Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер» Практикалық жұмыс №7 Тақырыбы: "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру. "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Cанитариялық қағидалары (бұдан әрі - Cанитариялық қағидалар) радиациялық объектілердің жер телімін таңдауға, жобалауға, пайдалануға беру және күтіп-ұстау, радиациялық объектілерді пайдаланудан алу, иондаушы сәулелену көздерімен (жабық және ашық радионуклидтік көздермен, радиоактивті заттармен, радиоизотопты аспаптармен, иондаушы сәуле тудыратын құрылғылармен) жұмыс істеу, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радионуклидтермен ластанған немесе құрамында бар материалдар мен бұйымдарды қолдану, объектілерге, оның ішінде мұнай-газ кешені мен метал сынығы объектілеріне өндірістік радиациялық бақылауды жүзеге асыру, жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын қолдану кезінде, медициналық сәулелену кезінде, табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі және радиациялық апаттар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Ұйымның бірінші басшысы осы Cанитариялық қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі - DТ) - адам денесінің белгілі бір ағзасындағы немесе тініндегі орташа сіңірілген доза:
мұнда:
mт - ағзаның немесе тіннің массасы, ал D - dm массасының элементіндегі сіңірілген доза;
2) ашық сәулелену көзі - оны пайдалану кезінде оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі ықтимал сәулелену көзі;
3) апаттық сәулелену - радиациялық апат нәтижесіндегі сәулелену;
4) арнайы контейнер - еркін ашуға болмайтын жүктерді арасында қайта тиеусіз, орамаланған немесе орамаланбаған жүктерді бір немесе бірнеше көлік түрімен тасымалдау үшін конструкцияланған көлік жабдығы, көп рет қолдану мақсатында қатты және берік жасалады. Арнайы контейнерлер ретінде үлкен жүк контейнерлері және орамалау жиынтықтары болуы мүмкін.
5) араласу деңгейі (бұдан әрі - АД) - созылмалы немесе апаттық сәулелену ахуалдарының пайда болу жағдайларында қорғаныш немесе апаттан кейінгі шаралар қабылданатын, қол жеткізілген кезде жол берілмейтін дозалар шамасы;
6) араласу - сәулелену ықтималдығын не сәулелену дозасын немесе сәулеленудің қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған іс-қимыл;
7) аумақтың радиациялық-гигиеналық паспорты - аумақ халқының радиациялық қауіпсіздік жағдайын сипаттайтын және оны жақсарту бойынша ұсыныстар қамтылған құжат;
8) әлеуетті сәулелену - радиациялық апат нәтижесінде пайда болуы мүмкін сәулелену;
9) белсенділік (бұдан әрі - Б) - уақыттың осы сәтінде нақты энергетикалық жағдайдағы радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің радиоактивтік шамасы:
dN - dТ уақыт аралығында болатын, нақты энергетикалық жағдайдан кенеттен ядролық түрге айналудың күтілетін саны. Белсенділік бірлігі Беккерель (бұдан әрі - Бк) болып табылады. Бұрын қолданылған жүйеден тыс белсенділік бірлігі кюри (бұдан әрі - Ки) 3, 7x10 10 Бк құрайды;
10) байқау аймағы - радиациялық бақылау жүргізілетін санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс аумақ;
11) бақылау деңгейі - қол жеткен радиациялық қауіпсіздік деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулеленуін, қоршаған ортаның радиоактивтік ластануының одан әрі төмендеуін қамтамасыз ету мақсатында жедел радиациялық бақылау үшін белгіленетін дозаның, доза қуатының, радиоактивтік ластанудың бақыланатын шамасының мәні;
12) доза қуаты - уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену дозасы;
13) доза шегі (бұдан әрі - ДШ) - қалыпты жұмыс жағдайларында жоғарыламауы тиіс жылдық тиімді немесе эквивалентті техногендік сәулелену дозасының шамасы. Жылдық доза шегін сақтау детерминацияланған әсерлердің пайда болуының алдын алады, ал бұл ретте стохастикалық әсердің ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады;
14) D-шамасы - жоғарылаған кезде детерминацияланған әсерлер анықталатын және радиоактивті көз қауіпті болып есептелетін жеке радионуклидтерге арналған белсенділіктің шекті мәні. Қауіптілік санаты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтеріне, (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10671 енгізілді) (бұдан әрі - ГН) сәйкес болуы тиіс.
15) детерминацияланған сәулелену әсерлері - иондаушы сәулелену тудырған, оларға қатысты одан төмен болғанда әсер болмайтын, ал одан жоғары болғанда әсердің ауырлығы дозаға байланысты болатын шектің болуы болжанатын, клиникалық анықталатын зиянды биологиялық әсерлер;
16) дезактивация - қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;
17) маңыздылығы ең аз белсенділік (бұдан әрі - МАБ) - асып кеткен кезде көз және еспке алуға және бақылауға жататын "Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 8-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды талап етілетін ашық немесе жабық иондаушы сәулелену көзінің белсенділігі;
18) маңыздылығы ең аз үлесті белсенділік (бұдан әрі - МАҮБ) - асып кеткен кезде көз еспке алуға және бақылауға жататын Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) талап етілетін ашық иондаушы сәулелену көзінің үлестік белсенділігі. Жабық сәулелену көздері үшін олармен жұмыс істеуге рұқсат алу қажеттілігі туралы шешім МАБ есепке алынбастан, оның белсенділігін МАҮБ-пен салыстыру жолымен айқындалады. МАҮБ өлшем бірлігі граммға беккерель БК/г;
19) жергілікті көз - 10 сантиметр (бұдан әрі - см) қашықтықта сағатына 0, 2 микрозиверттен (бұдан әрі - мкЗв/сағ) артық гамма-сәулеленудің эквивалентті доза қуатын (бұдан әрі - ЭДҚ) құрайтын радиоактивті ластануы бар немесе жергілікті жердің табиғи радиациялық аяда асатын ЭДҚ бар не бетінде бета-бөлшектер ағынының тығыздығы 0, 4 Бк/см 2 және (немесе) альфа-бөлшектер 0, 04 Бк/см 2 асатын зат;
20) жылдық тиімді (эквивалентті) доза - күнтізбелік жыл ішінде алынған сырттай сәулеленудің тиімді (эквивалентті) дозасының және осы жыл ішінде организмге радионуклидтердің келіп түсуіне негізделген ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді (эквивалентті) дозасының жиынтығы;
21) жол берілмейтін доза - қорғау іс-шаралармен жол берілмейтін радиациялық апат салдарынан болжанатын доза;
22) жабық сәулелену көзі - бұл құрылғысы оған есептелген қолдану және тозу жағдайларында оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сәулелену көзі;
23) жұмыстар сыныбы - персонал үшін қауіптілік дәрежесі бойынша нуклидтердің радиоуыттылығына және белсенділігіне байланысты радиациялық қауіпсіздік бойынша талаптарды айқындайтын ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстардың сипаттамасы;
24) жұмыс орны - жұмыс уақытының жартысынан артық немесе екі сағат үзіліссіз иондаушы сәулелену әсері жағдайларында өндірістік функцияларды атқару үшін персоналдың тұрақты немесе уақытша болатын орны;
25) жылдық түсу шегі (бұдан әрі - ЖТШ) - монофакторлық әсер кезінде шартты адамның жылдық дозаның тиісті шегіне тең күтілетін дозамен сәулеленуіне әкеп соғатын бір жыл ішінде нақты радионуклидтің организмге түсуінің рұқсат етілген деңгейі;
26) жоспарланатын көтеріңкі сәулелену - радиациялық апаттың дамуының немесе оның салдарларын ескерту мақсатында белгіленген негізгі дозалар шегінен асатын дозаларда персоналдың жоспарланатын сәулеленуі;
27) жеке қорғаныш құралы - персоналды сыртқы сәулеленуден, радиоактивті заттардың организмнің ішіне түсуінен және тері жабындарының радиоактивтік ластануынан қорғау құралы;
28) иондаушы сәулелену тудыратын құрылғы (көз) - иондаушы сәулелену зарядталған бөлшектер жылдамдығының өзгеруі, олардың аннигиляциясы немесе ядролық реакциясы есебінен туындайтын электрлік-физикалық құрылғы (рентген аппараты, күшейткіш, генератор) ;
29) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі - ИСК немесе сәулелену көзі) - радиоактивті заттары бар аппараттар немесе құрылғы, сонымен қатар иондаушы сәуле шығаратын немесе иондаушы сәуле шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғы;
30) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу - иондаушы сәулелену көздерін дайындаумен, жеткізумен, алумен, иеленумен, сақтаумен, пайдаланумен, берумен, қайта өңдеумен немесе көмумен, импорттаумен, экспорттаумен, тасымалдаумен, техникалық қызмет көрсетумен байланысты қызмет;
31) ИСК-мен жұмыс - радиациялық бақылауды қоса алғанда, жұмыс орнында сәулелену көзімен жұмыс істеудің барлық түрлері;
32) кәсіптік сәулелену - персоналдың техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу процесінде сәулеленуі;
33) квота - нақты техногендік сәулелену көзінен халықтың сәулеленуін шектеу үшін белгіленген доза шегінің бір бөлігі және сәулелену жолдары (сыртқы, сумен, тамақпен және ауамен келіп түсуі) ;
34) үлестік (көлемдік) белсенділік - заттағы радионуклидтің А белсенділігінің заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы:
Үлестік белсенділік бірлігі - килограммға беккерель (бұдан әрі - Бк/кг) . Көлемдік белсенділік бірлігі - текше метрге беккерель (бұдан әрі - Бк/м 3 ) ;
35) медициналық сәулелену - медициналық тексеру немесе емдеу кезіндегі пациенттердің сәулеленуі;
36) металл сынықтары (түсті және қара металлдар сынығы) - бұл өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан немесе істен шыққан өнімдерден құралған және тек қайта өңдеуге ғана жарамды, құрамында түсті немесе қара металл бар өндіріс және тұтыну қалдықтары;
37) металл сынықтарының радиоактивті ластануы - радиациялық қауіпсіздіктің гигиеналық нормативтерімен белгіленген мәндерден асатын, ішінде радионуклидтер бар немесе олармен ластанған металл сынығының бөлек фрагменті.
38) металл сынықтарының партиясы - металл сынықтарының бөлек жиналған мөлшері (бір немесе бірнеше көлік бірліктеріне - платформаға, вагонға, автокөлікке, жүк тиейтін контейнерге тиелген металл сынықтарының мөлшері) ;
39) мұнай-газ кешені объектілерінің өндірістік қалдықтары - технологиялық жабдықтарды жөндеу және тазарту барысында алынған тұзды түзілімдер мен шлам, технологиялық жабдықтар мен құрылғылардың тағайындалуы бойынша одан әрі қолдануға жатпайтын элементтері, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының өндірістік қызметі процесінде табиғи радионуклидтер жинақталуы мүмкін топырақ және жер;
40) өндірістік сәулелену - жұмыскерлердің өндірістік қызмет барысында барлық техногендік және табиғи иондаушы сәулелену көздерінен сәулеленуі;
41) өндірістік радиациялық бақылау - шаруашылық жүргізетін субьектілердің өздері іске асыратын бақылау түрі:
ішкі сәулеленуді бақылау (жұмыс орындарын, іргелес үй-жайларды, персоналдың жеке дозаларын), ішкі сәулеленуді (тағам өнімдеріндегі, ауыз судағы, жұмыс аумағындағы ауадағы, тұрғын үй және қоғамдық нысандардағы радионуклидтердің үлесті, жиынтық белсенділігін анықтауды) ;
қолданыстағы заңдарға сәйкес Өндірістік бақылау бағдарламасын (бұдан әрі - ӨББ) дайындау (қолданыстағы ӨББ-ны оңтайландыруды) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz