Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Практикалық жұмыс №10 Тақырыбы: «Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
"Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

1. Осы "Желдеткіш жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) өнеркәсіптік өндіріс объектілерінде қолданылатын желдету жүйелеріне және олардың құрамаларына қолданылады.

2. Желдету жүйесінің құрама бөліктерінің (дайын өнімнің) сәйкестендірілуі қосымшада келтірілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық (бұдан әрі - СЭҚ ТН) пайдалану жолымен анықтау үшін жеткілікті жиынтық ретінде таңбалау және жолдама құжаттар бойынша, белгілері, шарттары, көрсеткіштері мен талаптары бойынша жүргізіледі.

3. Осы Техникалық регламент ұйымдардың мынадай:

1) өндірістері А және Б өрт қауіптілігі санаттарына жатқызылған;

2) радиоактивті заттарды өндірумен және сақтаумен байланысты;

3) жер асты тау-кен жұмыстары;

4) ерекше мақсаттағы желдету жүйелеріне қолданылмайды.

4) Желдету жүйелері мен құрама бөліктерін қолданумен байланыстыжәне құрылымдық қасиеттері мен сипаттамаларына, сондай-ақ дайындау, құрастыру, сынау, баптау, өндіру үдерістерін ұйымдастыруға, пайдалануға және жөндеуге қойылатын талаптарға тәуелді тәуекелдер мыналарға:

1) ауыр зардаптар әкелетін желдету жүйенің құрама бөліктерінің сыну;

2) дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану және жөндеу, сонымен қатар өндіру үдерістерін келіспей ұйымдастыру кезінде механикалық зақым алу;

3) электрлік тоқпен зақымдану;

4) желдету жүйенің жауаптылық аумағында ауаның жоғары немесе төменгі температурасымен байланысты аурулардың пайда болу;

5) желдету жүйесін пайдалану және оны одан әрі пайдаға асыру кезінде қоршаған ортаны ластау тәуекелі болып бөлінеді.

5. Келтірілген тәуекелдерді төмендетуді жобалау, дайындау, құрастыру, сынау, баптау, пайдалану, жөндеу және желдету жүйелері мен олардың құрамаларын одан әрі пайдаға асыру сатыларында жүргізіледі.

Терминдер мен анықтамалар

6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңыменбекітілген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай анықтамалар мен терминдер қолданылады:

1) ауа арнасы - таза немесе ластанған ауаны тасымалдауға арналған құбыр;

2) дефлектор - бөлмедегі ауаны жоюға арналған ауа арнасы бітетін шетіндегі басы;

3) жалпы алмасу желдеткіші - бүкіл бөлме көлеміндегі ауаның алмасуын қамтамасыз ететін желдету;

4) желдету қондырғысы - жетек, желдеткіш және басқару мен бақылау аппараттарының жиынтығы;

5) желдету жүйесі - өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс бөлімдерінде және жұмыс орындарында қалыпты атмосфералық ортаны қамтамасыз ету мақсатымен бір-бірімен бір жиынтыққа байланысқан құрылғылар, жабдықтар (жетек, желдеткіш, ауа арналары, бақылау және басқару аппараттары) жиынтығы;

6) жергілікті желдету (аспирация) - залалдарды тікелей пайда болған жерлерден жоюды қамтамасыз ететін желдету.

Желдету жүйелерін жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар

7. Ауыстыру ортаның құрамына байланысты желдеткіштер: әдеттегі орындауда; жегідеге қарсы орындауда; жарылыс қауіпсіз және шаңдық орындауда дайындалады.

8. Жарылыс қауіпсіз орындаудағы желдеткіштер дөңгелектермен, конустармен және аллюминий немесе дюраллюминийден кіреберіс келте құбырлармен дайындалады; желдеткіш арқылы өтетін жарылыс қауіпті қосындысының ағымында болатын білік учаскесі аллюминийлік қалпақшалармен және төлкемен жабылады.

