Биологиялық қауіпті улардың организмге әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері»

Практикалық жұмыс №11 Тақырыбы: Биологиялық қауіпті улардың организмге әсері.

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия. Биологиялық қару - бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.

Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.

Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.

Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды - адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.

Патогенді микроағзаға - жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.

Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:

Бактерия - бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;

Риккетсиялар - бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.

Вирустар - қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.

Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.

Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.

Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.

Биологиялық қауіп - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы - гигиеналық және санитарлы - эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру - техникалық талаптардың орындалуы, сондай - ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы - гигиеналық, санитарлы - эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс - шаралардың жүргізілуі.

Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.

Инфекциялық аурудың қоздырғышы - адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.

Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі - табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.

Эпидемия. Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру - сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.

Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік - гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т. б. ) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т. б. ) әсер етеді.

Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:

  • сужәнеасарқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
  • ауа - тамшылы(тұмау кезінде) ;
  • трансмиссивті- безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;

Эпидемия - адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.

Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай - ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық - гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық - түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры ай­маққа кең жайылып кетуі мүмкін.

Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік - санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу - алдын алу мекемелерінің және санитарлық - экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т. б. ) және меди­циналық емес (құтқарушылар, халық және т. б. ) күштермен және қаражат - құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір - бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық - эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пай­да болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары - бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.

Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т. б. Сондай - ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т. б

Соңдай - ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.

Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік токсикология негізі
Өндірістік канцерогенді факторлар
Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсері
Улы заттардың жіктелуі
Өндірісте зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясын (ШРК) қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктермен улану
Жануар тектес туындылармен уланған малдардың патологиялық материялдарына токсиологиялық баға беру
Еңбек гигиенасы. Оқу құралы
Ағзадан удың бөлінуі
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz