Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар
Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Адасканова Ж.
Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар
Негізгі сұрақтар:
1. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы
«Иниовация» термині ағылшын тілінің сөзінен шыкқан, аудармасы «жаңашылдықты енгізу».
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процссс - бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті жэне бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылдық тұрғысынан оның көзқарасымың өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Инновациялық процесс - білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан өндірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі.
Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:
1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.
2. Психологиялық - педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жегкізудің проблемасы.
Білімдегі инновациялық процестің нәтижесі -теориялық, практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Сонымен, білім жүнесіндегі инновация білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципті жаңа білімділік багдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоиенттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді. .
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» - дейді. Ендеше «инновация» ұғымы - педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. «Инновация» деген сөз - латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. бұл ұғымдыкеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған. Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жекедара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) . «Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
2. Педагогикалық білім берудегі инновацияның мақсат, міндеттері
Пәннің негізгі міндеттері
1. Болашақ мамандарды оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қағидаларымен қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
2. Балаларды оқыту және тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үйрету;
3. Болашақ маманды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық жұмысқа баулу;
4. Студенттерге тренингтер, рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуді, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптауды қалыптастыру.
Білім беру тәжірибесі көрсетіп отырғандай, университет жұмыс істеу режимінде болып қала алмайды, қоғам талабына сай және уақыттан артта қалмас үшін университет сапалы өзгеруі қажет. әлеуметтік тапсырысын орындап отыруы қажет. Университетке көрсетіліп жатқан сыртқы қысым және даму үшін пайда болған жаңа мүмкіндіктер оның ішкі жүйесінде қысымның пайда болуына алып келеді. Білім беру қызметін тұтынушылар университетке жоғары әрі жаңа талаптар қояды және көп жағдайда қанағаттана бермейді. Білім беру қызметіне тұтынушылардың үнемі сұраныстарынөзгертуі, соныменбіргеқаржылық қиындықтар университеттің білім алушы мен ата-ана арасындағы бәсекелестігін тудырады. Қазіргі таңда университеттің мәртебесі ондағы инновациялық өзгерістерге байланысты болып отыр, яғни оқытушыларды бағалау да олардың инновациялық белсенділігіне байланысты жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz