Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» Практикалық жұмыс №11 Тақырыбы: Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
https://www.pnhz.kz/upload/medialibrary/02f/1.jpg Өнеркәсіптік қауіпсіздік Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты - зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады.

Өндірістік қауіпсіздікті бақылау - өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру,

олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себебтерін анықтау болып табылады.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:
  • Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау:
  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау;
  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою;
  • қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының жөнделі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;
  • технологиялық тәртіптердің тұрақты бақылауын орнату;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау;
  • зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруі;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарларын табу;
  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу;
  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында авариялар, қақтығыстар, технологиялқ іркілістерді алдын ала ескертуге және оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы;
  • зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тәжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу және өлшеу бақылау заттарына уақытылы бақылау;
  • технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауду ұстау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу және өндірістік зиянды факторларды анықтау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттаестациялау және оны ұйымдастыру және бақылау.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік - физикалық және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуы. «ПМХЗ» ЖШС қауіпті өндірістік объекті болып табылады.

Қауіпті өндірістік объектіні сараптаудан өткізу және қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіздігін декларациялау өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы объектінің белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру және растау үшін жүргізіледі. Пайдаланған кезде қауіпті өндірістік объектілердің тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті декларациялауға жатады. Осыған байланысты кәсіпорын мамандары сараптамадан өткен және уәкілетті органда тіркелген Зауыттың қауіпсіздік декларациясын әзірледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі мақсаты - қауіпті қауіпсіздік объектілердегі апаттардың салдарларын болдырмау және азайту. Осы мақсатқа қол жеткізуге белгіленген талаптарға сәйкес келетін білікті мамандардың болуы да ықпал етеді. «ПМХЗ» ЖШС өз жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асырады.

https://www.pnhz.kz/upload/medialibrary/d1f/2.jpg

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі (ӨҚБЖ) - басқарушылық шешімдердің, нормалар мен рәсімдердің құрылымданған жиынтығы, солар арқылы тәуекелдерді болдырмау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қызметі жүзеге асырылып, дамиды.

ӨҚБЖ қауіпсіздіктің техникалық және ұйымдық қамтамасыз етілуін қамтиды және функционалдық деңгейде нақты жағдайларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптары сақталғанда құрал-жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты өндірістік бақылау жүргізу «ПМХЗ» ЖШС-тегі ӨҚБЖ-нің негізгі бағыты болып табылады. Бұл үшін зауытта Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес өндірістік бақылау туралы ереже әзірленді. Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне әсер ететін жағдайларды және бұзушылық себептерін айқындау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау міндеттері болып табылады.

«ПМХЗ» ЖШС қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіптілігіне байланысты қауіпті өндірістік объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жыл сайын жасасады.

https://www.pnhz.kz/upload/medialibrary/b50/3.png

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Химиялық өнеркәсіп орындарындағы техникалық реттеу шешімдері. Лак-бояу өнеркәсібі аймағындағы өрт-жарылыс қауіпсіздігін есептеу
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Техникалық регламент өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
Минералдық тыңайтқыштар және олардың маңызы
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz