Магистральды мұнай құбырларының істен шығуы мен шығынын анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Потенциалды қауіпті технологиялар және өндірістер» Практикалық жұмыс №13 Тақырыбы: Магистральды мұнай құбырларының істен шығуы мен шығынын анықтау

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Магистральді құбырлардың құрамы

Магистральді деп оның бойымен мұнай, мұнай өнімдері, табиғи немесе жасанды газ (газды немесе төмендеу жағдайында), су өңдеу орнынан, бастауынан (бастапқы нүкте) сорылып алынып, пайдалану орындарына (соңғы нүкте) жіберетін құбырларды айтады. Құбырлар тасымалдайтын өніміне байланысты: газ тасымалдайтын, мұнай құбыры, мұнай өнімдер құбыры, конденсат құбыры, су құбыры, аммиак құбыры, контейнерлі көлік құбыры деп аталады.

Құбырдың бастапқы және соңғы нүктелері әдетте тасымалданатын өнімнің қайнар көзіне және оны пайдаланатындарға жақынынрақ орналасады.

Магистральді газ құбыры келесі имараттар топтарын қамтиды (1 сурет) : бастапқы, сызықтық (гз құбырының өзі), компрессорлы станциялар (КС), газ реттегіш станциялар (ГРС) құбыр соңында, жер асты газ қоймасы (ЖГҚ), байланыс объектілері (жоғары жиілікті және селекторлы), құбыр имараттарын коррозиядан электрлі қорғау жүйелері, қосалқы имараттар, газ құбырының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етушілер (электрлі беріліс жолдары, су құбырлары мен су қорғаныс имараттары, канализация), жөндеу-пайдалану қызметі объектілері (ЖПҚО), административті және тұрмыстық имараттар.

Бас имараттар деп алыс арақашықтыққа газ көлігіне дайындайтын ынгаз жинаушы орынға барып түсетін газ қысымы мен құрамына тәуелді болады. БИ кешеніне: газды механикалық қоспалардан тазартатын құрылғылар, газдан күкіртті және жоғары бағалы (гелий және т. б. ) компоненттерден бөліп шығаратын құрылғылар кіреді. Бас имараттарға бастапқы нүктедегі газ құбырындағы КС жатқызуға болады, оның аумағында аталған имараттар кешені орналасады.

Газ құбырының сызықтық бөлігі КС-тің бөлек аралығындағы үзіліссіз құбыр болып табылады, ол өзінің жолында барлық табиғи және жасанды кедергілер, елді мекендер мен құрылыс учакілерді айналып өтеді. Бұл кедергілердің кейбіреуі 1 суретте көрсетілген (5, 6, 5, 9 кейіптері) . 1. 1 сұлба мекендердің шынайы шарттарын көрсетеді. Келесі дәрістерде анық суреттелген.

Компрессорлы станциялар (КС) алаңдық имараттар кешенін көрсетіп, келесі объектілерді қосады: газды сығатын құрылғылары бар компрессорлы цех, газды зиян қоспалардан тазалайтын шаңұстағыш құрылғылар, газды суыту құрылғылары.

Газ реттейтін станциялар (ГРС) тұтынушыларға қажетті газдың қысымын төмендету үшін арналған (3-тен 12 кгс/см дейін) . Сонымен қатар ГРС-те газды тазалап, құрғатады және одорант қосады. Магистральдағы кең диапазонды газ қысымы - 10-нан 75 кгс/см 2 , шыға берісте 3-тен 12 кгс/см 2 , кейбір кезде 25 кгс/см 2 дейін. Газ реттейтін станциялар өнімділігіне байланысты екі топқа бөлінеді: бірінші тобы аз және орташа газ тұтынушыларға 250 мың м 3 /с шығынымен есептелген, екінші тобы ірі газ тұтынушылар үшін 250 мың м 3 шығынмен есептелген.

ГРС-те келесі жабдықтар кешені болады:

· Сүзгілермен, майлы щаңұстағыштармен, газды сепараторлармен жабдықталған шаң мен сұйықтан тазалайтын газ тораптары;

· Автоматты түрде әр түрлі қысымды реттегіштер көмегімен (ҚР) газды тұрақты деңгейде ұсталып тұратын редукицялық тораптар;

· Шыға берістегі газ құбыр мен шығынды-дифманометрдегі камералы диафрагмамен газ мөлшерін есептейтін тораптар;

· Базисті жолдар арқылы газ ағымын шыға беріс құбырына бағыттайтын және ГРС апатты жағдайдың алдын алу немесе құрылғылардың жөндеуі кезінде қолданылатын тығынды ауыстырғыш тораптар; келеңсіз қысымның жоғарылауына байланысты газды автоматты түрде ауаға тастайын серіппелі қорғаныс клапандары шыға берістегі жолда орналасқан;

· Гидратты тығынды болдырмас үшін газ қыздырғыш құрылғылар; әдетте су қыздырушы қазандықтар қолданылатын;

· Кіре беріс және шыға беріс құбырлар - бекініс арматуралы қалақтар;

· КИП пен автоматты құрылғылры;

· Газ құбырының сызықтық бөлігіне жалғасқан электрліхимиялық қорғанысты реттейтін құрылғылар және электржабдықтары.

Барлық ГРС-ді қысымды реттейтін немесе пневмореле, шығынөлшегіш және басқа құрылғылар жиынтығы бар автоматты жұмыс істейтін реттегіш клапандармен жабдықталған.

Жер асты газ қоймасы мезгілдік газбен тұтынуды қамтамасыз етеді. Газ қоймалары мұнай және газ кенорындарында, сондай-ақ қолайлы геологиялық құрылымдарда (су тасымалдаушы кеуекті тақталар) орнықтырылады. Газды сақтау үшін қоймаларды тасты тұзбен толтырады. 1. 5 суретте су тасымалдаушы жазықтықтағы ПХГ сұлбасы көрсетілген. Мұндай ПХГ Мәскеу маңында (Калужское, Щелковское және т. б. ), Ленинград маңында (Гатчинское, Клопинское, Невское), Киев маңында салынып қолданылады.

Магистральді мұнай құбыры мен мұнай өнімдері құбыры келесі имараттар тобын қамтиды (2 сурет) : бас сорғышты станцияларынан (БСС) тұратын басынан тұрады, мұнда мұнай мен мұнай өнімдері жинақталады, магистральді құбыр бойымен тасымалданады, ол арқылы мұнай кәсіптен немесе мұнай өнімдері зауыттардан сорылып резервуарға жіберіледі; бұрандалардан, лупингтармен, компенсаторлармен, арматуралы тығынынан, жасанды және табиғи шекаралардан, электрохимиялық құрылғылардан тұратын құбырдың сызықты бөлігі; технологиялық байланыс жолдары: ауалы кабельдік және радиотораптық; жүйелік пайдалану қызметі имараты; тұрақты жолдар бойындағылар және ол жолмен жүру; электр берілісінің жол бойындағы торабы және басқа объектілер. Торапты имараттар мұнай мен мұнай өнімдерін берілген режимде сорып айналымға енгізу үшін қолданылады.

http://konspekta.net/allrefs/baza2/314385005629.files/image002.jpg

Сурет 2. Магистральді мұнай құбыры жабдықтарының сұлбасы.

1-кәсіптер; 2-мұнай жинаушы пункт; 3-әкелуші құбырлар; 4-бас имараттар (резервуар, сорғыш, электростанция) ; 5-жіберуші құдық; 6-сызықты құдық; 7-теміржол өткелі; 8-өзен өткелі; 9-жерүсті сайлары өткелі; 10-мұнай құбырының соңғы бөлгіш пункті (мұнай базасы)

Аралық айналымды сорғыш станциялар мұнай мен мұнай өнімдерін құбыр арқылы келесі станцияларға соңғы және аралық реттеуші пункттерге бағыттайды;

Соңғы пунктке (қорытынды) шикі мұнайды айналымға енгізетін мұнайды қайта өңдеуші зауыттар жатады (МҚӨЗ) ; егер құбыр соңында зауыттар тобы орналасса, зауыттар арасында реттелетін және сақталатын мұнай базасын құрады; мұнай өнімдерінің соңғы пункттеріне мұнай өнімдерімен ауданды немесе аумақты қамтамасыз ететін ірі мұнай базасы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистралды мұнай құбырларының сорапты станцияларын автоматты басқару жүйесін құру
Құбырларды жіктеу
Газ өнеркәсібі
Газ құбырының тиімді параметрлері
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Жылу жүктемелерінің есебі
Магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жай-күйi
Мұнай тасымалдау бекеттері
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz