Ластану және биологиялық улы заттардың таралуы мен ағзаға түсу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері»

Практикалық жұмыс №6 Тақырыбы: Ластану, биологиялық улы заттардың таралуы және денеге түсу ерекшеліктері

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Ластану - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.

Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т. б. ; ерекшеліктеріне қарай:

  • физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы)
  • химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары)
  • биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты)
  • механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.

Ластану көздеріне қарай:

  • өндірістік
  • көліктік
  • ауыл шаруашылық
  • тұрмыстық, т. б. болып ерекшеленеді.

Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды.

Ірі қалаларда негізгі ластану көзі - автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар ( көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т. б. ) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 - 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады.

Биологиялық қауіп

Биологиялық қауіп тірі объектілерден пайда болады. Биологиялық қауіп тасымалдаушы бүкіл өмір сүру ортасы (ауа, су, топырақ), өсімдік пен жануарлар әлемі, адамдардың өздері, адаммен және басқа объектілерімен жасалынған жасанды әлем болып табылады. Тірі әлемнің бүкіл объектілерін бірнеше әлемге бөлуге болады: микроағзалар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар.

Микроағзалар - микроскоппен көрінетін бірталшықты кішігірім жан. Микроағзалар табиғаттағы заттар айналымында жағымды орын алады, микробиологиялық дәне ас өнеркәсіптерінле қолданылады. Микроағзалардың кейбір түрлері науқасты (патогенды) болып табылады. Нәтижесінде олар аурудың қоздырғыштары болып табылады: алапес, чума, оба, тырысқақ, безгек және т. б.

Патогенді ағзалар арасында бөледі:

-бактериялар - кезбе және төзімді, олардың кейбіреулері уранды кендерде, ядерлі реакторлардың суларында, 100º аса температурасымен және мәнгі тонда гейзерлердің суларында мекендейді.

-вирустар - нуклеинды қышқылдан және ақуызды қабықшасынан тұратын кішігірім талшықсыз бөлшектер. Олар тірі талшықтардан тыс өмір сүре алмайтын ішкі талшықты паразиттер болып табылады (жындану, қорасан, тымау, корь, вирусты гепатит және т. б. )

1981 жылы өкпе ұшығының және тері ісігінің ерекше формасымен науқас жағдайлары көбейді, оның балығы өліммен аяқталды. Осымен зардап шеккен адамдарда иммунитет төмендеген және олар әдетті жағдайларда жеңіл ауруды туғызатын микробтарынан қайтыс болды. Ауруды ИДҚС (иммунодифицит қабылдаған синдром деп атады. Ол АИДВ (адам иммунодифицит вирусы) аталатын вирустан пайда болады.

Басқа биологиялық қауіп-қатерлер

- улы жануарлар - қоңыздың кейбір түрлері (алагүлік, майкалар), кейбір көбелектің шынжыр табаны (жібек құрты), кене - кененің өзі улы емес, бірақ олардың қансорғыш түрі кене энцефалитының, кене бөртпелі тифтың, марсельды безгектің, Ку-безгектің, туляремияның және т. б. аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.

- улы балықтар - (теңіз таутаны және т. б), сонымен қатар медузалар және актиниилер. Мысалы, маринок уылдырығы, сонымен қатар мариноктың қарын бөлігін шығаратын қара қабықша (Қазақстан өзендерінде болады) ауыр улануды туғызады

- улы жыландар - сұр жылан (эфа, гюрза, қарапайым сұр жылан және т. б. ) ;

- бұнақ аяқтының көптеген түрлері (сколопендра, өрмекшілер, шаяндар, соналар, аралар) ;

- улы өсімдіктер - меңдуана, красавка, болигол, наперстянка, улы белес, қарапайым еліртпе, жонғарлы аконит және т. б. ;

- саңырауқұлақтар - поганка, мухомор, сатанинский саңырауқұлақ, опёнок. Паразитті саңырауқұлақ - фитофтора . Саңырауқұлақ қауіпті - спорынья паразиты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Улы заттардың жіктелуі және ағзаға әсері
Радионуклидтердің ағзаға түсу механизмдері, организмдегі тағдыры және радиациялық қорғаныс әдістері
Синтетикалық химиялық және биологиялық улы заттардың организмге әсері және қорғаныс шаралары
Органикалық емес химиялық улы заттардың таралуы, жіктелуі және адам ағзасына әсері
Радиоактивтіліктің тарихы, биологиялық әсерлері және Қазақстандағы радиоактивті ластану мәселелері
Ауылшаруашылық жануарларының улануы: улы заттардың жіктелуі, токсикокинетика және токсикодинамика
Улы заттардың жасушаға енуі, ферменттерге әсері және метаболизмі
Адам әрекетінің экологиялық қауіптері: ауа ластану, парниктік эффект, озон қабатының бұзылуы және улы заттардың жіктелуі
Радиациялық ластану және радиоактивті изотоптардың биосферадағы таралуы: Қазақстандағы жағдай
Сарышұнақтардың биологиялық ерекшеліктері, зиян фазасы, таралуы және есептеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz