Техносферадағы өндірістің жұмыс тұрақтылығын арттыру шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер

Практикалық жұмыс №9

Тақырыбы: Техносферадағы өндірістің жұмыс тұрақтылығын арттыру шаралары.

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Техносфера ұғымы.
Техносфера ( гр. Techne -- өнер, шеберлік, sphaira -- шар ) -- адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жүйесі (Дедю, 1989).

Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар. Қауіптің негізгі көздері келесілер: адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері - технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна.

Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері

Адамзат тарихындағы өркениеттің дамуы игіліктерді алу жəне тұтыну мақсатымен қоршаған материалдық əлемге əсер ету арқылы адам қолымен жасалған құрал-жабдықтарды жетілдіру бағытында жүзеге асырылды. Ғылым мен техника жетістіктерін, еңбектің техникалық жарақтануы, алдыңғы идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің артуы жəне оларды тəжірибеге ендірумен байланысты өндірістің үздіксіз жетілуі ғылыми-техникалық жетістік деп аталады. Ол адам іс-əрекетінің барлық салаларын, соның ішінде қоршаған табиғи орта жағдайын елемей, табиғи ресурстарды игеру көлемінің артуын жəне технологияны жетілдіруді қамтиды. Ғылыми-техникалық жетістіктер антропоцентрлік мақсаттарға бейімделген, яғни халықтың артып отырған қажеттілікте рін қанағаттандыруға негізделеді. Осының барысында биосфераға бөтен заттардың ену құбылысы байқалды, нəтижесінде биосферадағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамның шаруашылық іс-əрекеті табиғи ортаға тұрақты əсер ететін факторға айналды, табиғатты өзгерте отырып, оның даму заңдылығына қарсы өзгерістерді туындатты. Қазіргі таңда, адамның барлық өндірістік іс-əрекеттерінің нақты анықтамасы техногенез деген атауға ие. Экологиялық көзқарас тұрғысынан, техногенез адамдардың іс-əрекеттерінің нəтижесінде биоталық айналымның тұйықтылығы мен тепе-теңдігін бұзатын, өзгертетін зат, күш жəне үдерістерді биосфераға ендіруге қабілетті техниканың пайда болуы. Мұндай ұстаным геохимияда қолданатын техногенез түсінігімен қиысады (А. Е. Ферсман 1937, А. И. Перельман 1970). Техногенез түсінігін алғаш рет ғылыми айналымға орыс ғалымы А. Е. Ферсман енгізген. Ол бұл түсінікті адамның геохимия ісəрекеттерімен байланыстырады. Ғалым оны геохимияның жалпы əдіснамалық тұғыры арқылы талдай отырып, элементтерді пайдалану атом, ион, кларк көлемі, олардың мерзімдік жүйесіне тəуелді екендігін анықтаған.

Техносфера көлемі мен құрамы.

Əлемдік шаруашылықты адамның барлық іс əрекеттері жүзеге асырылатын экологиялық қоймасы ретінде қарастыруға болады. Көптеген кеңістік жəне ағымдық параметрлері бойынша, ол биосферамен сəйкес келгенімен, экологиялық сыйымдылығы шектеулі. Сондықтан планет арлық биота мен қоғамдық өндіріс, биосфера мен техногенді ортаның белсенді элементтері арасында бəсекелестік қатынастардың болуы мүмкін. Табиғаттағы түраралық өзара қатынастарға қарағанда, бұл қатынастар күрделі, олардың көптеген белгілері биосфераны бəсекеден ығыстыру ретінде көрінеді. ХХ ғасырда адамзат планетаның ерекше материалдық энергетикалық қабатын құра отырып, техносфера шекарасын биосфера шегіне дейін кеңейтті, жақын жəне алыс ғарышты, Жердің терең қабатын, мұхит түбін, субмолекулярлы микроэлементтерді игерді. Ол биосфераның барлық қабатына еніп, толығымен қамтыды, əсіресе, құрлықта жəне планетаның үстіңгі қабатына ерекше көрініс береді.

Жер бетінде техногенез əсері тимеген тірі табиғат бөліктері өте аз. Əлемдік шаруашылық ғаламдық техникалықэкономикалық ғана емес, ғаламдық экологиялық-географиялық жүйеге айналды. Ең маңызды мəселелер өнеркəсіптік өндіріспен, техникалық энергетикамен, биоресурстарды тұтынумен байланысты. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімі түрінде 10 Гт биомассаның құрғақ заты алынады, ағаш өнімдері мен теңіз өнімдері құрлықтағы фотосинтез өнімдерінің 7 пайызын құрайды. Одан басқа, табиғи экожүйелердің өнімділігі мен биомассасын антропогенді төмендету есебінен, яғни агроценоздарды орналастыру, ормандарды кесу, шөлейттену, техногенді тозудың əсерінен адам баласы жанама түрде Жер биосферасының өнімділігін 12 пайызға төмендете отырып, құрлық экожүйесінің алғашқы өнімінің 27-30 пайызын антропогенді каналға аударады. Əрине, бұл табиғи үдерістерге адамзат баласының шаруашылық араласуы ретінде бағаланады. Əлемнің өндіруші жəне қайта өңдеуші өнеркəсіптерінде жыл сайын 100 Гт қатты жəне сұйық қалдықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің қауіпсіздігі туралы оқудың негізі теориялары
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Еңбекті қорғаудың негіздері мен еңбек қорғауды ұйымдастыру
ТЖ кезінде халықты қорғау
Өндірісті механикаландыру кезіндегі еңбек қауіпсіздігі
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
ҚазМұнайГаз туралы
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Пәндер