Лаңкестік және оның айқындалуы. Лаңкестік туралы ұғым мен мінездемелердің сипаттары. Лаңкестік көрінісінің топтастырылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік
қоғамы

ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін
механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Практикалық жұмыс №11

Тақырыбы: Лаңкестік және оның айқындалуы. Лаңкестік туралы ұғым мен
мінездемелердің сипаттары. Лаңкестік көрінісінің топтастырылуы.

Алматы 2020

Жұмыстың мақсаты: студенттерге жер сілкінісінің ошағы туралы мәлімет беру.

Лаңкестік әрекет(қылмыстық заңнама), адамдардың мерт болу қаупін
тудыратын, елеулі мүліктік зиян келтіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе
өзге де әрекеттер жасау немесе қоғамға қауіпті зардаптары бар өзге де
әрекеттер. Егер де бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты
қорқыту немесе билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында
жасалған болса, сондай-ақ осы әрекеттер дәл осындай мақсатта жасалады деп
қоқан-лоққы жасалса, лаңкестік әрекет болып саналады.
Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке
адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында
қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.
Б.з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің
танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие
болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні
өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған
жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою
тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік
қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне
айналды. Ресейде халықшылдар, Ирлан дия, Македония, Сербияда ұлтшылдар,  Франц
ия, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда
болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың
идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар
Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20
ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік
деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен
фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған
Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан
кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында
Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль
мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік
ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да
аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік
Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратис тер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап
келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Бұл кезеңдегі Лаңкестік
әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен
байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді.
Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы
органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық
білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық
деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-
әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда
жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне,
халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-
жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды.
Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен
топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20
ғасырдың 70 — 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл
кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі
елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа
елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 — 90
ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз
қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-
тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген
аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік
әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп,
біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып,
халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік
ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік
ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”,
“Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның
республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы),
“Хезболлах”, т.б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық
(халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел
ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі
жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер);
пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс
береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТІ
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
Қазақстан Республикасының діни экстремизммен күресу бойынша ұлттық заңнамасы
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Ақпараттық терроризм және қауіпсіздік
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Пәндер