Жаппай келеңсіздіктер мен тәртіпсіздік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік
қоғамы

ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін
механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Практикалық жұмыс №9

Тақырыбы: Жаппай келеңсіздіктер мен тәртіпсіздік.

Алматы 2020

Жұмыстың мақсаты: студенттерге жаппай келеңсіздіктер мен тәртіпсіздік
тақырыбы бойынша мәлімет беру.

Жаппай келеңсіздіктер мен тәртіпсіздік.

Соңғы жылдары еркіндік пен демократия сөздері қоғамның таным-
түсінігінде мүлдем басқа реңкке ие бола түсіп, бір қараған кезде көңілге
қонымды әрі әділ көрінетіндей ұранға үн қосқан мыңдаған адамның шеруін көз
алдыңа әкелетін болып барады. Әдетте, қарапайым халық тарабынан туындайтын
мұндай сипаттағы наразылықтың соңы шерушілер мен құқық қорғау органдары
арасындағы қақтығысқа ұласып, түрлі келеңсіздіктердің орын алуымен қатар
екі тараптан да адам шығынына да ұласып жататындығы жасырын емес.
Бұған қоса, басты белгісі демократия мен еркіндік саналатын мұндай
ырду-дырдуға жастардың еліктегіш келетіндігі де белгілі. Өйткені, жаппай
сөз сөйлеулер мен жасанды ұрандар, қоғамдық тәртіпсіздік барысында орын
алатын түрлі қылмыстардың кейбірінің жазасыз қалуы оларды еліктіре
түсетіндігі де бар. Нақты мысалды алыстан іздеудің де қажет жоқ. Қоңсы
отырған Қырғызстандағы, күні кеше кеңестік шекпеннен бірге шыққан
Украинадағы жаппай тәртіпсіздіктердің неге апарып соққанын бәріміз де жақсы
білеміз. Иә, халық толқыды, төңкеріс жасады, үкімет ауысты. Алайда, елдегі
ішкі саяси ахуал да, қарапайым халықтың әл-ауқаты да жақсара қойған жоқ.
Баяғы жартас бір жартас...
КСРО күйрегеннен кейінгі жылдардың ішінде экономикалық реформаларды
уақтылы жүргізудің, теңгерімді ұлттық әрі тілдік саясаттың, халықтың
әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тобына мемлекеттік жан-жақты қолдаудың
нәтижесінде Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде ішкі саяси
тұрақтылықты сақтап қана қоймай, жалпы ішкі өнімін де, шетелден түсетін
инвестиция көлемін де еселей түсуде. Мұның барлығы да қазақстандықтардың
болашаққа зор сеніммен қарап, мемлекеттігімізді, халқымыздың бірлігін
нығайтумен қатар әл-ауқатымыздың да тұрақты арта түсуіне жол ашады.
Дегенмен, елімізде халық пен мемлекеттің мүддесін теке-тіреске
айналдырып, азаматтарымызды мемлекеттік билікке мойынсұнбауға үндейтін
көшбасшылары бар бірқатар саяси-қоғамдық қозғалыстардың да өз қызметтерін
жүргізетіндігі белгілі.
Бүгінгі күні жерге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер төңірегінде
туындаған қоғамдық пікірталасты бұл қозғалыстар өздерінің мүддесіне тиімді
пайдаланып, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру үшін халықтың Үкіметке
сенімсіздігі ретінде көрсетуге жанын салып бағуда.
Иә, қазақстандықтардың басым бөлігі мұндай арандатушылық әрекеттерге
бой алдырмайтындығы анық. Өйткені, олар ел тұрмақ өз тағдырына бей-жай
қарайтын, ұраншыл әсіре әлеуметтік топтардың қолдауына ие саясаткердің
айтағына еру абырой әпермейтіндігін жақсы біледі. Алайда, өмірде оңы мен
солын танып үлгермеген, өмірлік тәжірибесі аз жастардың мұндай аттанда
арандап қалуы мүмкін.
Айтпағымыз сылдыр су болмауына бұрынғы кеңестік республикалардың бірі,
бүгінде Еуропалық одақтың құрамына кіруге ниетті болып отырған Украина
мемлекеті жақсы үлгі бола алады. Есте болса, КСРО күйрегеннен кейін оңаша
отау тіккен Украина одақтас елдердің арасында табысты дамуға әлеуеті зор
елдердің бірі ретінде озық тұрған еді. Әлемнің барлық құнарлы топырағының
оннан бір бөлігін алып жатқан елдің әлеуеті мол-тын. Украина қара металды
қорытуда да әлемдік көшбасшы саналатын. Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар,
ғылыми мекемелер, дамыған білім жүйесі Украинаны жоғары ғылыми-техникалық
әлеуеті бар елдердің қатарына шығарған-ды. Мәселен, Украина Ресейді есепке
алмағанда бұрынғы одақтас елдердің арасында әлемдегі ең қуатты көлік
ұшақтарының бірі АН маркалы әуе кемесін жобалаудан бастап, толық
құрастырып шығаратын толыққанды кәсіпорынға ие болды. Дәл осы жерде
зымырандар мен танкілер, ауыл шаруашылығы техникалары, сонымен қатар
қарапайым халық тұтынатын көптеген тауарлар шығарылатын.
Көптеген сарапшылардың пікірінше, Украинаның бүгінгі экономикалық
қиындықтары дефолтқа бастап тұр. Қоғамның асыра саясилануының соңы
экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі барлық талпыныстарды тұйыққа
тіреуде. Яғни, бүгінгі украиндық дағдарыстың негізі соңғы 25 жылда елдегі
әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен қарқынына себеп болған
институционалдық себептерде жатыр.
Украина экономикасының қысқа да болса өрлеу дәуірі болғанын да айта
кету керек. Алайда, 2005-2008 жылдардағы бұл елдің экономикасының өрлеуі
металл бағасының артуы, сыртқы займдардың өсімі сынды бірқатар оң
факторларға сай келген болатын.
Украинаның бүгінгі Президенті ел тәуелсіздігін алғаннан бергі бесінші
мемлекет басшысы. Айта кетерлігі, бұған дейінгі 4 президент те төңкерістің
нәтижесінде тақтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайберді шығармаларындағы мінез –құлықтың әлеуметтік- педагогикалық сипаттамалары
Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Кедейлік - әлемдік қауіпсіздіктің қатері
Қазақтың бүкіл өмірі ерліктерден тұрады
ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар
Теміртау оқиғасы. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының келеңсіздігі
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
Желтоқсан тарихы (оқу - әдістемелік құрал)
Пәндер