оның ауыр түрін
“наркомания” деп атайды. Грек тілінен аударғанда “нарк”- жасанды ұйқы,
“мания”- есі кету, есіру деген ұғым береді. Нашақорлықтың адам ағзасына
тигізетін зияны өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Сонымен қатар
шылым шегу де адам ағзасына зияның тигізеді.

Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің
құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа
да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу туралы
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Кайқауыстың зиянды әдеттерге қарсы ой-пікірлері
Тұрмыс қалпы мен денсаулық: маскүнемдік (алкоголизм) сипаттама
Нашақорлық пен маскүнемдік
Зиынды заттардың профилактикасы
Ақылға қонымды шешімдер қабылдау үшін қантты алмастыратын түрлі өнімдердің денсаулыққа әсерін зерттеу
Салауатты өмір салтының негіздері
Алкоголдің әлеуметтік әсерлері
Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
Пәндер