Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен жүйелер қауіпсіздігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Практикалық жұмыс №4

Тақырыбы: Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен жүйелер қауіпсіздігі.

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

"Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен оның тіршілік циклінің үдерісіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты бірдейлендіру таңбалау және ілеспе құжаттары бойынша, белгілері, өлшемдері, көрсеткіштері және талаптары бойынша жиынтығында айырып тану үшін жеткілікті болатын, 1-қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) кодтарын пайдалану жолымен жүргізіледі.
3. Техникалық регламент:
1) 115оС-ден жоғары температурадағы су немесе 0,07 МПа (0,7 кгссм2) қысым кезінде қайнау температурасынан асатын температура кезіндегі басқа улы емес, жарылыс өрт қауіпсіз сұйықтықтар қысымымен жұмыс істейтін ыдыстарға;
2) 0,07 МПа (0,7 кгссм2) жоғары бу, газ немесе улы жарылыс өрт қауіпті сұйықтықтардың қысымында жұмыс істейтін ыдыстарға;
3) 0,07 МПа (0,7 кгссм2) жоғары қысымдағы сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және сақтауға, пайдалануға арналған баллондарға;
4) буларының қысымы 50оС дейінгі температура кезінде 0,07 МПа (0,7 кгссм2) қысымнан асатын сығылған және сұйытылған газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелерге;
5) қысымы 0,07 МПа (0,7 кгссм2) жоғары болғанда, оларды мерзімдік босату үшін берілетін, сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелерді тасымалдауға немесе сақтауға арналған цистерналар мен ыдыстарға;
6) барокамераларға қолданылады.
4. Сақтануды қажет ететін негізгі қауіпті факторлар (қатерлер):
1) қорғалмаған жылжымалы элементтер;
2) шу мен дірілдің жоғары деңгейі;
3) қысымның көтерілуі (жұмыс қысымы барынша көп жұмыс қысымынан аспауы);
4) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті элементтер болып табылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) үлгі-айғақ - пайдалану үдерісінде материалдың жай-күйін анықтау үшін пайдаланылатын ыдыс тәрізді, сол материалдан және сол технология бойынша дайындалған үлгі;
2) бекемдетілген пластмассалар - пластмассадан (жалғастырушы) және толтырғыштан тұратын құрылымы біркелкі емес материал;
3) баллон - сығылған, сұйытылған немесе газ қысымымен ерітілген газдарды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған вентильдерді, фланцтерді немесе штуцерлерді орнату үшін бір немесе екі қылтасы бар ыдыс;
4) иректүтік - иілген құбыр түрінде орындалған жылу алмастырғыш құрылғы;
5) композициялық материал (композит) - бірнеше біртекті материалдан (компоненттерден) құралған құрылымы біртекті емес материал;
6) көп камералы ыдыс - әр түрлі немесе біркелкі шарт кезінде (қысым, температура, орта) пайдаланылатын, екі немесе одан көп жұмыс қуыстары бар ыдыс;
7) тығын - штуцердің немесе дөңесшенің саңылауларын қымтап жабатын көлемді бөлшек;
8) қалдық ресурс - объектінің техникалық күйін бақылау сәтінен бастап шекті күйге өтуіне дейінгі оның жиынтық жұмыс көлемі;
9) лейнер - жүктеме бөлігін көтеретін, бекемдетілген пластмассадан жасалған ыдыстың ішкі қымтаушы қабаты;
10) металл емес ыдыстар - біртекті немесе композициялық металл емес материалдардан жасалған ыдыстар;
11) металл пластикалық ыдыстар - ішкі қабаты (қабығы) металдан жасалған көп қабатты ыдыстар; қалған қабаттары бекемдетілген пластмассадан жасалған. Ішкі қабат жүктеме бөлігін көтереді;
12) толтырғыш - пластмассаны бекемдейтін материал; бекемдейтін материал ретінде талшықты, мата және мата емес материалдарды пайдаланады;
13) паспорт -- өнім сипаттары және онымен қауіпсіз қатынас жасауды қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы мәлімет қамтитын құжат.
14) цистерна - теміржол вагонының жақтауына, автомобиль шассиінде (тіркемесінде) немесе газ тәрізді, сұйық және басқа заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған басқа да қозғалыс құралдарына тұрақты орнатылатын жылжымалы ыдыс;
15) ыдыс қызметінің есептік мерзімі - ыдысты пайдалануға енгізген күнінен бастап есептелген күнтізбелік жылдардағы қызмет мерзімі;
16) ыдыстың (элементтің) рұқсат етілген қысымы -- ыдыстың (элементтің) техникалық куәландыру немесе диагностикалау нәтижелері бойынша белгіленген барынша қолжетімді артық қысымы.
3. Қазақстан Республикасы нарығындағы өнім айналымының шарттары
6. Егер қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес болмаса және адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болса нарықта сатылмайды.
7. Тұтынушыларға ілеспе құжаттамада көрсетілген толық және нақты ақпарат ұсынылады.
Ілеспе құжаттама:
1) жобалық құжаттар мен өнім паспортын;
2) монтаждау жөніндегі нұсқаулықты;
3) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қамтуы тиіс.
8. Дайындаушы әр ыдысты тапсырыс берушіге паспортпен жеткізеді (осы Техникалық регламентке 2-қосымша).
Паспортқа пайдалану жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.
Әр ыдысқа көрсеткіш белгі бекітіледі. Сыртқы диаметрі 325 мм кем ыдыстар үшін көрсеткіш белгі орнатпауға рұқсат беріледі. Бұл ретте барлық қажетті деректер ыдыс корпусына түсіріледі.
Белгіге:
1) тауарлық белгі немесе дайындаушының атауы;
2) ыдыстың атауы немесе белгісі;
3) дайындаушының нөмірлеу жүйесі бойынша ыдыстың реттік нөмірі;
4) дайындалған жылы;
5) жұмыс қысымы, МПа;
6) есептік қысым, МПа;
7) байқау қысымы, МПа;
8) қабырғаның рұқсат етілетін ең жоғарғы және (немесе) ең төменгі жұмыс температурасы, [о]С;
9) ыдыс салмағы, кг түсіріледі.
Түрлі есепті және байқау қысымдары, қабырға температурасы бар жеке қуысты ыдыстар үшін осы деректерді әр қуыс үшін көрсетеді.
9. Таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
10. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың, қажеттілігі болғанда кезде жекелеген жинақтау бірліктерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған анық және өшірілмейтін таңбасы болуы тиіс.
4. Қауіпсіздік талаптары
11. Әрбір ыдыс үшін паспортта пайдалану шарттары ескеріліп қызмет ету мерзімі белгіленеді және көрсетіледі.
12. Ыдыстарды сыртынан және ішінен қарап байқауға кедергі келтіретін құрылғылар (араластырғыштар, ирек түтіктер, қаптамалар, тәрелкелер, қалқалар) алмалы салмалы болуы көзделеді.
Пісіру құрылғыларын қолданған кезде сыртынан және ішінен қарап байқауларды және орнына кейіннен орнатуды жүргізу үшін оларды алып тастау мүмкіндігі көзделеді. Осы құрылғыларды алып-салу және орнату тәртібі ыдысты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
13. Ыдыстардың су толтыруға және ағызуға, гидравликалық сынау кезінде ауа шығаруға арналған штуцері болады.
Әр ыдыста вентиль, шүмек немесе оны ашар алдында ыдыста қысымның болмауын бақылауды іске асыруға мүмкіндік беретін басқа құрылғы көзделеді; бұл ретте ортаны бұру қауіпсіз орынға бағытталады.
14. Айналымдық және белгілер орнын ауыстыратын жүктемелер шартындағы жұмыстарға арналған ыдыстар осы жүктемелердің беріктігіне есептеліп көзделеді.
Ыстық газдармен қыздырылатын ыдыстардың конструкциясы есептік температураға дейінгі қысымда болатын қабырғалардың сенімді салқындатылуын қамтамасыз етеді.
15. Ыдыстар бөлшектенген ішкі құрылғыларды құрастыруды және бөлшектеуді, ыдыстарды қарап байқауды, тазартуды және жөндеуді қамтамасыз ететін люктер мен байқау шағын люктердің қажет мөлшерімен жабдықталады.
16. Цилиндрлік корпустан және оған құбырлармен (жылу алмастырғыштармен) бекітілген торлардан тұратын ыдыстарды және криогенді сұйықтарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстарды, қауіптіліктің 1 және 2-сыныпты заттарымен жұмыс істеуге арналған, бірақ тоттану мен қақтануды болдырмайтын ыдыстарды, ыдыстардың диаметріне тәуелсіз, люктерсіз және шағын люктерсіз дайындауға рұқсат беріледі.
17. Ішкі диаметрі 800 мм артық ыдыстырдың люгі, ал ішкі диаметрі 800 мм және одан кем болатын ыдыстардың шағын люгі болады.
18. Люктердің қақпақтары алынбалы-салынбалы болады. Вакуум негізінде оқшауланған ыдыстарда пісірілген қақпақтарға рұқсат беріледі.
19. Салмағы 20 кг артық қақпақтар көтерілмелі-бұрылмалы немесе оларды ашуға және жабуға арналған басқа құрылғылармен жабдықталады.
20. Люктердің, қақпақтардың және олардың фланцтерінің топсалы-қайырмалы немесе алмалы-салмалы бұрандамаларының, қамыттарының, қысқыш айлабұйымдарының конструкциясы олардың өз еркімен ысырылуын болдырмауы тиіс.
21. Ішкі диаметрі ішінен қарап байқауды өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ыдыстарда штуцерлер, фланцті ажырамалар, алынатын түптері немесе қақпақтары болғанда люктерді қарастырмауға рұқсат беріледі.
22. Люктерге, шағын люктер мен штуцерлерге арналған саңылаулар пісіру тігістерінен тыс орналастырылады.
Саңылаулардың орналасуына:
1) егер саңылаулардың атаулы диаметрі 150 мм артық болмаса, ыдыстардың цилиндрлік және коникалық тоғындарының бойлық жіктерінде;
2) саңылаулар диаметрін шектемей, ыдыстардың цилиндрлік және коникалық тоғындарының балдақты тігістерінде;
3) түптердің пісіру тігістерін радиография немесе ультрадыбыстық дефектоскопиялық әдіспен 100 % тексеру шартында саңылаулар диаметрін шектемей дөңес түптердің тігістерінде рұқсат беріледі.
23. Торосфералық (қауашақ) түптерде саңылаулардың орталық сфералық сегмент шегінде орналасуына рұқсат беріледі. Бұл ретте түптің ортасынан саңылаулардың сыртқы жиегіне дейін хорда бойымен өлшенген арақашықтық 0,4 D артық болмай таңдалады, мұндағы D - түптің сыртқы диаметрі.
4.1. Ыдыстарды дайындау кезінде қолданылатын материалдарға
қойылатын талаптар
24. Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын материалдар берілген пайдалану шарттарын (есептік қысым, ең төменгі, теріс және ең жоғарғы есептік температура), құрамы мен орта сипатын (жемірілу белсенділігі жарылыс қауіптілік, улылық) және қоршаған ауа температурасын есепке алумен, есептік қызмет ету мерзімі көлемінде олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
25. Ыдыстарды және олардың элементтерін дайындау, құрастыру және жөндеу үшін негізгі материалдар қолданылады: жаймалық болат, болат құбырлар, қаптамалар, сұрыпты болат, болат құйма бұйымдар, бекіту бұйымдары, түсті металдар мен қорытпалар, шойыннан жасалған құйма бұйымдар.
Техникалық регламентпен бекітілген шектерден шығатын параметрлермен жүргізілетін жұмыстарға арналған материалдарды пайдалануға материалдардың сапасы мен қасиеттері техникалық регламентте белгіленгеннен төмен болмаған кезде рұқсат беріледі.
26. Ашық алаңда немесе жылу берілмейтін үй-жайларда орнатуға арналған ыдыстар үшін материалдарды таңдаған кезде, сол аудан үшін сыртқы ауаның ең төменгі абсолютті температурасы ескеріледі.
27. Нақты маркалардың, флюстердің және қорғаныш газдардың үстемелеу материалдарын пайдалану конструкторлық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
28. Жаңа үстемелеу материалдарын, флюстерді және қорғаныш газдарды қолдануға дайындаушы олардың ыдысты пісіру кезіндегі технологиялылығы расталып, қажетті қасиеттерінің барлық кешені, пісіру жалғанулары (тігіс металының қасиеттерін қоса алғанда) тексерілгеннен кейін рұқсат береді.
29. Бойлық немесе шиыршық тігісті электрмен пісірілген құбырларды қолдануға тігісті барлық ұзындығы бойынша радиографиямен, ультрадыбыспен немесе соған тең басқа дефектоскопиямен бақылау шартында рұқсат беріледі.
Әрбір тігіссіз немесе пісірілген құбыр гидравликалық сынаудан өтеді. Гидросынау кезіндегі байқау қысымының шамасы жобалық құжаттамада көрсетіледі. Егер тігіссіз құбырлар барлық беті бойынша физикалық әдістермен (радиографиямен, ультрадыбыстық немесе солармен теңесетін) бақылауға түссе, оларға гидравликалық сынау жүргізілмейді.
30. Жалатылған және балқытылған жаймалар мен қаптамалар балқыма қаптаумен бірге ультрадыбыстық бақылауға және металдың негізгі қабатынан, қаптамалар металының тұтассыздығы мен қатпарлануынан жалатылатын (балқытылған) қабаттың анықталуын қамтамасыз ететін басқа әдістермен бақылауға түседі. 4 МПа (40 кгссм[2]) жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 25 мм артық қосметалдық жаймалар ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе оған теңестірілетін басқа әдістермен толық бақылаудан өтеді.
31. 10 МПа (100 кгссм[2]) жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды дайындауға арналған, қалыңдығы 60 мм артық көміртекті және төмен легірленген жаймалық болат, ультрадыбыстық немесе соған теңестірілетін басқа дефектоскопиялық әдіспен парақтап бақылауға түседі.
32. 6,3 МПа (63 кгссм[2]) жоғары қысымдағы жұмыстарға арналған және габаритті өлшемдерінің бірі 200 мм артық және 50 мм артық қалыңдығы болатын, көміртекті, төмен легірленген және легірленген болаттардан жасалған қаптамалар ультрадыбыстық немесе соған теңестірілетін басқа әдіспен даналық бақылауға түседі.
33. Бұрамасұқпалар (бұрандамалар) материалы фланц материалының сызықтық кеңейту коэффициенттерінің мәндері бойынша жуықтау сызықтық кеңейту коэффициентімен тандалады. Сызықтық кеңейту коэффициенттері мәндеріндегі айырмашылық 10 % артық емес. Болатты сызықтық кеңейтудің әртүрлі коэффициенттерімен (10 % артық) бірге қолдануға беріктікке негізделген есептеу жағдайларында рұқсат беріледі.
34. Перлитті топтағы болаттан жасалған сомындарды, аустенитті болаттан жасалған өзектерде (бұрандамаларда) қолдануға рұқсат беріледі.
35. Бекіту тетіктерін салқын күйінде пішінсіздендіріп жасау жағдайында олар термиялық өңдеуге түседі.
36. Болат құйма бұйымдар термиялық өңделген күйінде қолданылады. Құйма бұйымдардың механикалық қасиеттерін тексеру термиялық өңдеуден кейін жүргізіледі.
37. Ыдыстарды дайындау үшін қолданылатын металл емес материалдар үшін, олардың жемірілуге орнықтылығы және температуралардың жұмыс ауқымында ерімейтін (қасиеттері өзгергенде) бөлігінде жұмыс ортасымен үйлесімділігі тексеріледі. Ыдыс арналған орта ыдыс паспортында көрсетіледі.
38. Металл пластикалық ыдыстар үшін қымтау қабатының (лейнердің) материалы ыдысты сыналатын қысыммен сынау кезінде материалда пластикалық пішін өзгерістері болмайтын түрде таңдалады.
39. Ыдысты дайындау үшін қолданылатын толтырғыш және байланыстырғыш материалдардың осы материалдарға арналған сертификатта көрсетілетін кепілдік пайдалану мерзімдері болады.
40. Беріктігі жоғары шойыннан жасалған шойын құйма бұйымдар термиялық өңделеді.
41. Қысып-басу әдісімен дайындалған ирек оймаларды термиялық өңдеу қажеттігі конструкторлық құжаттамамен реттеледі.
4.2. Дайындауға, қайта жаңартуға, монтаждауға, баптауға және
жөндеуге қойылатын талаптар
42. Ыдыстарды немесе олардың жекелеген элементтерін дайындау, қайта жаңарту, құрастыру, баптау және жөндеу технологиялық құжаттама бойынша жүргізіледі.
43. Қабырғасының қалыңдығы 6 мм артық болатын, қысыммен жұмыс істейтін элементтердің пісірме қосылыстары таңбаланады (таңба басылады). Таңбалау жүйесі конструкторлық құжаттамада көрсетіледі.
Қабырғасының қалыңдығы 6 мм кем болатын пісірме қосылыстарды таңбалау қажеттігі мен тәсілі конструкторлық құжаттама талаптарымен белгіленеді. Таңбалау тәсілі қақтап бекітуді, тапталуды немесе металл қалыңдығының жарамайтын жіңішкеруін болдырмайды және таңбалаудың бұйымды пайдаланудың барлық кезеңі көлемінде сақталуын қамтамасыз етеді.
44. Дайындағаннан кейін (жаныштау, қалыптау, пісіру кезінде)
қабырғасында жіберілмеуге тиіс қалдық кернеулер пайда болатын ыдыстар, беріктігіне термиялық өңдеумен қол жеткізілетін ыдыстар термиялық өңделеді.
45. Аустенитті топтың және көміртекті және темен легірленген марганецті және марганец-кремнийлі типтегі аустенитті топтағы болаттан жасалған, жемірілуге орнықты қабатпен бірге дайындалған болаттан жасалған ыдыстар мен оның элементтерін термиялық өңдеу қажеттілігі конструкторлық құжаттамада белгіленеді.
46. Аустенитті болаттан жасалып, салқын қалыптау немесе фланжирлеумен дайындалған ыдыстардың түптері термиялық өңдеуге түседі.
47. 850[о]С төмен болмайтын температурада қалыпталған (жанышталған) аустенитті хромникельді болаттардан жасалған түптер мен бөлшектер үшін термиялық өңдеу қажет етілмейді.
Аустенитті болаттан жасалған, қабырға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Доңғалақты көлік құралдарының сәйкестігін бағалау
Жарылыстан қорғау әдістері
Ақтөбе май дайындау зауытындағы сұйықтықты қыздыру процестерінің автоматтандырылуын жобалау
Мұнай айдау станциясы және негізгі жабдықтары
Энергетикалық қазандардың энергетикалық сипаттамасы
Өрт сөндіру құралдары
Өрттердің алдың алу
Қазандық қондырғыларынан шығатын шуды есептеу
Су қыздыру және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жобалау және пайдалану кезінде
Газ турбинасы
Пәндер