Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қарулы жанжалдар және халықаралық құқық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік
қоғамы

ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін
механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Практикалық жұмыс №8

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы. Қарулы жанжалдар
және халықаралық құқық.

Алматы 2020

Жұмыстың мақсаты: студенттерге Қарулы жанжалдар және халықаралық құқық
туралы мәлімет беру.

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери
доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,  соғыстар мен
қарулы жанжалдарды (бұдан әрi - әскери жанжалдар) болдырмауға, Қарулы
Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға
негiз қалаушы көзқарастар жүйесiн бiлдiредi.
Әскери доктрина жоғары әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн, күштер
мен құралдарды жылдам өрiстетудi жүзеге асыруға қабiлеттi, Қазақстанның
мемлекеттiгiн, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын нығайтуға кепiл беретiн
кәсiби армия құруды көздейдi.
Әскери доктринаның ережелерi әлемдегi әскери-саяси жағдайды кешендi
бағалауға және оны дамытуды стратегиялық болжауға негізделедi.
      Әскери доктринаны қабылдау үшiн негiздеме қазақстандық қоғамды
әлеуметтiк-экономикалық және саяси жаңарту, сондай-ақ олардың экономикалық
және әскери әлеуетiне қарамастан, көптеген елдер үшiн шиеленiскен
әлеуметтiк-саяси жанжалдармен және қайшылықтармен, халықаралық
тұрақсыздықпен, әлеуеттi қатерлердiң болуымен сипатталатын әскери-саяси
жағдайдағы өзгерiстер болып табылады.
      Қазақстан Республикасы әскери күштiң мәнi барынша төмендетілген және
оның функциялары әскери жанжалдарды тежеу мiндетiне жақындастырылған
осындай халықаралық қатынастар жүйесiн құруды дәйектi түрде қолдайды.
Алайда, болжамдарға қарамастан, XXI ғасырдың басында халықаралық
қатынастардағы әскери күштiң мәнi азайған жоқ: ғаламдық және өңiрлiк
қауiпсiздiк саласындағы бiрқатар халықаралық саяси институттардың дағдарысы
аясында саяси және экономикалық мүдделердi қамтамасыз етуде оның рөлi
күшейе түсуде.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының ереже лерi,
Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптары, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi
даму стратегиясы , Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы, Қазақстан
Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық
шарттар ескерiле отырып әзiрлендi.
      Әскери доктринада Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн iске
асыруға терiс ықпал ететiн факторлар қарастырылады, ел қауiпсiздiгiне
ықтимал қыр көрсетулер мен қатерлер жiктеледi, мемлекет қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi әскери-саяси мiндеттер тұжырымдалады, Қазақстан
Республикасын қарулы қорғауды жүзеге асыру, Қазақстанға да, онымен достас
мемлекеттерге де қатер төндiретiн әскери жанжалдардың алдын алу жөнiндегi
Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қызметiнiң
мақсаттары, мiндеттерi, принциптерi мен бағыттары ашылады.
      Әскери доктринаның қорғаныстық сипаты бар, бұл оның ережелерiнде
бейбiтшiлiкке дәйектi бейiлдiлiк танытудың республиканың ұлттық мүдделерiн
қорғаудың, әскери қауiпсiздiгiне кепiлдiк берудiң қатаң шешiмiмен мәндi
үйлесуiн алдын ала айқындайды. Әскери доктринада асимметриялық қатерлерге:
халықаралық терроризмге, дiни экстремизмге, есiрткi тасымалына, қаруды,
оның iшiнде жаппай қырып-жою қаруын заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға
қарсы күрес ескеріле отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен  әскери
құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттары нақтыланады.
      Әскери доктринаның ережелерiн iске асыру әскери басқару жүйесiн одан
әрi жетiлдiру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық,
әлеуметтiк, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенiн жүргiзу
есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.

Қазақстанның әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы саясаты

      Қазақстан Республикасы қызметiнiң маңызды бағыты - мемлекеттiң әскери
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, агрессияны немесе әскери жанжалдар
тұтандыруды болдырмау, тұлға мен қоғамды қорғау, елдiң саяси және
экономикалық мүдделерiн iске асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
      Қазақстан өзiнiң әскери қауiпсiздiгін қамтамасыз етудi демократиялық,
құқықтық мемлекеттi дамыту, әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыру, тең құқылы әрiптестiк, өзара тиiмдi ынтымақтастық,
халықаралық қатынастардағы тату көршiлестiк принциптерiн бекiту,
халықаралық қауiпсiздiктiң толық қамтитын жүйесiн дәйектi түрде
қалыптастыру, өңiрде бейбiтшiлiктi сақтау және нығайту тұрғысынан
қарастырады.
      Қазақстан қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң әскери емес шараларына,
бiрiншi кезекте саяси-дипломатиялық, құқықтық, экономикалық, гуманитарлық,
ақпараттық-насихаттау және өзге де шараларына басымдық бередi, ол мынадай
мiндеттердi шешудiң басымдықтарын алдын ала айқындайды:
      әскери саладағы, бiрiншi кезекте Орталық Азиядағы өзара тиiмдi
ынтымақтастық, өзара түсiнiстiк, сенiм мен ашықтық шараларын жүзеге асыру
негiзiнде достас мемлекеттермен байланыстарды және интеграциялық
процестердi күшейту
әскери жанжалдарды және агрессия тұтандыруды болдырмаудың
халықаралық тетiктерiн құру жөнiндегi қызметтi жандандыру;
      сенiм шараларын нығайту, мемлекетаралық қайшылықтарды шешу үшiн күш
қолданудан бас тарту, халықаралық дауларды реттеу;
      әлемнiң демократиялық және индустриялық дамыған мемлекеттерiмен
экономикалық байланысты кеңейту және қарым-қатынасты тереңдету;
      халықаралық қоғамдастық тарапынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
Қарулы Күштер тылы
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Пәндер