Химиялық, биологиялық улармен күресудің негіздері
Қазақ ұлттық аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ІТ - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті
Аграрлық техника және технология кафедрасы
Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері
Практикалық жұмыс №7
Тақырыбы: Химиялық, биологиялық улармен күресудің негіздері.
Алматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Химиялық қару
Химиялық қару -- уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 -- 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қарудан қорғану]
Химиялық қарудан қорғану -- әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Биологиялық қару
Халықаралық биологиялық қатердің белгісі.
Биологиялық қару, бактериологиялық қару -- адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.
Биологиялық қару -- соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.
E 120 биологиялық бомбасы.
1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын "Биокомбинат" жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы "Биокомбинат" медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.
Биологиялық қару
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Биологиялық қару (БҚ) - биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2 -- 5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.
Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді.
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен жараланғандардан 3 есе көп болды.
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.
Биологиялық қаруды мақсатқа сай және жүйелі дайындауға мемлекеттер XX ғасырда биология ғылымдары саласындағы жетістіктерді, табиғатпен патогенді микроорганизмдерді тарату жолдары туралы жоғарғы білімді қолдану нәтижесінде ғана қол жеткізе бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия Оңтүстік Америкадағы Атланта елдері сатып алатып ауыл шаруашылығы малдарына қарсы биологиялық заттарды (күйдіргі, маңқа ауруының қоздырғыштарын), сондай-ақ 1916 ж. Оңтүстік-Батыс (Румын) майданы мен 1917 жылғы француз армиясына қарсы Батыс майданда қарсыластардың атты және артиллериялық армиясына қарсы диверсиялық қолдануда "табысты" қадамдар жасады.
Биологиялық заттарды тарату тәсітідерінің сол кезде қолданылуының қарапайымдылығынан болатын шығын химиялық қаруды қолданғаннан көп болмады. Бірақ биологиялық қаруды қолдану фактісі бүкіл әлемде кең көлемде наразылық толқыньш туғызды, соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей, 1925 ж. 17маусымда Женевада "Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактерологиялық заттарды қолдауға тыйым салу хаттамасына" қол қойылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30 жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде түтқынға түскен Қытай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz