Тері арқылы улы заттардың ену факторлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

«Химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері»

Практикалық жұмыс №13 Тақырыбы: Тері арқылы улы заттардың ену факторлары

Алматы 2020


Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен тақырып бойынша мәлімет беру.

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.

Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.

Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b4/Normal_Epidermis_and_Dermis_with_Intradermal_Nevus_10x.JPG/220px-Normal_Epidermis_and_Dermis_with_Intradermal_Nevus_10x.JPG

Терінің қызметі

Тері - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.

Термореттелу қызметі - денені температураның өзгеруінен (суық, ыстық) қорғайды.

Бөліп шығару қызметі - тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минералды тұздар мен басқа заттар шығарылады. Бөліп шығару мүшелері ішек және өкпемен қатар, тері де зиянды заттарды шығару үдерісіне қатысады. Тер 98% судан, 2% басқа заттардан тұрады. Бір тәулікте бөлінетін тердің мөлшері сыртқы орта температурасына, атқарылатын жұмысқа, жыныс пен жасқа байланысты болады. Егер қандай да бір себепке байланысты тер бөлінуі тоқтайтын болса, бүйрекке түсетін жүктеме күрт артады. Зат алмасу артқанда, қарқынды дене жүктемесі және ыстық кезде тер көп бөлінеді.

Тыныс алу қызметі - тері оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады (тері арқылы тыныс алу) . Бірақ адамда бұл қызмет тыныс алудың тек 5%-ын жүзеге асырады. Адам ағзасы өкпемен тыныс алған кезде ғана қалыпты тіршілік ете алады.

Терінің сезімталдығы онда орналасқан сезімтал жасушалармен және жүйке ұштары - рецепторлармен байланысты.

Тері тіршілік үшін D дәруменін өндіреді. Күн сәулесінің әсерінен D дәруменінің синтезі жүзеге асады. Оған құрамында меланин бар эпидермистің тірі жасушалары жауап береді.

Қор жинау қызметі - қоректік заттарды жинау терінің үшінші қабатында - май жасұнығында жүзеге асырылады. Бұл жерде ағзаның май, дәнекер ұлпасының жасушалары түрінде энергетикалық қор сақталады.

Терінің қорғаныштық қызметі

Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды. Мысалы, дене түрлі қатты соққы алған кезде сүйектер мен ішкі мүшелерді терінің үшінші қабаты - май жасұнығы қорғайды.

Ультракүлгін сәулелерден қорғау жоғары қабат жасушалары - эпидермисте түзілетін тері пигменті - меланин арқылы жүзеге асырылады.

Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі -дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;

улы химикаттар - ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;

дәрі-дәрмектер;

тұрмыс химикаты;

өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;

әскери улаушы заттектер.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

жалпылама улылар - организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;

қоздырғыштар - тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;

аллергия тудыратын заттар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері
Организмнің бейарнамалы қорғаныш факторлары, сыртқы және ішкі тосқауылдар
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Адам қаңқасының құрылысы
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Травматикалық күйік
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Оба тектес қоздырғышы
Бөгелектер тудыратын аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz