Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсері


«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Аграрлық техника және технология» кафедрасы
«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері»
Практикалық жұмыс №12 Тақырыбы: Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсеріАлматы 2020
Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі -дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынас-тың маңызды мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы түсуге қарағанда баяу өтсе, онда зат организмде жиналып, мүшелер мен ұлпа-ларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті заттар қорғасын, сынап, фтор және т. б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді. Ұшқын органикалық заттар (бензин, бензол) жылдам сорбцияланады және сондай-ақ жиналмай тұрып, солай жылдам бөлінеді.
Адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, зор зиян келтіретін заттардың бір тобы: никотин, есірткі және алкогольдік ішімдіктер. Олардың барлығы да органикалық заттар. Нашақорлыкпен, маскүнемдікпен және темекі тартумен күресте олардың молекулаларының организмге тигізетін қауіп-қатерінің механизмін білудің маңызы зор. Бұл үш зат организмге түскенде, алдымен жүйке клеткаларын, қан мен ми, өкпе тіндерін зақымдайды. Физиологиялык әсерлері өте күшті. Есірткінің барлығы да медицинада қолданылады, бірақ артық мөлшері организмге күшті уландырғыш зат ретінде әсер етеді. Организм оларға тез бейімделеді. Сондықтан емдеу практикасында соңғы кезде кокаинді анестезиялық зат ретінде қолдануды тоқтатты.
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар. Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т. б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Қорғасынның негізгі көзі автокөлік жанармайы болып табылады.
Жылулық әсерлер мен зиянды заттардың адам ағзасына әсері
Көптеген өндірістік процестер жұмыс аймағының ауасына әртүрлі түрдегі ластанулар (булар, газдар, қатты және сұйық бөлшектер) мен жылулық сәуле шығарумен жүреді (биіктігі бойынша еден деңгейінен 2 м кеңістік немесе жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орындары бар алаңдар) . Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
- уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын (сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын) ;
- тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары) ;
- сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негізіндегі сырлар және т. б. ) ;
- канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т. б. ) ;
- мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т. б. ) .
Кәсіптік ауруларға мысал ретінде ұзақ уақыт шаңмен демалғанда пайда болатын пневмокониозды келтіруге болады. Олардың ішіндегі ең ауыры силикоз, адамға құрамында кремний сульфиді бар шаңның әсерінен пайда болады. Бұл ауру литий өндірісінде, құмды құрылымдық өңдегенде және т. б. орындарда кең орын алады.
Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.
Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әртүрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36, 6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.
Адам ағзасының жылу шығаруы негізінде үш жолмен орындалады: конвекция, сәуле шығару және тердің шығуы.
Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.
Қауіпті фактор - жұмысшыны жарақатқа әкелетін әсер. Зиянды өндірістік фактордың әсері адамды ауруға ұшыратады.
Барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.
Өндірістік орындарының микроклиматы - бұл бөлменің ішкі ортасындағы климат, олар: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәуле шығарудың қарқындылығы.
Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын - ала есептелген ауа алмасу) . Артықшылығы - үнемділігі, кемшілігі - қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді.
Жасанды желдету - артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:
а) зиянды заттарды жою үшін: L УД=W/ (СУД-CПРИТ) *g, [м3/сағ],
мұнда W - уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ) ; См, Сприт - ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м3 - мен өлшенеді; g - жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=Cм /3600v, (м2), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0, 5 - 3 м/с ;
б) жылу қалдықтарын жою үшін: L= Qизб/cg(tУХ-tПРИТ), (м3/час), Qизб =QПОСТ-QУХ, (Дж*м3/с), с және g жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух, tприт - ауа температурасы, tУХ = tРЗ+Dt*(H-2) ; tРЗ - жұмыс аймағының температурасы; ∆t - температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0, 5 - 1, 5°С), Н - бөлме биіктігі, м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: tприт - суық мерзім үшін - қаңтар, ыстық период үшін - шілде айлары. Ауа еселігі k= c/v, [1/сағ], с - ауа көлемі, V - аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде - жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w0, мұнда n - жұмысшылар саны, w0- бір жұмысшы үшін қажетті ауа мөлшері (20-30 м/сағ) .
Өндірістегі шаңдану және газдану. Қорғану шаралары. Нормалануы.
Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген) ; жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол) ; орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы) ; қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері) .
Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.
Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары - пневмоканиоз; б) дерматит - тері аурулары; в) конъюктивит - көз қабықшасының зақымдануы.
Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а) шаңның пайда болуымен күрес; б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу) ; г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік) . Адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, зор зиян келтіретін заттардың бір тобы: никотин, есірткі және алкогольдік ішімдіктер. Олардың барлығы да органикалық заттар. Нашақорлыкпен, маскүнемдікпен және темекі тартумен күресте олардың молекулаларының организмге тигізетін қауіп-қатерінің механизмін білудің маңызы зор. Бұл үш зат организмге түскенде, алдымен жүйке клеткаларын, қан мен ми, өкпе тіндерін зақымдайды. Физиологиялык әсерлері өте күшті.
Зиянды және улы заттар адам организіміне әсері
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі -дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі: Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары. Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз) кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді. Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында - ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т. б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань) . Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық - химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары . Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды. Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі - бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т. с. с. )
Уланудың созылмалы түрі - уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса, онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсері.
Адам мен табиғи ортаның жеке компонеттеріне ластаушы заттардың кері әсерін болдырмау үшін ол кезде организмдердің қалыпты жұмыс істеуі мен тіршілігі мүмкін болатын, соңғылардың шекті деңгейлерін білу қажет.
Табиғи ортаның компоненттеріндегі зиянды химиялық қосылыстар құрамын экологиялық нормалаудың негізгі шамасы шекті шақтамалы шоғырлану болып табылады.
Қалалардағы өнеркәсіптік және көлік шулары, сонымен бірге тұрмыстық аспаптар адам организміне едәуір дыбыстық шабуыл жасайды. Қала тұрғын-дарының көптеген жүйке аурулары ең қалың қабатты қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетін инфрадыбыстармен тудырылады.
Адам организміне түскен зиянды химиялық заттар алуан түрлі айналуға ұшырайды. Барлығы дерлік органикалық қосылыстар әр түрлі химиялық реак-цияларға түседі: тотығу, қалпына келу, гидролиз, метилдену, кейбір қышқыл-дармен жұпты қосылыстар түзу. Химиялық инертті заттар ғана айналуға ұшырамайды, мысалы, бензин, ол организмнен өзгертілмеген түрде бөлінеді.
Органикалық емес химиялық заттар сонымен бірге организмде әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Осы заттарға тән ерекшелік қандай да бір мүшеде, көбінесе депо құрап, сүйектерде жиналу қабілеті болып табылады. Мысалы, сүйекте қорғасын, фтор жиналады. Кейбір органикалық емес заттар: нитриттер - нитраттарға, сульфидтер - сульфаттарға тотығады. Организмде улардың айналуының нәтижесі көбінде олардың зарарсыздануы болып табылады. Алайда, айналу нәтижесінде аса уытты заттар пайда болғанда, бұл ереже жоққа шығарылады. Мысалы, метил спирті өте уытты болатын, формальдегид пен құмырсқа қышқылына дейін тотығады.
Жануарлар мен адам организмінде химиялық заттардың айналу процес-терін білу тіршілік әрекеті процестерінің бұзылуын ескерту мақсатында осы процестерге араласу мүмкіндігін береді.
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынас-тың маңызды мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы түсуге қарағанда баяу өтсе, онда зат организмде жиналып, мүшелер мен ұлпа-ларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті заттар қорғасын, сынап, фтор және т. б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді. Ұшқын органикалық заттар (бензин, бензол) жылдам сорбцияланады және сондай-ақ жиналмай тұрып, солай жылдам бөлінеді.
Өндірістің қатты, газ тәрізді және сұйық қалдықтары адам денсаулығына теріс әсер етеді, жеке тұлғаның өзі үшін де, оның ұрпағы үшін де жедел немесе созылмалы түрде (тікелей немесе алыс салдарда) сипатталады. Мыстың, кобальттың, никельдің иондары топырақтың құнарлылығын анықтайтын, топырақ микроорганизмдерінің тіршілік әрекетінің әлсіреуін тудырады. Кадмий мен қорғасын иондары ауыл шаруашылығы өнімінің төмендеуіне, өсімдіктердің химиялық құрамындағы өзгерістерге, оларда осы микроэлемент-тердің жинақталуына әкеледі, яғни соңғылар табиғи циклдің келесі буынына беріледі. Кадмий, атап айтқанда, бүйректің ауыр сырқатын тудырады, ал никель адамның әр түрлі органдарына канцерогенді әсер етеді.
Химиялық ластаушы заттардың адам организміне әсерінің екі түрін ажыратады: заттардың елеусіз дозасы кезінде айқындалатын, органдар мен организм жүйелеріне таңдаулы әсер ету нәтижесінде белгілі аурулардың пайда болуына әкелетін, арнайы және ол кезде элементтердің әсері төмен дозалар кезінде айқындалатын, басқа факторлармен этнологиялық байланысты аурулар-дың өсуіне мүмкіндік туғызатын, арнайы емес. Арнайы әсер - заттың елеусіз дозасы, арнайы емес әсер төмен дозасы кезінде айқындалады. Арнайы әсер көптеген ластаушы заттарға, соның ішінде сыныпқа, кадмийге, қорғасынға, мырышқа, фторға тән. Мысалы, фтордың мөлшері артық болғанда кальцийлен-дірілген тіндер зақымдалып, флюороз пайда болады. Күріш топырағының кадмиймен ластануы тағамда элемент құрамының он есе артуына әкеліп соғады, бұл «Итай-Итай» ауруын болдырды. Жапонияда балықтың сынаппен ластануы «Минамата» деп аталатын ауыр сырқатты тудырды. Иракта фунгицидтермен уланған бидайдан пісірілген наннан улану жағдайлары тіркелген болатын. Минералдық тыңайтқыштардың жоғары дозаларын қолдану сондай-ақ улануды және әр түрлі ауруларды тудырады.
Улардың және олардың әрекетінің барлық алуан түрлілігі кезінде уды улану себебі ретінде жоюға және зарарсыздандыруға бағытталған, емдеу-алдын алу шараларының кейбір жалпы принциптерін көрсетуге болады.
Уландырушы заттарды механикалық жою органикалық еріткіштердің көмегімен марля тампондарымен, көзді жуумен немесе тамақ пен ауызды шаюмен, дененің зақымданған мүшелерін душта жуумен, асқазанды шаюмен, құстыратын дәрілерді тағайындаумен және т. б. жүзеге асырылуы мүмкін. Уландырушы тітіркендіруші заттармен (хлор) немесе бу тәрізді ипритпен, люизитпен зақымданғанда көз бен ауызды шаю 2% тұз ерітіндісімен немесе жай ғана сумен жүзеге асырылады; зонд арқылы оған уларды байланысты-ратын немесе бейтараптандыратын заттарды (таннин, сүт, марганец қышқылды калий) жиі қосумен суды енгізе отырып, асқазанды шаяды. Лоқсыту құрал-дарының ең жақсысы апоморфин болып табылады. Сілекей қабатын күйдіретін улармен уланған жағдайда, лоқсыту құралдарын қолдануға және асқазанды шаюға болмайды. Іш жүргізетін дәрілер ретінде күкірт қышқылды магний мен натрийді тағайындайды.
Қатты әсер ететін улы заттар
Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әр түрлі химиялық өнімдерінің барған сайын көбірек қолдануын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.
Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал, соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы ықтимал. олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді. Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады. Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ- бен зақымдану аймағында іс- әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін. ҚӘУЗ-бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар. ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салдарын, объектілерін, қоймалар, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.
ҚӘУЗ- ды мынадай топтарға бөлуге болады:
а/ тұншықтырғыштық әсері басым заттар;
б/ жалпы улылық әсері басым заттар;
в/ тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;
г/ өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар;
д/ тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттар;
е/ заттардың алмасуын бұзатын заттар;
Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар /хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар/ жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді:
1/ затпен байланыс кезеңі
2/ жасырын кезең
3/өкпенің уланудан қабыну кезеңі
4/ асқыну кезеңі
Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар /көміртегі тотығы, цианды, сутегі және басқалар/ жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz