Істе тұрған және жөндеуден өткен құбырлардың іске жарамдылығын бақылау және бағалау. Белгілі аймақтағы құбырларды бағалауды жүргізу
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті
Аграрлық техника және технология кафедрасы
Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Істе тұрған және жөндеуден өткен құбырлардың іске жарамдылығын бақылау және бағалау. Белгілі аймақтағы құбырларды бағалауды жүргізу.
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
Істе тұрған және жөндеуден өткен құбырлардың іске жарамдылығын бақылау және бағалау.
Газға қауіпті жұмыстар
Газдалған ортада немесе жұмыс жүргізу кезінде газ шығуы мүмкін жұмыстар газға қауіпті болып есептеледі. Осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпорындарда ГҚ объектілерінің жұмыс аймақтарында қалыптасуы мүмкін зиянды және өртке қауіпті жарылғыш заттардың тізбелері әзірленеді. Әрбір пайдалану бөлімшесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша газға қауіпті орындардың тізбесі әзірленеді. Ауадағы газдылық шекті рұқсат етілетін мөлшерден және шекті рұқсат етілген жарылғыш қауіпсіз мөлшерден жоғары болса немесе құрамында 18%-дан төмен оттегі болатын аймақ газға қауіпті орын болып саналады (көлемі бойынша). Тұтанудың төменгі концентрациялық шегі - тұтану көзінен кез келген қашықтықта қоспасы бойынша оттың тарауы мүмкін қышқылдандырылатын ортасы бар бірыңғай қоспада жанатын заттың ең аз құрамы.
Газдың қауіпті мөлшері - бұл газ тұтануының төменгі концентрациялық шегінің 20%-ға тең болатын мөлшері (газдың ауадағы көлемдік үлесі).
Газға қауіпті жұмыстардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) жаңадан салынған газ құбырларының жобалау құжаттамасына сәйкес қолданыстағы газ желісіне қосылуы; 2) газ құбырларына және газбен қамту жүйесінің басқа да объектілеріне оларды пайдалануға беру кезінде жөндеуден және оларды консервациялаудан кейін, сондай-ақ оларда іске қосу жұмыстарын жүргізу кезінде газ жіберу; 3) жұмыс істеп тұрған ішкі және сыртқы газ құбырларына, ГТП жабдықтарына, газ пайдаланатын агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ жарылудан қорғалған электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүргізу; 4) гидраттық тығындарды жою, бұқтырмаларды орнату және алып тастау және газ құбырларынан жұмыс істеп тұрған жабдықтарды, құралдарды және аппараттарды ажырату;
5) газ құбырларын ажырату, үрлету және демонтаждау;
6) жоғары және төмен қысымдағы ыдыстарға техникалық куәландыруды дайындау және жүргізу; 7) газды кәдеге жарату орындарында оларды жойғанға дейін топырақ әзірлеу; 8) технологиялық жабдықты, коммуникацияны, оның ішінде ыдыстың, аппараттың, цистернаның, коллектордың, құдықтың ішінде, сондай-ақ туннельдерде, траншеяларда және соған ұқсас басқа да орындарда оларды жүргізу кезінде жұмыс аймағына жарылу және өртке қауіпті немесе зиянды булардың, газдардың және жарылуға, жануға әкелетін, адам ағзасына зиянды әсер ететін, сондай-ақ оттегі құрамының жеткіліксіздігі (көлемдік үлесі 18%-дан төмен) жағдайында жұмыстарды қарау, тазалау, жөндеу және саңылаусыздығын жою.
Газға қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі талаптары
Осы талаптар ГТҰ персоналы, сондай-ақ басқа да ұйымдар орындайтын газға қауіпті жұмыстарға қолданылады. Әр ГТҰ-да, оның филиалында немесе бөлімшесінде ГТҰ, оның филиалы немесе бөлімше басшысының бұйрығымен газға қауіпті жұмыстарды орындауда жеткілікті тәжірибесі бар инженерлік-техникалық жұмысшылардың қатарынан газға қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты білім тексеруінен өткен адам тағайындалады. Газ бірнеше цехта (учаскеде) қолданылатын өндірісте ұйым бойынша газға қауіпті жұмыстарды жүргізуге жауапты адамнан басқа әкімшіліктің шешімі бойынша жекелеген цехтарда (учаскелерде) газға қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғалар бекітіледі. Әр ұйымда нақты өндірістік шарттарда қолдануға келетін газға қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәртібін нақтылайтын өндірістік нұсқаулық әзірленеді, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі келісіледі, оны бас техникалық басшы бекітеді. Өндірістік нұсқаулықта рұқсат беру нарядын беруге, оны бекітуге және келісуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесі болады. Өндірістік нұсқаулықта қамтылған қауіпсіздік талаптары Қағидалардың осы параграфының талаптарынан кем белгіленбейді. Басқа да ұйымдар газға қауіпті жұмыстарды орындау кезінде тапсырыс беруші кәсіпорынның нұсқаулығын басшылыққа алады.
Газға қауіпті жұмыстар, оның ішінде адамдардың аппараттың, ыдыстың және басқа да жабдықтардың ішінде болуына байланысты жұмыстар, егер олар жұмыстарды механикаландыру, автоматтандыру немесе тікелей адамдардың тікелей қатысуынсыз жүргізу мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Әр ұйымда газға қауіпті жұмыстар санын қысқарту бойынша технологиялық үрдісті жетілдіру, диагностиканың қазіргі әдістерін енгізу, технологиялық жабдықтар мен коммуникацияларды гидравликалық, механикалық, химиялық құралдармен тазарту, жекелеген тораптар мен аппараттарды шектеудің сенімді құралдары мен технологиялық схемаларын жарақтандыру арқылы олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шаралар қолданылады. Ұйымдарда әр цех (учаске) бойынша осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша газға қауіпті жұмыстардың тізбесі әзірленеді. Тізімде газға қауіпті жұмыстар жеке көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат беру нарядын ресімдеумен жүргізілетін); 2) осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат беру нарядын ресімдеусіз, бірақ осындай жұмыстарды оларды бастаудың алдында журналда міндетті тіркеу арқылы жүргізілетін; 3) болуы мүмкін апаттық жағдайлар мен аварияларды жою немесе оқшаулау қажеттілігіне байланысты.
Газға қауіпті жұмыстар тізбесін цехтер (учаскелер) бастықтары дайындайды, оны өндірістік (техникалық) бөлім, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі - ЕҚ ж ҚТ) қызметі келіседі және бас техникалық басшы бекітеді. Газға қауіпті жұмыстар тізбесі жылына бір реттен кем емес мерзімде қайта қаралады және қайта бекітіледі. Газға қауіпті жұмыстардың тізбесінде мыналар көрсетіледі: цех (учаске), жұмыстың орны мен сипаты, оны жүргізу кезінде болуы мүмкін қауіпті және зиянды өндірістік факторлар (бұдан әрі - ҚЗӨФ), орындаушылар санаты (өндірістік персоналдың), орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шаралар. Бекітілген тізбеге енгізілмеген газға қауіпті жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда олар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес кейіннен он күндік мерзімде тізбеге енгізу арқылы рұқсат беру наряды бойынша орындалады. Жұмыстың сипатын және орнының тұрақтылығын, орындаушылардың белгіленген құрамымен оларды жүргізудің бірыңғай (ұқсас) шарттарымен сипатталатын технологиялық процестің ажырамас бөлігі болып табылатын мерзімде қайталанатын газға қауіпті жұмыстар рұқсат беру нарядын ресімдеусіз жүргізіледі. Барлық осы жұмыстар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жасалатын газға қауіпті жұмыстардың тізбесіне енгізіледі.
Осындай жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шаралары жұмыс орындарына арналған нұсқаулықта немесе осы Қағидалар талаптарын ескере отырып дайындалатын арнайы нұсқаулықта көрсетіледі. Осындай жұмыстар осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бөлімшелерде рұқсат беру нарядын ресімдеусіз жүргізілетін газға қауіпті жұмыстарды есепке алу журналында тіркеледі. Журнал нөмірленеді және тігіледі, мастикалық немесе сүргіш мөрмен бекітіледі. Журналды сақтау мерзімі оның аяқталған күнінен бастап кем дегенде бір жыл. Апаттық жағдайдың дамуының алдын алу және аварияны оқшаулау қажеттілігіне байланысты газға қауіпті жұмыстар аварияны жою жоспарына сәйкес жүргізіледі. Рұқсат беру наряды бойынша орындалатын газға қауіпті жұмыстар күндізгі уақытта жүргізіледі. Газға қауіпті жұмыстарды шұғыл жүргізудің айрықша жағдайларында еңбекті қорғау қызметінің және техника қауіпсіздігі немесе объектінің апаттық қызметі өкілінің қатысуымен қараңғы уақытта жүргізілуіне рұқсат беріледі. Бұл ретте рұқсат беру нарядында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету бойынша олардың тәуліктің қараңғы уақытында орындалу жағдайларын ескеретін қосымша іс-шаралар қарастырылады. Әуеде оқшауландыратын аппараттарды қолдануға байланысты газға қауіпті жұмыстарға тек арнайы оқу дайындығынан өткен адамдар ғана тартылады. Рұқсат беру нарядын ресімдеу немесе газға қауіпті жұмыстарды есепке алу журналында тіркеу арқылы орындалатын әр газға қауіпті жұмыс мынадай үш сатыдан тұрады: 1) газға қауіпті жұмысты жүргізуге объектіні дайындау; 2) газға қауіпті жұмыстарды тікелей жүргізу; 3) аяқтау жұмыстары.
Газға қауіпті жұмысты жүргізуге объектіні дайындауға жауапты болып осы объектіні пайдалану персоналының қарауына жататын цехтың инженерлік-техникалық жұмысшысы тағайындалады. Газға қауіпті жұмысты жүргізуге жауапты болып осындай жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процесті жүргізумен айналыспайтын және газға қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу тәсілдерін білетін инженерлік техникалық жұмысшы тағайындалады. Жұмысты басқа да ұйымның жұмысшылары орындаған жағдайда олардың жүргізілуіне жауапты болып газға қауіпті жұмыстарды жүргізуді басшылыққа алуға рұқсат берілген және қарауында газға қауіпті жұмыстардың орындаушылары бар осы ұйымның инженерлік-техникалық жұмысшысы тағайындалады. Рұқсат беру нарядын ресімдеу тәртібі, жұмыс басшысының, жұмыстарды дайындауға және жүргізуге жауапты тұлғалардың, сондай-ақ жұмысты орындаушылардың жауапкершілігі осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген. Отпен істелетін жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсат беру нарядтарының барлығы осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат беру нарядтарын тіркеу журналында тіркеледі.
Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу
Газға қауіпті жұмыстар рұқсат беру нарядында және осы Қағидаларда қарастырылған барлық дайындық жұмыстары мен іс-шаралар орындалғаннан кейін жүргізіледі.
Газға қауіпті жұмыстарды құрамында кем дегенде үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz