Магистральдық газ құбыр ресурстарын тексеру есебі. Құбыр ресурстарының есебін жүргізу
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті
Аграрлық техника және технология кафедрасы
Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер
Практикалық жұмыс №6
Тақырыбы: Магистральдық газ құбыр ресурстарын тексеру есебі. Құбыр ресурстарының есебін жүргізу.
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары.
Осы Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы, Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
Магистральдық газ құбырына техникалық қызмет көрсету
Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде газдың жобалық немесе жоспарлы көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз етеді:
1) тазарту құрылғыларын жіберу немесе қажет болған жағдайда диаметріне қарай үрлеу арқылы қуысты қатты және жұмсақ қоспалардан тазарту;
2) кристалгидраттардың түзілуін немесе қажет болған жағдайда олардың бұзылуын болдырмау мақсатында құбыр қуысына метанол енгізу;
3) ішкі жағында тоттануды болдырмау мақсатында газ құбырының қуысына тоттану ингибиторын енгізу;
4) көптармақты жүйелерде немесе қиылысушы газ құбырларында жекелеген құбырлар арасына газ жіберу;
5) қажет болған жағдайда газ құбырларының жекелеген учаскелерін ажырату немесе қосу;
6) әртүрлі жұмыс қысымымен газды жүйеден жүйеге жіберу.
Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігі мына шаралармен қамтамасыз етіледі:
1) Магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне кезеңдік бақылау жасау, көзбен шолу және техникалық құралдарды пайдаланып тексеру;
2) жөндеу-алдын алу жұмыстарын уақытылы орындау есебінен оны ақаусыз жағдайда ұстау;
3) құбырішілік диагностиканы және магистральдық газ құбырының желілік бөлігін диагностикалаудың басқа әдістерін жүргізу;
4) барынша мүмкін болатын гидравликалық тиімділікті ұстау;
5) моральды ескірген немесе тозған жабдықты уақытылы жаңғырту және қайта жаңарту;
6) елді мекендерге, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі күзет аймағына және ең аз қашықтықтағы аймаққа қойылатын талаптарды сақтау;
7) авариялардың уақытылы алдын алу, істен шығулар мен өндірістік ақауларды жою.
Магистральдық газ құбырлардың желілік бөлігінің объектілерін пайдалануға қабылдау осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
Күзетілетін аймақтағы, оның ішінде бөгде ұйым жүргізетін жұмыс осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Әр объектіде (кран алаңы, учаске) күзетілетін аймақты, өндірістік инфрақұрылымды, күзетілетін аймақта орналасқан және шектесетін аумақтың (объектінің) заттарын (меншігін) көрсетумен объектінің (крандардың) және құбыр трассасының орналасу схемасы жасалады және ілінеді.
Схеманы кәсіпорын басшысы бекітеді, оған объектінің басшысы қол қояды.
Басты құрылыстарды пайдалану осы Қағидалардың нұсқаулықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Басты құрылыстардан магистральдық газ құбырына берілетін газдың сапасы ҚР СТ 1666-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Желілік бөлікке техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсетуді объектілердің тиесілігі бойынша желілік-пайдалану қызметі жүргізеді.
Авариялық-қалпына келтіру пойызы кәсіпорын басшылығының өкімі бойынша техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін пайдаланылады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін газ тасымалдау ұйымы дайындайды және мыналарды көздейді:
1)тексеру және диагностикалық зерттеу;
2) техникалық қызмет көрсету;
3) ағымдағы жөндеу;
4) күрделі жөндеу;
5) авариялық-қалпына келтіру жөндеуі;
6) сынау (қайта сынау);
7) ресурстарды ұзарту;
8) техникалық жағдай туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
9) тиімділікті, сенімділікті және қауіпсіздікті арттыру бойынша іс-шараларды орындау.
Жоспардағы тексеру кезінде күзет аймағы және магистральдық газ құбырының ең аз арақашықтық аймағы, су кедергілеріндегі өтпежолдары, аңғарлар, темір және автомобиль жолдары, кран алаңдары және апаттық құбырлар қорлары, компрессорлық станцияға қосу торабы, тазарту құрылғысын қабылдау және іске қосу торабы, трассабойлық жолдар, газ құбырларына кіреберістер, көпірлер, бөгеттер, газ құбырлары өтпелері, су жіберетін және басқа да құрылыстар, трассабойлық байланыс және электр беру желілері, трасса белгілері, кеме қатынасы жағдайының белгілері, сондай-ақ газ құбырларының басқа ұйымдарының коммуникацияларымен қиылыстары (электр беру желілері, мұнай өнімдері құбырлары және т.б.) тексеріледі.
Тексеру мақсаты мыналар болып табылады: жабдықтың және коммуникациялардың техникалық жағдайын анықтау; жылыстауларды, авария алдындағы жағдайларды және аварияларды, басқа да кемшіліктер мен бұзылуларды айқындау; жақын маңдағы құрылыстар мен объектілердегі және Магистральдық газ құбырының тұтастығына нақты қауіп төндіретін аварияларды айқындау.
Тексеру кезінде айқындалған бұзушылықтар, бұзылулар және тоқтап қалулар Магистральдық газ құбырының желілік бөлікті тексеру журналында тіркеледі.
Тексеруді орындаушы тұлғаның бағалауы бойынша сипаты мен көлемі аварияға әкелуі мүмкін өндірістік бұзылулар табылған жағдайда, тексеру тоқтатылып, аварияның алдын алу шаралары қолданылады. Тексеруді аяқтау авариялық жағдай жойылғаннан кейін жүргізіледі.
Тексерулерді жүргізу мерзімдерін, оның жиілігін және көлемін жергілікті жағдайларды (елді мекендердің, өтпежолдардың бар-жоғын), газ құбырының техникалық жағдайын және т.б ескере отырып, кәсіпорын белгілейді. Тексерулер мына көлік құралдарын: тікұшақты, ұшақты, автокөлікті пайдалану арқылы жүргізіледі.
Жерасты газ құбырларының орналасу тереңдігін желілік пайдалану қызметі жер бедерінің өзгеруі мүмкін жерлерінде: көшкін, су шайып кеткен, топырақтың шөккен жерлерінде және т.б. анықтайды.
Таулы аймақтарда салынған газ құбырларын зерттеу газ құбырларының және компенсаторлардың қасындағы көшкін жерлерді тексеруді қамтиды.
Жылжымалы құмдар мен бөгеттерде салынған газ құбырларының учаскелері жылына 1 рет тексеріледі.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша желілік пайдалану қызметі жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін жасайды. Газ құбырларының учаскелері мен газ тарату станцияларын ажыратуды талап ететін жұмыстарды кәсіпорындардың өтінімдері бойынша газ тасымалдау ұйымы жоспарлайды.
Зерттеу барысында су өткізетін құрылыстар мен құрылғылар, дүркін-дүркін су басатын, газ құбырларына іргелес аумақтар, еңістердің, өтпежолдарымен, су кедергілерімен және аңғарлармен қиылысу жерлеріндегі тас үйінділерінің және қаптамалардың жағдайы, су шайып кеткен жерлер тексеріледі.
Желілік бөлік пен оның жабдықтарын ақаусыз күйде ұстау, пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жұмыстары, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жөндеу деп есептеледі.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлеміне газ құбырларын күрделі жөндеу жоспарларында көзделмеген желілік бөлікті, кран алаңдарын, өтпежолдарды және қиылыстарды, компрессорлық станцияға қосу торабын, тазарту құрылғысын қабылдау және іске қосу торабын, оларға іргелес алаңдар мен аймақтарды қарау, зерттеу және оларға техникалық қызмет көрсету кезінде айқындалған жұмыстар енгізіледі.
Газ тасымалдау ұйымдары ағымдағы жөндеуді өткізудің жылдық жоспар-кестелерін жасайды, оларды кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді.
Ағымдағы жөндеудің жоспар-кестелеріне күнтізбелік жыл ішінде өткізілген тексерулер, зерттеулер, сынаулар нәтижелері бойынша толықтырулар енгізіледі.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарына мыналар кіреді:
трассаның белгілерін қалпына келтіру;
құбырларды және 500 м-ге дейін созылатын газ құбырларының оқшаулағыш қаптауларын жөндеу;
300 мм-ге дейін бекіту арматурасын және жалғастырғыш бөлшектерді алмастыру;
құбырлардың қалқаларындағы қуыстарды дәнекерлеп жамау;
алаңдарды еселеу;
кран алаңдарындағы, іске қосу алаңдарындағы қоршауларды жөндеу және тазарту құрылғысын, метанол ыдыстарын және т.б. қабылдау;
трассабойлық өту және магистральдық газ құбыры арқылы кесіп өтетін жерлерге арналған жолдарды, кран алаңдарына және апаттық құбыр қорларына кіреберістерді қалпына келтіру;
газ құбырының жобалық орналасу тереңдігін қалпына келтіру, магистральдық газ құбырының жалаңаштанған және тайыз көмілген учаскелерін жою;
жылжымалы құмдарды бекіту;аңғарлардың, су шайып кеткен жерлердің, шөгінділердің түзілуін және топырақ шөгуінің алдын алу, бөгеттерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар;
жобада немесе нұсқаулықта қарастырылған рұқсат берілмеген өткелек және қиылыс жерлерінде қорғауларды, қайта төгуді қалпына келтіру;
газ құбырлары трассасы бойынша және еңістердің бойындағы ағаштар мен бұталарды шабу;
су өткізетін құрылыстарды және жағаны нығайтатын құрылғыларды жөндеу, апаттық құбырлар қоры сөрелерін жөндеу және қалпына келтіру, апаттық қорды толықтыру және праймирлеу, жазуларды, сандық қатарды және таңбаларды жаңарту;
тікұшақ алаңдарын, авариялық техника алаңдарын (тұрақтарын), желілік пайдалану қызметінің аймақтарын және ғимараттарын жөндеу;
газдың кемуін және өзекті ақауларды жою, қалқып шығуды, гофрды жою, іргетастарды, тіреуіштерді, бекітпелерді және ауа өтпежолдарының, газ құбырының жерүсті аймақтарының, конденсатжинағыштарды іске қосу және қабылдау камераларының, лас заттарды жинау және сақтау тораптарының, шығын өлшегіш пункттерінің басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz