Конструкциялық элеменеттердегі металдың жарықшақтануға төзімділігін анықтау. Жеке тапсырма бойынша конструктивті элементтердің жарықшақтануға төзімділігін анықтау


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер» Практикалық жұмыс №5 Тақырыбы: Конструкциялық элеменеттердегі металдың жарықшақтануға төзімділігін анықтау. Жеке тапсырма бойынша конструктивті элементтердің жарықшақтануға төзімділігін анықтау.Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
Қазіргі машина жасау өндірілетін металдардың негізгі тұтынушысы болып табылады. Техникада қолданылатын металдар негізгі екі топқа бөлінеді:
І тобы - қара металдар - темір жəне оның қорытпалары (шойын, болат, ферроқорытпалар) ;
ІІ тобы - түсті металдар - барлық қалған металдар жəне олардың қорытпалары. Металдардың ішінде темірдің жəне оның қорытпаларының ерекше маңызы бар. Бұл қара металдардың маңызы құнды физикалық жəне механикалық қасиеттері, сондай-ақ темір кендірінің табиғатта кең таралуымен, ал шойын жəне болат өндірісі арзан жəне қарапайым болуымен байланысты.
Техникада түсті металдардың маңызы зор. Себебі олардың кейбірінде қара металдарда жоқ маңызды физикалық-химиялық қасиеттер бар. Мəселен, мыс, алюминий, магний, никель, хром, титан, воль- фрам, берилий, германий, кремний жəне басқа металдар мен олардың негізіндегі қорытпалар өндірісте кеңінен қолданылды. Пластмасса сынды синтетикалық металдарды өндіру қарқынды дамып келеді. Пластмассалар жəне басқа да металл емес материалдар машина жəне тетіктер құрастырғанда металдар мен қорытпалардың орнына қолданылады. Мұндай материалдар машина бөлшектерінің жəне түйіндерінің қызмет ету мерзімін арттыруға, құрылым массасын төмендетуге, өңдеуге жұмсалған шығын мен еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т көтерілді жəне 459 мың т жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мың т деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз салаларда болат құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді. Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте жəне жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық жəне энергетикалық кешені жəне сақталған ғылыми-техникалық əлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді - доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін.
Металдар, олардың атомдық-кристалдық құрылымының ерекшеліктері.
Ерте заманнан адам баласының өмір тіршілігіне қажетті материалдардың қатарына кең жəне көп қолданылатын металдардың орны əрқашан ерекше болған. Бұған гректердің адамзат тарихын замандардың аттарына (алтын, күміс, қола, темір ғасырларын) сəйкес бөлуі жəне археологиялық қазбаларда табылған металл бұйымдары (соғылған мыс əшекейлері, ауылшаруашылық құрал-сайманы), сонымен бірге, қазіргі заман техникаларында металдардың жəне қорытпалардың жаппай қолданылуы дəлел бола алады. Мұның себебі металдардың басқа материалдарға қарағанда, көп жағдайда өзгермейтін пайдалы ерекше қасиеттеріне байланысты. Металдар - конструкциялық материалдардың сыныптары ретінде ерекше сипаттаушы қасиеттердің атауына ие:
• « Металл жарқылы» ( жақсы шағылыстырғыштық қабілеті) ;
• Пластикалық иілімділігі;
• Жоғары жылу өткізгіштігі;
• Жоғары электр өткізгіштігі. Осы қасиеттері металдар құрылымдарының ерекшеліктерін ескертеді. Металдың күйінің теориясына сəйкес, металл дұрыс зарядталған түйіндерден (ядролардан) құрылып, оның орбиталары арқылы электрондарға айналатын зат. Соңғы деңгейдегі электрондардың саны аз жəне олар түйінмен əлсіз байланыста. Бұл электрондар металл көлемінің барлық жерінде орналасу мүмкіншілігіне ие, демек, атомдардың бүтін жиынтығына жатады. Сайып келгенде, «электрондық газдың» болуымен пластикалық, жылу өткізгіштік жəне электр өткізгіштік жағдайлары қамтамасыз етіледі. Барлық металдар, əдеттегі шарттарда қата бастағанда, кристалдық зат ретінде, яғни олардағы атомдар орналасуы айқын ретпен - мерзімділікпен, əртүрлі бағыттармен, сол сияқты əртүрлі жазықтықтармен сипатталады. Бұл дегеніміз кристалдық тор ретіндегі ұғымды береді. Басқаша айтқанда, кристалдық тор - кеңістік құрайтын тор, əр түйіндерде қатты зат құраушы кішкентай бөлшектер орналасқан.
Материалдардың конструкциялық беріктігі Сынақтардың нəтижесінде
• Күш беретін (пропорционалдық шек, серпімділік шек, аққыштық шек, беріктік шек, шыдамдылық шегі) ;
• Түрін өзгертетін (салыстырмалы ұзару, салыстырмалы жіңішкеру) ;
• Энергетикалық (соққыға тұтқырлық) сипаттамалар алынады. Осылардың барлығы конструкцияларға тағайындауына жəне қолдану шарттарына байланыссыз материалдардың жалпы беріктік сипаттамасын береді. Бөлшектің жоғары сапасына тек бөлшектің жұмысы барысында орындалатын жəне оның конструкциялық беріктігін анықтайтын барлық ерекшеліктерді ескергенде ғана қол жеткізуге болады.
Конструкциялық беріктік - осы бұйымның қызмет шарттарында материалдың ұзақ жəне сенімді жұмысын қамтамасыз ететін, ең үлкен өзара байланыстық орнында болатын беріктік қасиеттерінің кешені.
Конструкциялық беріктікке:
• Бөлшектің конструкциялық ерекшеліктері (түрі жəне өлшемдері) ;
• Бөлшектің əртүрлі түрлердегі қирау механизмдері;
• Бөлшек материалының үстіңгі қабатының күйі;
• Жұмысқа қолайсыз жағдай тудыратын, бөлшектің үстіңгі қабатында болатын үдерістер сияқты факторлар əсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz