Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Аграрлық техника және технология кафедрасы

Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер

Практикалық жұмыс №12

Тақырыбы: Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары.

Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелерін реттейді.
2. Өртке қарсы қызмет жеке құрамының негізгі міндеті өртте адамдарды, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін құтқару және өртті жою болып табылады.
3. Бөлімшелердің жеке құрамы негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай құралдарды қолданады:
өрт сөндіру және авариялық-құтқару автомобильдері, оның ішінде өрт сөндіруге бейімделген автомобильдер;
байланыс және жарықтандыру құралдары;
тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (бұдан әрі - ТОЖҚҚ);
өртсөндіргіш заттар;
ғимараттар және құрылыстардың өртке қарсы қорғау жүйелері.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу, төтенше жағдайлар аймағында қалған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдары кезінде қоршаған ортаны қорғау, оқшаулау, басу немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін мүмкіндігінше ең төмен деңгейге жеткізу бойынша іс-қимылдар;
2) арнайы жұмыстар - арнайы техникалық құралдарды және (немесе) тәсілдерді пайдалана отырып, міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған жеке құрамның іс-қимылы;
3) бағыттаушы арқан - тыныс алуға (түтіндеген) жарамсыз ортада жұмыстарды жүргізу орнынан таза ауаға шығатын жерге дейін, ал қажет болған кезде кері қарай газ түтіннен қорғаушылардың жүру жолдарын белгілеуге арналған құрылғы;
4) бөлімшенің тактикалық мүмкіндіктері - белгілі уақыт ішінде міндетті тиімді орындайтын, техникалық құралдармен жабдықталған жеке құрамның мүмкіндігі;
5) бөлімшелердің шығу ауданы - шығу кестесінде бөлімшенің өрт сөндіруге шақыру бойынша бірінші кезектегі бағыты көрсетілген аумақ;
6) газ-түтіннен қорғаушы - тиісті оқытудан өткен және тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге рұқсат етілген өртке қарсы қызмет қызметкері;
7) газ-түтіннен қорғау қызметі буыны - қойылған міндеттері мен тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізу үшін бірыңғай басшылығы біріктірілген, өрт болған орында қалыптасқан газ-түтіннен қорғаушылар тобы;
8) жану орнына су беру - өртті жойғаннан кейін жанған конструкциялар мен материалдарды бақылау түрінде бөлшектеу (тексеру) процесіне жалғасатын жану орнын салқындату бойынша іс-қимылдар;
9) жеңқұбыр бөгеуі - жеңқұбыр желісін биіктікте бекітуге арналған құрылғы;
10) жеңқұбыр желісі - өзара аралары қосылған қысымды өрт жеңқұбырлары;
11) жеңқұбыр көпірі - өрт жеңқұбырының үстінен жол көлігі өткен кезде оны бүлінуден қорғауға арналған құрылғы;
12) жиналу және бөлімшеге оралу - өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының өрт орнынан тұрақты орналасу орындарына оралуы бойынша жеке құрамның іс-қимылы;
13) икемді байлам (тіркеуші-арқан) - газ түтіннен қорғаушылардың газ түтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі - ГТҚҚ) буынының құрамында олардың тыныс алуға жарамсыз ортада болған барлық кезеңінде арасын қосуға арналған құрылғы;
14) көбік шашу - бір уақытта бірнеше көбік оқпандарын қолданумен жану аймағына көбікті үздіксіз беру;
15) күштер мен құралдарды өрістету - шығу (өрт) орынға келген өрт сөндіру автомобильдерін өрт сөндіру бойынша міндеттерін орындауға әзірлікке келтіру бойынша жеке құрамның іс-қимылы;
16) күштер мен құралдарды тарту жоспары - аудан деңгейінде өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;
17) қарауыл - негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің бөлімшелерінен (бөлімшеден) тұратын өртке қарсы қызметтің негізгі тактикалық бөлімшесі міндеттерді өзінің тактикалық мүмкіндіктеріне сәйкес дербес шешуге қабілетті;
18) қысымды өрт жеңқұбыры - артық қысымды өртсөндіргіш заттарды тасымалдауға арналған қысымды жеңқұбыр;
19) лафетті аралас өрт оқпаны - тұтас немесе тұтас және шашыраңқы су ағыны алауының бұрышы өзгеруімен, сондай-ақ өрт сөндіру кезінде төмен еселіктегі ауа-механикалық көбік ағынын қалыптастыруға арналған өрт оқпаны;
20) оқпаншының орны - өрт сөндіру бойынша міндеттерді орындау кезінде оқпаншының орналасқан орындары;
21) орташа еселіктегі көбік генераторы (көбік генераторы) - орта еселіктегі ауа-механикалық көбікті көбіктендіргіштің су ерітіндісінен алуға және оны өрт ошағына беруге арналған құрылғы;
22) орын - өртте адамдардың мен мүлікті құтқару, өртсөндіргіш заттарды беру, арнайы жұмыстарды орындау бойынша іс-қимылдарды тікелей жүргізуді жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының орналасу орындары;
23) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық шығын келтіретін бақылаусыз жану;
24) өртте адамдарды құтқару - өрттің қауіпті факторларының (немесе осы әсер етудің тікелей қаупі туындаған кезде) аймағынан өрт сөндірушілердің ілесіп жүруімен, оның ішінде құтқару құралдарын қолданумен, адамдарды алып шығу не шығару процесі;
25) өртте адамдарды эвакуациялау - өрттің қауіпті факторларының әсер ету қаупі бар үй-жайлардан адамдарды сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа дербес қозғалу процесі;
26) өрттегі жағдайды бағалау - өртті барлау, алынған мәліметтерді жинақтау және талдау нәтижелерінің негізінде қалыптасқан қорытынды;
27) өрттегі жедел штаб - өртте күштер мен құралдарды басқару үшін өрт сөндіру басшысы құрған уақытша орган;
28) өртті жою - жану тоқтатылған және оның өздігінен жану жағдайы жойылған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
29) өрт кезінде эвакуациялау жоспары - эвакуациялау және эвакуациялық шығу жолдары көрсетілген, адамдардың жүріс-тұрыс қағидалары, сондай-ақ өрт шыққан объектідегі қызмет көрсетуші персоналдардың іс-қимылдарының тәртібі мен жүйелілігі белгіленген құжат;
30) өрттегі күштер мен құралдар - өртке қарсы қызметтің жеке құрамы мен жұмысшылары, өрт сөндіру автомобильдері, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш құралдары мен жарақтануындағы өзге де техникалық құралдар;
31) өртте күштер мен құралдарды басқару - жағдайды бағалау негізінде өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды ойдағыдай жүргізу мақсатында жүзеге асырылатын өрт сөндіру жетекшісінің (өрттегі жедел штаб) қызметі;
32) өрттің қауіпті факторы - жарақатқа, улануға немесе адам өліміне, сондай-ақ материалдық құндылықтардың жойылуына (зақымдалуына) әкеліп соқтыратын өрт факторы;
33) өртке қарсы сумен жабдықтау - су тартуға және тасымалдауға, оның қорын сақтауға және оларды өрт сөндіруге пайдалануға арналған инженерлік-техникалық құрылыстардың жиынтығы.
34) өрт нөмірі (рангі) - өртті сөндіруге тартылған гарнизонның күштері мен құралдарының қажетті құрамының шығу кестесін айқындайтын өрт күрделілігінің шартты белгісі;
35) өртті оқшаулау - адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасалған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
36) өрт оқпаны - өртсөндіргіш ағынды қалыптастыру және бағыттауға арналған қысымды жеңқұбыр желісінің ұшына орнатылатын құрылғы;
37) өрттің өршуі - уақыт пен кеңістіктегі өрт параметрлерінің өзгеруі;
38) өрт сөндіру автомобилі - шақыру орнына (өртке) өрт сөндіру есептобын, өрт-техникалық жарақты, өрт сөндіргіш құралдарды жеткізуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
39) өртсөндіргіш зат - жануды тоқтатуға мүмкіндік беретін физикалық-химиялық қасиеттері бар зат;
40) өртті сөндіру - өртті жоюға, адамдарды, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін құтқаруға бағытталған іс-қимылдар;
41) өрт сөндіруші бөлімшесі - өртке қарсы қызметтің құрылымдық бірлігі;
42) өрт сөндіру есептобы (бөлімше) - олардың арасында бөлінген міндеттермен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған өрт сөндіру көлік құралындағы жеке құрам;
43) өрт сөндіру жоспары - өршіген өртті сөндіруді ұйымдастыру жағдайын болжайтын және негізгі мәселелерін айқындайтын жедел құжат;
44) өрт-техникалық жарақтар (өрт сөндіру жарақтары) - мақсатына сәйкес нақты өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өрт сөндіру жабдықтарынан, қолмен өрт сөндіру және авариялық-құтқару құралдарынан, өрт сөндіру құтқару құрылғыларынан, шағын механизация құралдарынан, сондай-ақ жеке қорғану құралдарынан және басқа техникалық құрылғылардан тұратын жиынтық;
45) өрттегі тыл - орындарда өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүргізуді қамтамасыз ететін күштер мен құралдар;
46) өрт учаскесі - қойылған тапсырмамен және бірыңғай басшылықпен біріктірілген күштер мен құралдардың шоғырландырылған аумақтың бөлігі;
47) өрттегі шешуші бағыт - адамдарға қауіп, жарылыс қатері төнген, өрт ең қарқынды таралған және жеке құрамның осы бағыттағы іс-қимылы өртті ойдағыдай сөндіруді қамтамасыз ететін өрт учаскесіндегі бағыт;
48) сорғыш өрт жеңқұбыры - өрт сорғысының көмегімен су көзінен суды іріктеуге арналған қатты конструкциялы сорғыш жеңқұбыр;
49) төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар - авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
50) шығу кестесі - астанада, республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда өртті сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың құрамын айқындайтын құжат;
Өртті сөндіру бойынша іс-қимылдар өрт туралы хабар алу сәтінен басталады және бөлімшенің тұрақты орналасу орнына оралуы, кезекші қарауылды және автомобильдерге әзірлікке келтіру уақытында аяқталды деп саналады және оған:
шақыруларды қабылдау және өңдеу;
шақыру орнына (өрт) шығу және бару;
өртті барлау;
адамдар мен мүлікті құтқару, эвакуациялау;
күштер мен құралдарды өрістету;
жануды оқшаулау және жою;
төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды (бұдан әрі - кезек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығы туралы ақпарат
Орман шаруашылығын жоспарлау
Қазақстан Республикасындағы өрт жағдайы
Өзен кен орнының геологиясы
Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
Орман өрттерінің түрлері
Жарылыс
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Орман және өсімдіктер дүниесін оптимальды түрде молайту жұмыстары
Пәндер