9. Жегідеге қарсы орындаудағы желдеткіштер агрессивті қоспалары бар ауа әсеріне берік материалдардан дайындалады.

10. Желдеткіштер діріл айырғыштармен жалпы іргетас рамасында электрлік қозғағыштармен жиынтықта және тапсырыс берушінің талабы бойынша реттеу құрылғысымен жеткізіледі.

Шаңсыздандыру жабдығына қойылатын талаптар

11. Құрғақ тозаңұстағыштар шанаптарды босатуға және ұсталған материалдарды транспортқа шансыз түсіруге арналған жұмыстарды механизациялауға мүмкіндік беретін қымталған бекітпесі бар сыйымды шанаппен жабдықталады.

12. Дымқыл тозаңұстағыштардың механизацияланған шламтұндыратын құрылғылары болады.

13. Жанғыш материалдардың шаңдарын ұстау кезінде шаңтұтқыш камералары өртке қарсы автоматтық жаңбырлы білікті құрылғылармен немесе инертті газдарды қолданумен автоматтық қондырғыларымен жабдықталады.

14. Барлық құйындатқыштардың шаңжинағыш - шанаптары болады.

15. Топтап орнатуда цилиндрлік құйындатқыштарды пайдалану қажет.

16. Электрлік тозаңұстағыштар құбырлы, кәрезді немесе пластинкалық орындауда; көлденең немесе тік; бір және көп, құрғақ немесе дымқыл (сумен жуумен) . Кернеу үлкендігі шектелмейді.

17. Ультрадыбыс тозаңұстағыштардың құрылымы олардың тек естілмейтін жиілігінің ауқымында ғана жұмыс істеуін қарастырады.

18. Кіру және рециркуляциондық ауаны тазалау үшін сүзгілер талап ету өнімділігінің сүзгілерін құрастыруына рұқсат беретін механикаландырылған агрегаттар немесе ұяшықтар жиынтығы түрінде дайындалады.

Желдету жүйелерін орнату (монтаждау) кезінде қойылатын талаптар

19. Желдеткіш тұғырын қатты негізге орнатқанда дыбысты оқшаулайтын төсенішке тығыз орналастырады. Серіппелі және резеңкелі тозушылықпен дірілді оқшаулайтын негіздер үлгілі тетіктер сызбаларына сәйкес жасалынады.

20. Желдеткіштердің біліктері көлденең орналастырылады, ортаға тарту күші бар желдеткіштер қаптамаларының тік қабырғаларында еңістер мен қисаюлар болмайды.

21. Желдеткіштердің іргетастарын орнатқан кезде ішінде анкерлі болттар үшін ұялар қалдырылады, желдеткіштер орнатылғаннан кейін ұялар цемент ерітіндісімен толтырылады.

22. Желдету жүйелері үшін электр қозғалтқыштар шүлдіктерінің параллельдігі және шкивтердің орташа сызықтарының сәйкес келуі, бүрмелерінің параллельдігі, бекітілулердің негізге бекітілу беріктілігі, корпустың, қосатын жалғастырғыштардың қоршаулары және белдік берілістердің жерлестірілуін есепке ала отырып орнатылады.

23. Шаңнан ауаны тазалау бойынша циклондар, скрубберлер және басқада жабдықтар салыстыра тексеріледі және постаменттерге, кронштейндерге немесе басқада тірек құрылымдарына мықтап тіркеп қойылады. Бұл жабдықтарға еркін қатынас қамтамасыз етіледі.

Пайдаланудағы желдету жүйелері үшін

24. Пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау және баптау жұмыс аумағындағы ауа күйінің санитарлық нормалар сәйкестігіне жету және желдету қондырғылардың жұмыс істеуі мақсатында технологиялық жабдық дұрыс салынған кезде ұйымның құрамымен жүргізіледі.

25. Сынау және баптау.

1) технологиялық жабдықты құрастыру және пайдалануға енгізу аяқталғаннан кейін, оның жұмыс істеуі кезінде бөлмеге өндіріс залалдары бөлінгенде;

2) қайта құрудан кейін (ауа арналарының сұлбасы өзгергеннен кейін) ;

3) жұмыс аумағындағы ауада өндірістік залалдары құрамның санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі табылған кезде желдету жүйелерді пайдалану үдерісінде жүргізіледі.

26. Сынау мен баптаудың алдында желдету жүйесін алдын ала тексерулер болады:

1) жылыту мен желдету қондырғыларын әбден талдап тексеру және оларды жобамен салыстыру;

2) технологиялық үдеріспен және өндірістік залалдарды бөлетін жабдықтың күйімен танысу;

3) желдету қондырғылар жұмысының пайдалану режимдерімен танысу және олардың жұмыс тиімділігін бағалау.

27. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау және баптау бойынша ақаулар ведмостінде белгіленген жүйенің ақауларын жою бойынша жұмыстардың бағдарламасы дайындалып көлемі анықталады.

28. Сынау және баптау мыналарды:

1) жұмыс аумағындағы бөлмелердің ауа ортасының күйін тексеруді (ауаның температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және қозғалғыштығын, желдету жабдығымен туғызылатын жылулық сәулеленудің қарқындылығын, зиянды газдардың құрамын, булар мен шаңдарды, шудың деңгейін анықтауды) ;

2) істеп тұрған желдету қондырғыны сынауды;

3) технологиялық жабдықтың жергілікті сорғылар мен желдету жабындылары жұмыстарының тиімділігін анықтау және сынау мен баптауды;

4) жергілікті желдету қондырғыларды баптауды;

5) бөлмелерде ауа ауыстырылуын анықтауды, жалпы ауыстырмалы кіргізу және сору желдету қондырғыларын баптауды;

6) желдету жүйесінің жекелеген элементтердің (тозаңұстағыш құрылғылары, калориферлер, сусепкіш камералар) жұмыстарының тиімділігін анықтауды және сынауды, баптауды;

7) желдету жұмысының тиімділігін, оның бапталуын қайталап ауа параметрлерін өлшеу жолымен тексеруді қарастырады.

29. Желдету жабдығының сынау және баптау нәтижелерінде жеткен негізгі жұмыс көрсеткіштері желдету қондыру паспортына кіргізіледі.

30. Сынау кезінде:

1) желдеткіштің тораптағы жұмысының нақты режимі (өнімділігі, дөңгелектің айналу жиілігі және толық қысымы) ;

2) тораптың барлық тармақтарының негіздерінде және барлық желдету саңылауларында калориферлік қондырғылардан, тозаңұстағыш құрылғылардан және ылғалдағыш камералардан кірген және шыққан кезде ауаның нақты шығындары;

3) калориферлік қондырғыларда, тозаңұстағыш құрылғыларда және ылғалдағыш камераларда ауаның өтуіне кедергісі анықталады.

31. Бөлмелердегі ауа алмасуы желдету жүйелерді тексеру және сынау нәтижелері негізінде анықталады.

32. Технологиялық жабдықтың мөлшер түрлері әртүрлі жергілікті сорғылары бар болғанда біртүрлес және бір мөлшерлес сорғылардың әрбір тобынан тек бір ғана сорғы тиімділікке сыналады. Сынау нәтижелерін бірдей өндіріс жағдайларында жұмыс істейтін барлық сорғыларға таратуға рұқсат беріледі және бүкіл желдету жүйесін баптау негізіне салынады.

33. Бір технологиялық аппараттан немесе бөлінбейтін қымталған жабындылар жүйесімен өзара байланысты (мысалы, элеватор-шанап-қоректендіргіш және сол сияқты) бірнеше аппараттардан тұратын технологиялық тізбектен ауа шығаратын бірнеше жергілікті сорғыларды қолданған кезде сынаумен олардың жиынтық тиімділігі белгіленеді.

34. Желдету жүйесін сынау және баптау нәтижелері қондыру паспортына кіргізіледі.

35. Бөлмелердің жұмыс аумағындағы ауа ортасының жағдайын зерттеу пайдаланудағы желдету жүйелерді сынау басында өткізіледі.

36. Зерттеу өндірістік қондырғылардың дұрыс жұмыс бастылығы және желдетудің қаралған жобалы режимінде жұмыс істеуі кезінде жүргізіледі.

37. Зерттеу жүргізу барысында өндірістік зиянды заттардың шығу жағдайына қарай анықталады:

1) бөлмелер ауасындағы газдың, будың және шаңның салмақтық құрамы;

2) бөлмедегі метеорологиялық жағдайлар (температура, біршама ылғалдылық және ауа жылжымалылығы, жылу сәулелерінің қарқындылығы) ;

3) ағынды ауадағы өндірістік залалдардың құрамы және оның параметрлері (температура, салыстырмалы ылғалдылық) ;

4) бөлмеден шығатын және келетін ауаның жалпы мөлшері;

5) бөлмеге жіберілетін және одан жойылатын ауа температурасының орташа өлшенген мәндері;

6) жұмыс аумағындағы ауаның нақты орташа температурасы.

38. Жұмыс істеп тұрған технологиялық жабдықтан шу деңгейі белгіленген нормадан артық болған кезде желдеткіш қондырғыларынан пайда болатын шуды төмендету шаралары қарастырылады.

Желдету жүйелерін пайдалану және жөндеу кезіндегі талаптар

39. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы желдету жүйелердің тоқтаусыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды дұрыс және үнемі пайдалану жүзеге асырылады, және келесі қарастырылады:

1. желдету жүйелерге қызмет көрсету үшін білікті құрамның болуы;

2. ауа ортасының жағдайын мезгіл-мезгіл тексеруді жүргізу;

3. желдету жұмысының тиімділігін анықтау және оны баптау бойынша жұмысты жүргізу;

4. жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы желдету жүйелердің техникалық жағдайының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету.

40. Әр бір желдету қондырғысының жұмыс режимі әр бір жекелеген желдетілетін бөлме бойынша Технологиялық регламент мазмұнына келесілер кіреді:

1) желдету қондырғысының және оның жекелеген құрылғылардың дұрыс жағдайының сипаттамасы;

2) жұмыс орындарындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және есеп температуралары;

3) әр бір желдету қондырғысының желдеткіштің айналу сандары және өнімділігі;

4) желдету қондырғыларын қосу және өшіру тәртібі;

5) кіретін ауаның ылғалдылығын, температурасын және көлемін реттеу тәсілдері;

6) жекелеген қондырғыларды күту ерекшеліктері;

7) желдету қондырғылардың негізгі жабдығын пайдалану бойынша техникалық нұсқаулар;

8) желдету қондырғылардың жұмыс тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен тәртібі;

9) өрт және авария кезінде қызмет ету құрамның әрекеттерінің тәртібі туралы нұсқаулар.

41. Әрбір өндіріс цехында немесе бөлімдерде желдету қондырғыларына қызмет көрсету журналы жүргізіледі, оларда:

1) кезек кезінде табылған желдету қондырғылардың сынғандығы;

2) авария салдарынан, электроэнергияның және жылу тасымалдағыштың болмау себептерімен жөндеуге байланысты қондырғылардың жұмыс істелуінің жұмыс уақытында тоқтатылудың барлық жағдайлары;

3) табылған ақауларды жою және қондырғылардың жұмысын жандандыру жазылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт сөндіру құралдары
Өрттердің алдың алу
Желдету жүйесі туралы түсінік
Қ. И. Сaтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бaс оқу корпусындaғы өрт жaрылысқa қaуіпті бөлмелерді бaғaлaу
Мұнай өткізгіш құбырлар
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
Қазандық қондырғыларынан шығатын шуды есептеу
ГИДРОЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАРЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТИІМДІ ӨНДІРУ
Өртті болдырмау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz