Заңдылықтар мен қағидалар жəне олардың педагогикалық үдерістегі рөлі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Заңдылықтар мен қағидалар жəне олардың педагогикалық үдерістегі рөлі
Орындаған: Білісбек Д.
Қабылдаған: Адасканова Ж.
Эссе
Тұлға - саналы іс-әрекет иесі
Тәрбиелеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оның жан-жақты үйлесімді дамуы ерекше мәнге ие. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселелері әр түрлі аспектіне қарастырылады. Ерте кезден грек ғалымдары жеке тұлганың дамуына биологиялық, сонымен қатар әлеуметтік факторлар да әсер ететіндігіне мән берген. Жеке тұлға мәселесі көптеген Э. Ротгердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дисгерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, әр саладағы ғалымдардың зерттеулері кең орын алған.
Психология ғылымында “жеке тұлға” деген ұғымға әр түрлі түciніктеp береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен санасы ic-әрекеттің субъектісі ретінде индивид. Жеке тұлганың ең басты белгі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бip деңгейше ие. Сонымен, тұлга дегеніміз - өзіндік сана қалыптастыру барысында - қарым-қатынас, ic-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет, т. б. көpiнic береді. Жеке тұлга ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид” деген ұғымдардың айқындалуы қажетті болып табылады. Адам - бет-бейнесімен, келбетімен, саналы ic-әрекеті мен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тipi организм. Яғни ол биологиялық мәнге ие болады. Ал “индивид” латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы - “жекелік”. Бұл сөздік ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген көрінiciн берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда, әpбip адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бip тектес ғылыми категориялардың мәні де осында. Адамның жеке касиеттері өмip жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұгымдарыныц мәнін ашу педагогика ушін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттікке байланысты icкe асырылады. Әpбip адам өзінің өмip салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс тіршілігі өзгepмeлi болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді. Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендірy деген термин бар. Өйткені жеке тұлғаның өзi, оның сaнa-ceзiмi құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру процесінде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатар алдын ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады.
Жеке тұлганың әлеуметтенуі қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынас жасауы - күрделі мәселелердің бipi. Өркениетке ұмтылу барысында елді орнықты дамуының қамтамасыз eтуi үшін қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті мiндет және жауапкершілік ретінде қабылдау қажет. Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелеу жүйелерді негіздеп құрайды.
Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетуіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу феноменіне негізі анықтама береді, яғни педагог - тәрбиеленушілердің қайта көркею қызметi, тәрбиеленушілердің нәтижелі ic-әрекет жасауына игі әсер етуші. Ақыл-ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасына, психологиялық, меншік бағыты, жеке бөлімі, және амалдары, сапа өсуінің ceбeпшіci болады және оны жетілдіреді.
Тәрбиелеудің мақсаты - жеке адамды және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану. Әлемде әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан - жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.
Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен козғаушы күші
Жеке тұлғаның дамуы - объективтік шындықтың күрделі процесі. Бұл процесс терең зерттеу үшін қазіргі дамудың құрамдас бөліктерін, атап айтқанда, тән, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқа салаларды жеке-жеке бөліп қарастырған дұрыс. Педагогика жеке адамның рухани даму мәселелерін оның білім берудің барлық басқа негізгi компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.
Жеке тұлға дамуының заңдылыктары ретінде ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; жеке тұлганың ic-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіругe байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын ic-әрекет мазмұны мен түрткіге байланысты; көптеген факторлардың әсер етулері басшылыққа алынады.
Ал оның дамуының қозғаушы күші - қарама-қайшылық. Қарама-қайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бөлінеді.
Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адамның өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар. Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, коғаммен, табиғатпен қарым-қатынасы барысында туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнының талаптары мен студент тілегі арасында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Жалпы қарама-қайшылық барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылыктар.
Жеке қарама-қайшылық жеке бip адам үшін туындаған қарама-кайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде ic-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама-қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.
Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы көптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз - ең алдымен, оның ағзасындағы, қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер.
Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта аса зор әсер етеді. Яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо жэне микро болып бөлінеді.
Макро-орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы.
Мезо-орта дегеніміз - идеологиялық және діни катынастар, моральдық нормалар мен қундылықтар жататын адамдар және әлеуметтік топтардың өмip сүру ортасы.
Микро-орта дегеніміз - баланың араласатын ең жақын ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына белгілі бip мөлшерде табиғи немесе географиялық орта, табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізі объективті факторлары ретінде тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, тұқымқуалаушылық та жалпы адамзаттық қасиетпен қатар жеке адамға тән касиеттердә де жатқызуға болады.
Тұқымқуалаушылық немесе биологиялық фактор - ата-анасының балаға белгілі бip сапалық касиеттері мен ерекшеліктерінің бepiлyi.
Тұқымқуалаушылықты таситын "ген" грек тілінен аударғанда туа біту дегенді білдіреді. Қазіргi ғылым ағзаның қасиеттері гендік кодпен шифрланатынын, ол ағзаның касиеттері туралы ақпараттарды сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратындығын дәлелдейді. Тұқымкуалаушылық арқылы әр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz