Халықаралық статистика ұйымы



Біртұтас есеп жүйесі және статистика
Нарықтық эканомикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік.экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер мен фермерлік шаруашылықтардың және т.б., яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына қойған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшеліктері болады. Осы есептердің ерекшеліктерін жеке.жеке қарастырайық:
Оперативтік жедел немесе оперативті.техникалық есеп. Оның негізгі мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жүмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген дайын өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына,шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және т. б. Операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданады.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф¸ телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның
міндеттері.
Халықаралық статистика ұйымы.

Біртұтас есеп жүйесі және статистика
Нарықтық эканомикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму
немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі
мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару
үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер
кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, кооперативтер
мен фермерлік шаруашылықтардың және т.б., яғни оперативтік жедел,
бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталады,
өңделеді және оған талдау жасалынады. Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің
әрқайсысының алдарына қойған мақсаты мен есептеу әдістемелеріне қарай
өздеріне тән ерекшеліктері болады. Осы есептердің ерекшеліктерін жеке-жеке
қарастырайық:
Оперативтік жедел немесе оперативті-техникалық есеп. Оның негізгі
мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың
бөліктері мен цехтарында болған жүмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген
дайын өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен
тетіктердің дайындалуына,шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек
құралдарының қолданылуына және т. б. Операциялардың жүргізілуіне күнделікті
бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған
көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын,
олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданады.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе
телеграф¸ телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру
формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады.Сондықтан оны
дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.
Бухгалтерлік есеп. Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда ,мекемелер
мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке
кооперативтер мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір
кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаржыларының қозғалысын,
өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның
пайдалануын, еңбек ақы мөлшерін,кіріс пен шығыс т.с.с. көрсеткіштердің
нақты есебі жүргізіледі. Басқа есептермен салыстырғанда, оның ерекшелігі
құжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшембірлігіне
айналдыру арқылы көрсетілетіндігінде.
Бухгалтерләк есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде бірыңғай ережелер
мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді
жинақтайды. Есептің бұл түрінің негізгі әдістері мыналар: бухгалтерлік
баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау. Ең бастысы, құжаттылық принципін
сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.
Бухгалтерлік есепке әдістемелік жағынан көмек көрсетіп, басшылық ету
жұмысы республика Қаржы министрлігіне жүктелген. Ол Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика агентігімен келісе отырып бухгалтерлік
есеп айырысу шоттарын және олардың жоспарын, есеп беру формаларының типтік
үлгісін, оларды жүргізу, толтыру әдістері туралы нұсқауларды бекітеді.
Статистикалық есеп.Бұл есепте қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен
сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай
әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасалынады.Бұл есептің негізгі
мақсаты халық шаруашылық салаларын басқарып, материалдық игіліктерді өндіру
және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп, дер
кезінде Үкімет қарауына беріп отыру.
Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән
ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар:мәліметтерді жинау, топтау,
өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік,
графикалық, байланыстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.
Бухгалтерлік және оперативтік есептер әрбір кәсіпорындарда болып
жатқан фактіні тіркейді.Ал статистикалық есеп жалпы жиынтықтың қорытындысын
шығарады. Сондықтан бұл қорытындылаушы есеп болып саналады және берілген
көрсеткіштердің маңызына қарай түрлі (табиғи, ақшалай және еңбек) өлшем
бірліктерімен өлшенеді.Сонымен бірге, қатысты шама ретінде коэфиңентпен
немесе процентпен көрсетіледі.
Сонымен, есеп пен статистиканың біртұтастығын мына заңдылықтардан көруге
болады:
1)барлық кәсіпорындарда жүргізілетін есеп жұмыстары мен оны толтыру
әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы,барлық кәсіпорындарда өндірілген
өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен , бір бағдарлама бойынша
жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр түрлі тәсілдермен есептейтін
болсақ, оларды бір –бірімен салыстыруға болмайды;

2)есептің бұл үш түрі әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырады және олардың
арасында алалық, қайшылық параллелизм (жарыспалылық) жоқ, олардың арасында
көрсетілген көрсеткіштер бірімен-бірі тығыз байланыста болады;
3)бастапқы есеп құжаттарының біркелкілігі және барлық есептер үшін бастапқы
құжаттар арқылы көрсеткіштер еспке алынады.
Демек, біртұтас есеп жүйелерінің заңдылықтарын толығымен сақтаған
кездерде ғана есеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі. Қазақстанда статистика
органы тұңғыш рет 1919-жылы Қалалық өлке статистикасы басқармасы ретінде
құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін
статистика органын ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер
болды.Мысалы, 1930-жылы статистика басқармасы жоспарлау комитетімен
біріктіріледі және онда ол шаруашылықесеп бөлімі болып, ал 1931-
жылыжелтоқсан айында Жоспарлау комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық
есеп басқармасы болып қайта құрылады. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің
Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан
Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы
болып қайта құрылады. Ал, 1987- жылы тамыз айында статистика органын
ұйымдастыру жүйесінде үлкен өзгеріс болды. Мұнда Орталық статистика
басқармасы Қазақстан Республикасының Статистика жөнінде мемлекеттік
комитеті болып өзгертілді. Ал 1995-жылы статистика органына республикада
болыпжатқан қоғам дық құбылыстар мен процестерге талдау жасау жұмыстарының
жүктелуіне байланысты талдау сөзі қосылып жазылатын болды.Сонымен,
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитеті болып қайта құрылады. Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-ші қаңтардағы қаулысы бойынша
бекітілген Ережеде анықталған және оны басшылыққа алып отырады.
1996-жылы 29-шы қазанда Қазақстан Республикасы президентінің
жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі
мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі
болып қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі өз қызметінде
Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының
Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен
келісімдерін, Қазақстан Республиасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімдерін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі ұйымдық жағынан
орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агенттігі жөніндегі
облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер
институтынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Есепке алу,
статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық салааралық
институтынан құралады.
Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл
және орман шаруашылығы, сауда жәнеқызмет көрсету, әлеуметтік және
демография,баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына,
халық санағы бөліміне бөлінеді. Ал олардың өзі бірнеше бөлімдер мен
бөлімшелерден тұрады. Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статистика
агенттігі өздеріне қарайтын қалалар мен аудандарда статистика
инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді және олардың жұмысына
тікелей басшылық етеді.
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық,
аудандық статистика органдары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен
үйлестіреді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-жылғы 18-қаңтардағы қаулысы
бойынша Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі
мемлекеттік комитеті (бұдан әрі –Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық статистика
агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген. Осы Ережеге сәйкес
статистика органдары өз жұмыстарын ұйымдастырып және мұнда оның негізгі
міндеттері мен атқаратын қызметтерін анықтайды.
Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері.Қазақстан Республикасының
Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық
мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және
әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту
мен талдау; статистикасаласындағы мәліметтер саясаттың жүргізілуі мен
орындалуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде анықтайтын
статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, обьектілігі мен жеткіліктілігін
қамтамасыз ету;
Халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің
әдістемелік салыстырмалығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге
асыру;
-мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі түрде
республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстар
туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық
статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат
алмасып отыру.
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі.Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика жоғарыдағы жүктелген міндеттерге сәйкес
мына шараларды жүзеге асырады:республикада қолданылып жүрген статистиканың
құқықтық негізін қамтамасыз ететін заңдар және нормативтік актілердің жаңа
жобаларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Үкіметке ұыныстар түсіреді;
Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен статистикалық
нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру, бір жолғы есеп алу, елімізде
санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылау
түрінде жүргізілетін статистикалық бақылауды ұйымдастырып, өткізеді;
Елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді;
Статистика агенттігін жетілдіру жөніндегі мемелекеттік бағдарлама
шараларының орындалуын ұйымдастырады;
Республиканың мүдделі министрліктерімен, мемелекеттік комитеттерімен
әрі өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарымен келісімге сәйкес
статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарының регламентін әзірлейді
және оны жыл сайын Үкіметке бекітуге ұсынады;
Бекітілген регламентке байланысты статистикалық және экономикалық
ақпаратты жинауды, қорытуды, оны тарату мен сақтауды, оны Қазақстан
Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетін
құрылымдық қайта құру туралы Қазақстан Республика Министрлер Кабинетінің
1995-жылғы 12-маусымдағы №813 қаулысының 9-тармағында көзделген
шарттармен Президентке, Парламентке және Үкіметке, министрліктер мен
мемлекеттік комитеттерге, өзге де орталық және жергілікті атқарушы
органдарға және де басқа заңды тұлғаларға, сондай –ақ ТМД-ға мүше
мемлекеттердің статистикалық органдары және халықаралық ұйымдарға түсіруді
жүзеге асырады;
Статистика жөніндегі халықаралықәдістемелік ұсыныстарды елдің
жағдайына қарай бейімдейді, жаіаларын әзірлейді, оларды статистикалық
қызметтің тәжірибесіне енгізеді;
Көрсеткіштің ең шағын құрамын белгілейді әрі мемлекеттік және
ведомстволық статистикалық есептің нысандарын және олардыжасау мен
мемлекеттік статистика органдарына түсіру тәртібі туралы тиісті нұсқаулар
мен нұсқаулықтарды бекітеді;
Ғылыми әдістеме және статистикалық бақылаудың прогрессивті әдістерін,
компьютер техникасын, ақпарат тарату құралдары мен полиграфиялық
жабдықтарды кеңінен қолдануға негізделген қазіргі ақпараттық
технологияларды енгізу негізінде статистикалық ақпараттың ақиқаттылығын,
дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді;
Белгіленген тәртіппен статистикалық жинақтарды, экономикалық шолуларды
және басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
қалың жұртшылық үшін басылымдарға жиынтықталған статистикалық ақпаратты
әрдайым жариялап отырады;
Министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен өзге деорталық және
жергілікті атқарушы органдардың, , ел , ұйымдар мен мекемелердің
қызметкерлерімен статистика мәселелері жөніндегі семинарлар менкеңестер
өткізеді;
Мемлекеттік статистика органдарының алдында есеп беретін
кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді қажетті статистикалық құралдармен
қамтамасыз етеді;
Белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияның сақталуын, бастапқы
статистикалық ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;
Қазіргі мемелекеттік келісімдер шеңберінде халықаралық экономикалық
және статистикалық қызмет орындарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен өркендеуінің, оның еліміздің
және халықаралық ұйымдардың ақпарат жүйелерімен өзара әрекеттерінің аса
маңыздыпроблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын
ұйымдастырады;
Есеп және статистика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және кәсіби
мамандығын арттыруды ұйымдастырады.
Ұлттық статистика агенттігінің құқығы.Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған міндеті мен жүктелген
қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің мынадай құқығы
бар:
Қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет
орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына қарамастан ,
ел аумағында жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі
белгіленген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуға;
Халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан
статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
Қажет болған жағдайда бастапқы және жиынтықты статистикалық
деректердің дұрыс-бұрыстығын тексеруге құқығы бар.

Ақшаның мәні және қызметтері.
Ақша айналысы және ақша жүйесі.

Ақшаның шығу тегі.Ақша ежелгі заманада пайда болды.Олар тауар
өндірісінің дамуындағы бірден-біршарт және өнім болып табылады. Тауар-бұл
сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі
(зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,
тауар форрмасын қабылдайды.Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда
болуындағы объективтіалғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола
алмайды.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады жіне тек қана ақшаға теңестіру жолымен
табылады.Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама
–қарсы жақтары болып отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара
бір-біріне ауысады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір
тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе
кездейсоқ формалары қолданылады( 1 балта =5 құмыра, 1 қой =1 қап бидай
жіне т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысындакездейсоқ айырбас жиіленді.Жалпы тауар
массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен
құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға,
жүнге т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
–барлық басқа тауарлардың бір –бірімен өзара айырбасталу құралы бола
бастады.Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы
құндық формасына жасырын түрде өту басталды.Бірақ оның ролі бір тауарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы статистика ғылымы
Туристерді тасымалдау ережелері
Қазақстанның сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдары
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кірудегі өзекті мәселелері
Шетел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Ислам Конференциясы Ұйым құрамындағы институттар
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Пәндер