Әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатер. Кедейшілік және жұмыссыздық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік
қоғамы

ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін
механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПТЕР

Практикалық жұмыс №12

Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатер. Кедейшілік және
жұмыссыздық.

Алматы 2020

Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет
беру.

Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық
қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы,
экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы
қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық
қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи
және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі
мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен
катар пайда болады. Экономикалық қауіпсіздік объектілері - жалпы елдің
экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи
байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын
мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы,
адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің
шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның,
мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен
үдерістер. Экономикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы
қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық
қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай- күйі, оның
орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең
елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі,
тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы,
экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың
қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі,
бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш,
т.б. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні - сақталмауы экономиканы
күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын
шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау
үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің
шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы
шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін
әзірлеу - экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары - қауіпсіздікке төнген ішкі және
сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-
қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік
стратегиясында мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады: Экономикалық
қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі;
қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің Экономикалық
қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі. Бұл мәселені
шешу үшін арнаулы әдістер де қолданылады. Экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мемлекеттің айрықша міндеті.

Әлеуметтік қауіпсіздік.
1) мемлекетті және халықты әлеуметтік салада қорғау, әлеуметтік
құрылымның және қатынастардың дамуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың алға
басу қажеттіліктеріне сай адамдардың өмір сүру салты жәнеәлеуметтену жүйесі
бойынша іс-шаралар жиынтығы;
2) қоғамның әлеуметтік саласы мен мемлекеттің құлдырау туғызатын
немесе оның кері кетуіне ықпал жасайтын қауіп-қатерден қорғалуы. Ә.қ.
нысандарына адамдар, олардың заңды мүдделері (қажеттіліктері), бірлігі,
қарым- қатынастары; адамның әлеуметтену жүйесі (білім алуы, тәрбиеленуі,
әлеуметтік-мәдени тұрмысы) тіршілікті қамтасыз ету инфрақұрылымы (денсаулық
сақтау, сауда, қамту және т.б.), өмір сүру салты жатады.

Кедейшілік.
Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік ұғымдары арасында айырмашылық
жүргізу кеңінен мойындалған.
• Абсолютті мағынада айқындалған кедейшілік адам аштан өлмеу үшін қажет
ресурстардың жетіспейтінін білдіретін ахуал жөнінде қолданылады.
Әлеуметтанушылар артықкөретін әсіресе дамыған елдердегі кедейшілікті
парықтағанда салыстырмалы кедейшілік адамда немесе адамдар тобында
қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда ресурстардың
жетіспейтіндігіне, басқаша айтқанда, олардың салыстырмалы тұрмысына
қолданылады.
• Салыстырмалы кедейшілік — материалдық ресурстарға ие болу деңгейіндегі
айырмашылық, нақты айтқанда, олардың қоғамда маңызды мәселесі
болғандықтан, салыстырмалы кедейшілік көрсеткіштері былай қараганда,
абсолютті кедейшілік көрсеткіштерінен кем объективті бола коймайды.
Бұл жай ғана субъективті кедейшілік сезімі емес, дегенмен кедейшілік
салдарларын талдағанда ондай сезім маңызды болып шығуы мүмкін.
Кедейшіліктің күн көру қаражатының болмауына негізделген анықтамалары
дүние елдеріндей кедейшілікті парықтауда маңызды мәнге ие болады және
әлемде күн көру қаражатымен өлшенген кедейшіліктің жалпы деңгейі өте
жоғары. Кейбір зерттеулерде кедей елдер халықтарының жартысына жуығы
абсолютті кедейшілік камтиды деп топшыланады. Кіріс деңгейі күнкөріс
қаражатына ие болудың тек дәл емес көрсеткіштерін беріп, жүрт кедейшіліктің
дәл бағасын алу қиын болғанымен, кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз
факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікт і зерттеген
классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік
анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің
деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары
екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті
көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған
жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп,
Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын
мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті
зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік
анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі
мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды
ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті
есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның
мәліметтері Нью-Йорк жұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін
қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін
көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден
кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе
қайыршылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік саясаты
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу жолдары
Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісінің әлеуметтік аспектілері
Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру
Пәндер