Этнос аралық қарулы жанжалдарды ескертудiң мүмкiндiгi және даму сатылары


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР»
Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы: Этнос аралық қарулы жанжалдарды ескертудiң мүмкiндiгi және даму сатылары.
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге Этносаралық жанжалдарды ескертудiң мүмкiндiгi және даму сатылары туралы мәлімет беру.
Этносаралық конфликтілердің алдын алу және реттеу: түсініктері, әдістері, тәсілдемелері
«Конфликт, оның ішінде этностық конфликт - қашып құтыла алмайтын құбылыс емес, демек оның алдын алуға болады. Алайда, бұл тиісті шаралардың орындалуын қажет етеді. Мәселені ертерек шешу мақсатында конфликтінің ықтимал себептері анықталып, сарапталуы керек, оның үстіне қарулы қақтығысты болдырмау үшін нақты қадамдар жасалуы қажет. Ал егер алдын алу шараларына шиеленіскен конфликт кедергі келтірсе, онда кикілжіңді бәсеңдету үшін ерте дабыл қағу жүйесі уақытында жүзеге асуы керек», - деген еді ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар жөніндегі жоғары комиссары Макс ван дер Стул 1994 жылы.
Конфликтінің алдын алу теориясын ұсынушылар мұндай саяси жанжалдарды кәдімгі жол апатымен не ғимараттағы өртпен салыстырады. Жол апатына әкеліп соқтыратын факторлар белгілі, айталық, көліктің техникалық ақауы жоқ болса, жүргізуші ережені бұзбаса және жолдың сапасы жақсы болса, апаттың ықтималдығы азаяды. Сол сияқты ғимараттарда өрт сөндіру ережелері дұрыс сақталса, дабыл қағу, өртті өшіру құралдары жақсы жұмыс істеп тұрса, адамдар өз міндеттерін білсе, онда тұтанған жалынның алдын алуға болады.
Этностық конфликтіде де жағдай осыған ұқсас. Сондықтан Еуропаның тарихын зерттеуші Норман Дейвис: «Тарихтағы қасіретті оқиғалардың барлығы жалпыға ортақ факторлар мен ерекше факторлардың тоғысуынан болған», - деген пікір айтқан 1950-жылдардың аяғынан бастап Батыс ғалымдары саяси-әлеуметтік конфликтіні шешудің басты бөлігі ретінде оның алдын алу механизмдерін түпкілікті зерттей бастады. Ағылшын ғалымы Кеннет Боулдинг алғаш рет ауа райын болжап отыратын метеостансалар сияқты конфликтілердің ықтималдығын болжайтын «мәлімет стансаларын» құру туралы бастама көтерді. 1974жылы Синтия Керман «әлеуметтің температурасы мен қысымын, «жылы және суық ағыстардың» бағытын айқындап отыратын механизмдерді қалыптастыру жөнінде айтты.
Конфликтіні бейбіт жолмен шешу теориясының бастауында М. Гандидің
«сатъяграха» (зомбылықсыз қарсылық, пассивті қарсылық) принципі жатыр Ганди үшін бұл тек конфликт шешудің әдісі емес, жалпы өмір пәлсапасы болған. Галтунгтің айтуынша, М. Гандидің принциптері әлде конфликт шешу теориясына негіз болған, әлде керісінше сол идеялардан бастау алған. Бірінші норма - конфликтінің мақсаты мен тараптардың оған қатысты ұстанымы. Яғни, өз мақсатыңды ашық түсіндіру, қарсыласыңның көзқарасын айқын ұғыну, ортақ мақсаттарды табу, фактілерді объективті қарастыру, сондай-ақ конфликтіге позитивті тұрғыдан қарау, оны қарсыласыңмен кездесу, қоғамды, өзіңді өзгерту мүмкіндігі деп қабылдау. Екінші норма конфликт кезіндегі мінез- құлыққа қатысты: қарсыласыңды сөзбен, жағымсыз іс-әрекетпен тұқыртпау, мүлікке нұқсан келтірмеу, зомбылықтың орнына жағымды ишара жасау; мақсатқа жетуде дәйектілікпен әрекет ету: конструктивті болу, ашық әрекет ету; зұлымдықты қолдамау, зұлым күштермен достаспау; жауапкершілікті мойынға алуға дайын болу; жағдайды тым әсірелендірмеу: қарсыласыңның пікірі мен ұстанымына құрметпен және жанашырлықпен қарау; ушықтырмау: сабыр сақтау, қарсыласыңды ашуландыратындай әрекеттерге бармау, кемсітпеу. Ал үшінші норма конфликтіні шешумен байланысты: конфликт шешілуі керек, яғни ұзақ уақыт тәжікелесіп жүруге болмайды; оны трансформациялаудың амалдарын қарастырып, өзіңді және қарсыласыңды жақсы жаққа қарай өзгертуге талпыну керек; әркім қателесуі мүмкін екенін түсініп, қателескен жағдайда кешірім сұрауы және ойы орнықты болуы қажет; қарсыласыңа мәрт болу, яғни оның осал тұстарын бетіне баспау, тым қатаң сынамау және оған сенім білдіру керек; күштеудің орнына қайта түлеуге ұмтылып, екі жаққа да ұнайтын шешімді табу жолдарын іздеу керек. Ганди философиясы бойынша, ойың, әрекетің, сөзің зомбылықтан ада болуы тиіс және тек бейбітшіліктен, ақиқатқа жетуден басқа ешқандай жоспар болмауы қажет.
Ғалымдар тобы конфликтіні кез келген қоғам өмірінде қайталанып отыратын циклді жағдай ретінде бейнелейді. Түрлі қауымдардың, мемлекеттердің және этностық топтардың арасындағы жағдай әртүрлі факторлардың қатысына қарай құбылып тұрады. Ең бейбіт кезең «ұзақмерзімді бейбітшілік» (мәселен, АҚШ пен Ұлыбританияның арасы) орнаған кезде қалыптасады. «Тұрақты бейбітшілік» (АҚШ пен Қытай арасы) «тұрақсыз бейбітшілікке» (Ресей мен Эстония арасы) ұласқан тұста конфликтінің алдын алу мақсатындағы шаралар қолға алынуы керек. Мұнда превентивті дипломатия, ерте дабыл қағу жүйесі және тікелей қақтығыстың алдын алу шаралары жүзеге асуы қажет. Олай болмаған жағдайда «қарқыны төмен конфликтілер» «дағдарысқа таяу» жағдайға дейін шиеленісуі ықтимал. Осы кезеңде қолда бар механизмдерді пайдаланып, отты тұтанардан бұрын өшіре алса, циклдік параболаның жоғарғы ұшы тым биік болмайды.
Британ ғалымы, «Соғыстың себептері» деген еңбектің авторы Х. Суганами соғысты бастауға себепкер болатын үш алғышартты баса айтады. Біріншіден, бір топтың екінші топ мүшелерін өлтіруге мүмкіндігі болуы керек. Екіншіден, түрлі қауымдастық өкілдері бір-біріне қарсы қару қолданудың қажеттілігі туды деген ортақ тұжырымға келуі және мұны қоғам өкілдерінің талап етуі қажет.
Үшіншіден, соғыстың алдын алатын тиімді халықаралық жүйенің болмауы. Осы үш қажетті компоненттің бірін алып тастаса, соғыстың алдын алуға болады. Демек, «қаруға жүгіну - заңды да табиғи әрекет» деп санайтын адам баласының сана-сезімін өзгертіп, соғыстың алдын алатын механизмдерді ойлап тапсақ, соғыссыз өмір сүруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz