Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер

Практикалық жұмыс №3

Тақырыбы: Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу.

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты
тәсілі мен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
Қолданылу саласы
Осы "Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) пайдалы қазбалардың кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игерумен байланысты өндірістік үдерістердің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
Пайдалы қазбаларды жер асты тәсілмен қазу тау-кен бөлу шеңберінде тау-кен қазындысын ашуды, қазуға дайындауды, өндіру мен тасымалдауды қамтиды. Жол берілмеуге тиіс негізгі қауіпті факторлар (қатерлер):
1) жыныстардың құлауы мен тау-кен соққылары;
2) кеніш атмосферасының ластануы;
3) су және газ жарылу қаупі;
4) жарылыс-өрт қауіптілігі болып табылады.
3. Техникалық регламент жанғыш пайдалы қазбаларды, радиациялық қауіпті өндірістерді қазу үдерістеріне, оның ішінде жер асты сілтілеу кезінде, жер қойнауын қорғауға қолданылмайды.

Терминдер мен анықтамалар
Осы Техникалық регламентте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) желдету ағысын реверстеу - тау-кен қазбаларында ауа қозғалысының бағытын кері (қарама-қайшы) бағытқа жасанды түрде өзгерту;
2) жер асты тау-кен қазбалары - жер бетіне шығу жолының бар-жоғына қарамастан, тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құрылған жер қойнауындағы құрылыстар;
3) кенжар - пайдалы қазбаны немесе тау-кен жыныстарын қазу объектісі болып табылатын, олардың кеңістікте орналасатын қабаты;
4) кеніш ауасы - қазба бойымен қозғалыс кезінде өзінің құрамында әр түрлі өзгерісте болатын, атмосфералық ауаның кен қазбаларын толтыратын газдармен және булармен қоспасы;
5) қауға - шахта оқпандары мен шыңырауларды ұңғылау кезінде қолданылатын көтергіш ыдыс;
6) өндіру - жер қойнауынан пайдалы қазбаларды шығару жөніндегі өндірістік үдерістер кешені;
7) тау-кен жыныстарының құлауы - қабаттарды бұза және қазындыдан жекелеген кесектер мен үйінділерді бөле отырып жыныстардың сырғуы;
8) тау-кен қазбаларын желдету - барлық қолданыстағы тау-кен қазындыларында атмосфераны сапалы құрамы бойынша тиісті тазалық күйінде тұрақты ұстау;
9) тау-кен соққысы - кентіректің немесе қазындының бүйірлік бөлігінің жер асты қазбасына кен (жыныс) лақтырындысы түрінде байқалатын лезде морт бұзылуы.

Кен орындарын ашу және дайындау кезінде қауіпсіздікке
қойылатын талаптар
Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру кезінде жер асты тау-кен жұмыстары технологиялық үдерістерді, техникалық құрылғылар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін материалдарды қолдануды қарастыруы, жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды қамтуы тиіс жоба негізінде жүзеге асырылады.
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және пайдалануға дайындау жөніндегі жұмыстар игеру жүйесінің топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық, тау-кен техникалық жағдайларын ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Тоннель (штольня) порталындағы немесе салынып жатқан кеніштердің (шахтаның) оқпанындағы алаң жоспарланған болуы, көлік пен құрылыс машиналарының қозғалысы кіреберіс жолдары, адамдарға арналған қауіпсіз өту жолдары болуы тиіс.
Қазбада су, қорыстар мен газдар жарылуға қатысты қауіпті учаскелерде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде кемінде 10 м тұрақты түрде алға жылжыта отырып, алдыңғы қатардағы барлау ұңғымаларын бұрғылау жүргізілуі тиіс.
Тік және көлбеу оқпандардың, шыңыраулар мен штольнялардың сағалары тау-кен қазбаларына жер бетіндегі сулардың өту мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылуы және жабдықталуы тиіс.
Әрбір жұмыс істеп тұрған кеніште (шахтада) адамдардың әр көкжиектен жер бетіне тікелей шығып өтуін (шығуын) қамтамасыз ететін және әр түрлі бағыттағы желдету ағындары бар кемінде екі дербес шығу жолы қарастырылуы тиіс. Кеніштің (шахтаның) әрбір көкжиегі адамдарды тасымалдау (жүріп-тұруы) үшін лайықталған, жоғары орналасқан (төмен орналасқан) көкжиекке немесе жер бетіне шығатын кемінде екі дербес шығу жолымен жабдықталады.
Тау-кен қазбаларын жүргізу, бекіту және жөндеу ұйымның техникалық басшысы бекіткен паспорттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Адамдар үшін еркін жүріп-тұру жолы тұтас тау-кен қазбасының бойымен қамтамасыз етіледі. Жүктерді ауыстырылатын және адамдар жүріп-тұратын көлбеу қазбаларда адамдардың қауіпсіз жүріп-тұруына арналған бөлімшелері болуы тиіс.
Қазбалардың барлық түйіскен жерлері мен сағалары жыныстардың орнықтылығына қарамастан бекітіледі. Жасанды түрде ұстауды тиіс ететін жыныстарда көлденең және көлбеу қазуды жүргізу кезінде тұрақты бекіткішті орнатқанға дейін уақытша бекіткіш қолданылуы тиіс.
Биіктігі 4 м астам қазбаларда жыныстарды шабақтау және кенжарларды тексеру үшін шабақтау жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін жылжымалы табандар немесе өздігінен жүретін агрегаттар қолданылуы тиіс.
Көтергіш қондырғылармен жабдықталған, қолданыстағы және ұңғыланып жатқан тік және көлбеу қазбалардың сағалары қоршалуы тиіс. Желдеткіш өрлемелердің сағалары жабылуы тиіс.
Геологиялық бұзылу аймақтарында, ықтимал су жарылу учаскелерінде қазбаларды ұңғылау қосымша қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі тиіс.
Шахта оқпандарын ұңғылау, тереңдетіп қазу, әбзелдеу және бекіту бойынша жұмыстар жоба бойынша жүргізілуі тиіс. Кеніштердің (шахталардың) оқпандары оларды толық ұңғылау уақыты ішінде тұтастай тереңдікте желдетілуі тиіс.

Өндіру жұмыстары кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Жобалау ұйымдарымен өндіру жұмыстарының жүйелерін таңдау жұмыстардың, үдерістерді механикаландыру мен автоматтандыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, пайдалы қазбаларды қазу кезінде шығындарды төмендетуді ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Өндіру жұмыстарын жүргізу мынадай паспорттарға сәйкес жүзеге асырылады: қазылатын учаскенің, жер асты қазбаларын жүргізу және бекіту; бұрғылап жару жұмыстары; жұмыс аймақтарын немесе учаскелерін желдету.
Екі аралас қабатта құлауы бойынша бір-бірінің үстінен орналасқан блоктарды бір мезгілде өңдеуге тыйым салынады.
Жоғарғы қабаттың тазалау кенжарын жобамен белгіленген аралықта төменгі қабатқа қарай босатқан жағдайда өндіру жұмыстарын аралас қабаттарда бір мезгілде жүргізуге болады.
Бүйірлік жыныстар мен жабындарды бұза отырып өндіру кезінде жабынды бұзу паспортта белгіленген адымнан жоғары кешіктірілген жағдайда мәжбүрлі түрде бұзу қолданылады.
Жапсарлас жыныстарда қорыстар, кеппеген құм, сазды топырақтар және су немесе газ толған қабаттар болған жағдайда кен мен түсетін жыныстарды бұза отырып қазу жүйесін қолдануға тыйым салынады.
Иілгіш төсем салбыраған немесе оны бұзу кешіктірілген кезде, сондай-ақ жабынды жыныстар қозғалған және бұзылған уақытта қабатты қазу бойынша өндіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Камералық, панелді-бағаналы қазу жүйелерінде кентіректер мен камералардың шүлдіктерінің сәйкестігі өсуі бойынша сақталуы тиіс. Кентіректер мен камералардың шүлдіктерінің сәйкестігін сақтау мүмкін болмаған жағдайда, олардың арасында ені жобамен анықталатын таспалы кентірек салынады.
Қазылған кеңістіктің жай-күйін басқару (қалау, бұзу, қатты және икемді кентіректерді салу) таңдап алынған қазу жүйесіне байланысты жобамен анықталады.
Мыналарға:
1) камерааралық кентіректерді аралас камераларға кен (жыныс) төселмеген немесе толтырылмаған кезде тау-кен қазбаларын жүргізуді тиіс ететін жүйелермен қазып алуға;
2) кентіректі қазып алуға дайындау үшін немесе олармен аралас камераларды қазып алу үшін кентіректердің тұрақтылығын бұзатын қазбамен жүруге;
3) камера толтырылмаған және екі қабаттан астам толтырылған камераларда кентіректерді бір қабаттан астам биіктікте қалдыруға тыйым салынады.
Кентіректерді жаппай бұзған кезде ауа соққысының қауіпті салдарын болдырмайтын шаралар қолданылуы тиіс.
Кентіректерді бұзу кезінде немесе сол учаскеде оларды толықтай бұзбаған кезде тау-кен қазындысын салуды кешіктіргенде кедергіні жойғанға дейін өзге жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Камералы-бағаналы қазу жүйесінде қазылған камераларда кентіректері алып шығу жобаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Майдалау кезінде жарылыс қаупі бар тозаң түзетін материалдарды ұсақтау оның жарылуын болдырмайтын іс-шараларды орындай отырып жүргізілуі тиіс.

Тау-кен соққылары бойынша бейім және қауіпті кен орындарын
игеру кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Тау-кен соққылары бойынша бейім және қауіпті кеніштерді (шахталарды) жобалау, салу және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) кеніш (шахта) оқпандарының оқпан қабырғалары арасында кемінде 50 м қашықтықта ірі геологиялық бұзылушылықтардың әсер ету аймағынан тыс орналасуы;
2) икемді бекіткіштерді, берік, распорлы немесе қоршау түріндегі бекіткіштерді, құрастырмалы бекіткіштерді, икемді элементтері бар штанга бекіткіштерді қолдану;
3) қазбаға көлденең қималы полигонды (тұрақты) пішін беру;
4) жүк түсіру саңылаулары мен ұңғымаларын бұрғылау, камуфлетті немесе контурлық жару арқылы саңылаулар жасау;
5) тау-кен соққыларының алдын алудың технологиялық үдерістері мен тәсілдерін уақыт пен кеңістікте регламенттеу;
6) негізгі қысым аймағында тазалау жұмыстарынан қазба жұмыстарын жүргізуді шектеу;
7) қазба жолдарындағы соққы қауіптілігін болжауды және соққыға қарсы іс-шаралардың тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
8) қазылмаған қазындының ең жоғарғы көлденең кернеуі жұмыс істеп тұрған бағытта негізгі көлденең және көлбеу қазбаларды бағыттау;
9) кен қыртысында тазалау жұмыстарынан негізгі қысымның аймағынан тыс дайындық қазбаларын жүргізу;
10) кенжарлар арасындағы қашықтық бір кенжарда 15 м болғанда екінші кенжар тоқтатылып, екі қазбаны түйістіруді жүзеге асыру;
11) қазбаларды тікелей немесе оған бұрышы жағынан жақын
қиылыстыруды жүзеге асыру.
Тау-кен соққылары бойынша бейім және қауіпті кеніштерде (шахталарда) тау-кен жұмыстарын жоспарлау кезінде тау-кен соққыларын болжау және алдын алу жұмыстары қарастырылады.
Қазылған кеңістікті бекіте отырып, ірі кен қыртыстарын қабаттап қазу жүйесінде кен сілемі жабынының (топырақтың) қорғағыш қабатын алдын ала өңдеу немесе қазындыларды тиімділігі міндетті түрде бағаланған үлкен диаметрлі ұзындығы 15 м аспайтын ұңғымалармен түсіру жүзеге асырылады.
Қуаты орташа тік құламалы кен сілемдерін қазу кезінде ара қабаттарды жоғарыдан төмен қарай тәртіпте өңдеп, қазылған кеңістікті қататын қоспамен, сыртқы кен бөлігімен бекітіп, қабат сайын бұзу немесе ара қабат қуақаздары (қияқаздары) жүйесін қолданған жөн.
Жайпақ және көлбеу кен қыртыстарын қазу, көбінесе, соққы шығу қаупінде пішінді кентіректерді қалдырмай, қазылған кеңістікті бекіту немесе бұзу жүйесімен жүзеге асырылады.
Ерекше күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда (ауқымды тектоникалық бұзылу және қазба тереңдігі, соңғы үлгідегі тектоникалық қозғалыстар және аудандардың жоғары сейсмикалық белсенділігі) динамикалық құбырлар бойынша қауіпті аймақтарды үздіксіз анықтау үшін сейсмостанциялар құрылуы қажет.
Кен қыртысындағы дайындық қазбалары тазалау жұмыстарынан болатын негізгі қысым аймағынан тыс жүргізіледі. Тазалау жұмыстары фронтынан бастап шекті қашықтық жобамен анықталады.
Жақын орналасқан кен қыртыстарын қазу кезінде ең алдымен қауіпті емес немесе қауіптілігі аз кен қыртыстары қазылады.
Тау-кен соққылары бойынша қауіпті кен орындарында жұмыстар қорғалған аймақ шегінде жүргізіледі.
Қабат арасын бұзу жүйесін қолдану кезінде флангілерге қарай сілем ортасынан немесе бір флангіден басқасына ортақ фронтпен тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін алаңдағы дайындықты қолданған жөн.

Тау-кен қазындысын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар.
Локомотивпен тасу
Ерекше күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда (ауқымды тектоникалық бұзылу және қазба тереңдігі, соңғы үлгідегі тектоникалық қозғалыстар және аудандардың жоғары сейсмикалық белсенділігі) динамикалық құбырлар бойынша қауіпті аймақтарды үздіксіз анықтау үшін сейсмостанциялар құрылуы қажет.
Кен қыртысындағы дайындық қазбалары тазалау жұмыстарынан болатын негізгі қысым аймағынан тыс жүргізіледі. Тазалау жүмыстары фронтынан бастап шекті қашықтық жобамен анықталады.
Жақын орналасқан кен қыртыстарын қазу кезінде ең алдымен қауіпті емес немесе қауіптілігі аз кен қыртыстары қазылады.
Тау-кен соққылары бойынша қауіпті кен орындарында жұмыстар қорғалған аймақ шегінде жүргізіледі.
Қабат арасын бұзу жүйесін қолдану кезінде флангілерге қарай сілем ортасынан немесе бір флангіден басқасына ортақ фронтпен тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін алаңдағы дайындықты қолданған жөн.

Тау-кен қазындысын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар.
Локомотивпен тасу
Әрбір кеніште (шахтада) барлық қазба бойымен тасымалдау түрлері, тасымалдау жолдарының ұзындығы, айрықтар мен олардың сыйымдылықтары, адамдарды отырғызу (түсіру) орындары көрсетілетін техникалық басшы бекіткен негізгі тасымалдау жолдарының схемасы болуы тиіс.
Локомотивтермен тасымалданатын көлденең қазбаларда 0,005 промилледен аспайтын ылди болуы тиіс. Қазба ылдиы 0,005-тен 0,05 промиллеге дейін локомотивпен тасымалдау арнайы жоба бойынша жүзеге асырылуы тиіс. 0,05 промилледен астам ылдиларда локомотивпен тасымалдауға тыйым салынады.
Құрамның тежегіш жолы ең жоғарғы ылдимен жүктерді тасымалдау кезінде 80 м, адамдарды тасымалдау кезінде 40 м аспауы тиіс.
Қозғалыс уақытында локомотив құрамның басында болуы тиіс. Локомотивтің қозғалыс жылдамдығы 2 мс аспаған кезде ұзындығы 300 м аспайтын учаскеде орындалған маневрлік операция кезінде ғана құрамның соңында болуына рұқсат беріледі.
Көкжиекте екі және одан астам локомотив бір мезгілде жұмыс істеген кезде екі жарық беретін дабыл қолданылуы тиіс.
Тек бір жол учаскесінде тасу локомотивін басқа тасу түрімен қатар атқаруға, сондай-ақ тасуды аккумуляторлық және байластырушы электровоздармен қатар атқаруға тыйым салынады.
Тұрақты тиеу бекеттерінде және аударғыштардың жанында итергіштер қолданылуы тиіс. Итергіштерді басқару оймаларда немесе қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпсіз басқа да орындарда орналасқан бекеттерде аударғыш пен итергішті бір мезгілде іске қосуға кедергі келтіретін бұғаттағыш болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.
Тасу жолдарының бағыт ауыстырғыштарының механикалық және қол жетектері адамдар өтетін жол жақтан кемінде 0,7 м еркін жүріп-тұру қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс. Қазбаның ені жеткіліксіз болған кезде бағыт ауыстырғыштың жетектері оймаларда орнатылуы тиіс.
Оқпан жанындағы аулалар мен басты тасымалдау қазбаларының қиылыстарындағы бағыт ауыстырғыштардың қозғалатын электровоздың кабинасынан қашықтықтан басқаратыны болуы тиіс.
Байланыстырушы желі адамдардың электр тогымен зақымданудан қорғайтын аппаратурамен жабдықталуы тиіс. Адамдардың жүріп-тұратын учаскелерінде өнеркәсіп алаңының аумағындағы отырғызу орнына дейін байланыстырушы сым аспасының биіктігі кемінде 2,2 м болуы тиіс.
Жұмысшылар ауысымын түсіру және көтеру уақытында байланыстырушы сым оқпаннан бастап отырғызу бекетіне дейін оқпан жанындағы алаңда орналасқан учаскеде ажыратылуы тиіс.
Байланыстырушы желі ажыратқыштармен секцияға бөлінуі кажет, олардың арасындағы қашықтық 500 м аспауы тиіс. Секциялық ажыратқыштар байланыстырушы жетектің барлық тармақтарында да орнатылуы тиіс.
Байланыстырушы желіні бірнеше шағын станциядан қоректендіру кезінде бөлек шағын станциядан қоректендірілетін әрбір учаске басқаларынан оқшаулануы тиіс.
Байланыстырушы жетектің арқандармен, кәбілдермен, құбырлармен және басқаларымен қиылысу орындары кеніштің (шахтаның) техникалық басшысы бекіткен сызба бойынша орындалуы тиіс.
Ұзын материалдар мен жабдықтарды құрамдармен жеткізу кезінде өзара қатты тіркемемен тіркелген осы мақсатқа арналған вагоншаларды немесе платформаларды қолдану қажет.
Көлбеу қазбалармен тасымалдау кезінде вагоншалардың төменгі және аралық қабылдау алаңдарына арқанды, тіркеме құрылғыны немесе тіркемені үзу кезінде сырғуына кедергі келтіретін бұйымдар көзделуі тиіс.
Төменгі қабылдау алаңдарынан жоғары автоматты немесе қашықтықтан басқарылатын амортизатор құрылғыларымен жабдықталған сақтандыру тосқауылдары орнатылуы тиіс.
Қазбалардың көлденең учаскелерінің төменгі және аралық қабылдау алаңдарында жұмысшылардың жасырынуы және басқару мен байланыс пульттерін орнату үшін оймалар орнатылуы тиіс.
Шексіз және ақырғы арқандармен тасымалдау кезінде вагоншалардың тіркемеден өздігінен ажырауына жол бермейтін тіркеме және тіркеу құрылғылары қолдануы тиіс.
2. Конвейерлік көлік
Таспалы конвейерлер:
1) іске қосу алдындағы дабылмен;
2) таспа оның енінен 10 %-дан астам шығып кеткен кезде конвейердің жетегін сөндіретін таспаның бүйірінен шығып тұратын бергіштермен;
3) шамадан тыс жүктеме орындарында шаң басатын құралдармен;
4) таспалар мен барабандарды тазалайтын құралдармен;
5) таспаның жылдамдығын бастапқы (жылжымайтын) жылдамдығын 75 %-ға төмендету кезінде конвейерді сөндіруді қамтамасыз ететін қорғау құралдарымен;
6) конвейерді оның ұзындығы бойынша кез келген нүктеден сөндіруге арналған қондырғымен;
7) конвейердің қашықтықтан басқару пультінен іске қосылуын болдырмайтын бұғаттағышпен;
8) тежеуіш қондырғылармен (көлбеу бұрышы 6[о] астам конвейерлер үшін) жабдықталуы тиіс.
Тез жанбайтын таспалармен жарақталған конвейер желілері жетек станцияларында автоматты өрт сөндіру құралдарымен және дабылмен қамтамасыз етілуі тиіс. Тез жанбайтын таспалармен жарақталған магистральды және учаскелік конвейерлер автоматты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
Таспалардың төзімділік қоры асу кезінде:
1) конвейердің көлбеу бұрышы 10[о] дейін - резеңке матадан жасалған таспалар үшін кемінде 9,5 және резеңке сымнан жасалған таспалар үшін кемінде 8;
2) конвейердің көлбеу бұрышы 10 [о]-тан астам - резеңке матадан жасалған таспалар үшін кемінде 10 және резеңке сымнан жасалған таспалар үшін кемінде 9,5 м болуы тиіс.
Қазбаларды кесіп өтетін орындарды конвейермен өту үшін тиейтін және түсіретін қондырғыларда әрбір 200 м сайын конвейердің ұзындығымен ауыспалы көпіршелер орнатылады.
3. Өздігінен жүретін жабдық
56. Іштен жанатын қозғалтқыштары бар өздігінен жүретін машина:
1) машинистің көз алдында болатын және машинаның жүру жылдамдығын көрсететін аспаппен;
2) дыбысты сигнал берумен;
3) мото сағатты немесе жүріп өту жолын километрмен көрсететін
есептеуішпен;
4) жарық түсіргіш аспаптармен: фаралармен, ені бойынша ірі сигналдармен, тежеу кезінде қосылатын артқы тоқтату сигналымен жабдықталуы тиіс.
Іштен жанатын қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдық қалыпты кеніш күйіндегі, газ бен тозаң қауіпті кеніштерде (шахталарда) жарылыстан қорғалатын кеніш күйіндегі электр жабдығымен жинақталуы тиіс.
Газ бен тозаң қауіпті кеніштерде (шахталарда) тұтандыру жүйелерімен жабдықталған қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынады.
Газ бен тозаң қауіпті кеніштерде (шахталарда) іштен жанатын қозғалтқыштың едәуір қызатын бөлігінің жоғарғы жағындағы температурасы 150[о] С-тан, ал кеніштің атмосферасына тазалап, суытқаннан кейін пайдаланылған газдардың температурасы 70[о] С-тан аспауы тиіс. Гидро арқылы берілетін жұмыс істеп тұрған сұйықтықтың температурасы 85[о ]С-тан, суыту жүйесіндегі су - 95[о] С-тан, мотордағы май - 115[о] С-тан аспауы тиіс.
Іштен жанатын қозғалтқыштары бар машиналар пайдаланылған газдарды екі сатылы тазалау (каталитикалық және сұйықтық) жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Зиянды газдардың құрамы шекті рұқсат қосылымынан артық болатын пайдаланылған газдарда машиналарды пайдалануға тыйым салынады. Пайдаланылған газдарды талдау жер асты жағдайында қозғалтқышты пайдаланар алдында, әрбір жөндеуден, қозғағышты реттегеннен немесе жұмыстағы ұзақ үзілістен кейін (екі аптадан астам) және жаңа маркалы отын құйған кезде жүргізілуі тиіс.
Газдардың шығу жолы пайдаланылған газдардың машинистің кабинасына кіру мүмкіндігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпсіздік ережелері
Ақпараттық қауіпсіздік туралы
Қорғаныс саясатының негізгі түсінігі
Ақпараттық жүйенің архитектурасы
Топырақтың беткі қабатын өңдеу
Жеке қорғаныс құралдарына шолу
Мұнай өндірісі
Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамдас бөліктері
Ақпаратты қорғаудың аппараттық құралдардың белгіленуі және сипаттамалары
Пәндер