Сайлау және сайлау жүйелері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Лекция-6. Сайлау және сайлау жүйелері
1. Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде.
2. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері.
Сайлау
жүйелерінің қазіргі концепциялары.
3. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы.
Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері.
Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау. Сайлау шаралары мен сайлау
компаниялары.
4. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама. Қазіргі
Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР
электоралдық үдерістің ерекшеліктері.

Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып
болып отыр, өйткенi:
1. сайлау – қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына әкелу
мүмкiндiгi;
2. сайлау – демократия дамуының көрсеткiшi;
3. сайлау – қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi;
4. сайлау – азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына
ұсыну.
Дегенмен, орыс философы А. Ильин айтуы бойынша барлық халық барлық
уақытта жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға
қабiлеттi емес. Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк
және рухани факторларға тәуелдi. Оларға:
1 экономикалық факторларға – жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың,
ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз
адамдардың көбеюi жатады.
2 әлеуметтiк факторлар – қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық
ауқатты, күштi орта таптың өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге,
отырықшылық, отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.
3 сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне – халықтың
патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi
жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен
бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып табылады.
Сонымен бiрге, сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң
көптеген қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен:
• саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң
деңгейi мен сипатын;
• билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және
жағымсыздығын;
• сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ,
барлық елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипаты маңызды болып
табылады.
Сайлау классификациясы. Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде
заңшығарушы, атқарушы және сот ұйымдарын сайлау деп классификациялауға
болады. Заңшығарушы ұйымдарды парламент сайлау көп елдерге тән. Қазақстан
Республикасында заңшығарушы ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да
сайланбалы.
Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк жетекшiлерi – президент
және жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында
президент сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер)
президент тағайындайды.
Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi.
1 Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұйымын (парламент,
президент) және жергiлiктi ұйымын (әкiм) сайлау болып бөлiнедi.
2 Дауыс беру түріне қарай сайлауды: балама (альтернативтi),
коммулятивтi, лимиттiк деп бөлемiз.
Балама дауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны белгiлi
бiр кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады.
Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны, тiркелген
кандидаттар санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр кандидатқа беруге
немесе өз еркiмен барлық кандидатқа әртүрлi көрсеткiшпен бөлiп беруге
құқылы.
Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген кандидаттар
санынан кем болады. Мұнда коммулятивтiк дауыс берудегi сияқты сайлаушы
дауыстың барлығын бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте
бөлiп бере алады. Лимиттiк дауыс беру 1993ж. Ресейде Федерация Кеңесiн
сайлауда пайдаланылды, әрбiр сайлаушыда екi дауыстан бар, бiрақ бiр
кандидатқа екеуiн де беруге болмайды.
3 Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады. Жаппай сайлау бүкiл
мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Оқшау сайлау белгiлi бiр
себептерге байланысты (қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау
заңы бұзылған жағдайда) белгiлi бiр участоктерде сайлау өткiзiлуi мүмкiн.
4 Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс болуы мүмкiн.
Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары. Саяси
билiк ұйымдарын сайлаудың негiзгi мақсаты – қоғамды басқаруға өзiнiң
алдыңғы қатарлы өкiлдерiн тарту ғана емес, сондай-ақ бiрқатар күрделi
әлеуметтiк-саяси қызметтердi орындау да болып табылады:
1 Әлеуметтiк топтардың мүдделерiн артикуляциялау қызметi. Ең алдымен,
сайлау әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялаудың ерекше
механизмiн көрсетедi. Сайлау науқаны кезеңiнде адамдар өмiрлiк маңызы бар
мәселелердi ойлайды, сондықтан кандидаттар тұғырнамалары осы мәселелердi
жинақтауы, әрбiр әлеуметтiк топтардың мүдделерiн қамти бiлуi тиiс. Демек,
сайлау өзiнше нарық (рынок) болып табылады, яғни кандидат өзiнiң сайлауалды
бағдарламасын өкiлдiкке айырбастайды. Бiрақ сайлаушылар үшiн бағдарлама
ғана құнды болып табылады.
2 Әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметi.
Әлеуметтiк топтардың мүдделерi әртүрлi болып қана қоймай, ол қарама-
қайшылықты болуы да мүмкiн, сайлау тұрғындардың әртүрлi топтары
мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметiн атқарады. Сайлауалды күрес саяси
бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. Мұнда сайлау
әлеуметтiк шиеленiстердi институттандыру мен шешудiң тәсiлi болып табылады.
Яғни, шиеленiстер ашық, жария жүргiзiледi, ал бүкiл қоғам оның төрешісі
болады, сөйтіп, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi.
3 Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi.
Теория бойынша қоғамның әрбiр мүшесi қандай да бiр әлеуметтiк
қауымдастықтың мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға
құқылы. Бiрақ, шын мәнiнде бұл бәрiнiң қолынан келе бермейдi. Сайлау
процесiнде өз өкiлдiгiн қолдау базасын қалыптастыру өте маңызды, ол
коммуникациялық каналдар мен сайлаушылармен өзара әрекетте болуға
байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, онда ол
саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады.
4 Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны
кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi
қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандыру
мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен, сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол
электораттың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек.
Сайлаудың демократиялығын бiрнеше қағидалар анықтайды:
1 Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы жынысына, нәсiлiне, дiнге
көзқарасына, әлеуметтiк шығу тегiне және т.б. қарамастан белгiлi бiр жасқа
толған барлық азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыға бiрдей сайлау
құқығы белсендi сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып бөлiнедi.
Белсендi сайлау құқығы – ол 18 жасқа толған азаматтың сайлауға дауыс
беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы – ол заң белгiлеген шектеулер:
• жастық шектеу (18 жасқа дейiнгiлер қатыса алмайды);
• қабiлетсiздiк шектеу (жүйке аурулар);
• моралдық шектеу (сот тәртiбiн бұзғандар);
• тұрғын жерi мен азаматтығына байланысты шектеулер.
2 Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы, яғни, сайлаушылардың
барлығының бiрдей дауысты иеленiп қатысуы, бiр сайлаушының басқа
сайлаушыларға қарағанда ешқандай жеңiлдiкке ие болмауы. Сонымен бiрге,
сайланушылар құқығының да бiрдей болуы. Мұнда өкiлдiк нормаларына сәйкес
халықтың саны бойынша тепе-теңдiк сайлау округтерi құрылады. Барлық
азаматтардың сайлау құқығы заңмен бiрдей деңгейде қорғалады.
3 Төте сайлау құқығы қағидасы, азаматтардың тiкелей сайлауынан
көрiнедi. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президент, Парламент
мәжiлiсi депутаттары, мәслихат депутаттары төте сайлау құқығы негiзiнде
сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламенттiң жоғары палатасы Сенат
депутаттарын сайлауға енгiзiлген.
4 Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау қағидасы, бұл қағида
дауыс берушiлердi сыртқы қысымдар болудан қорғайды, егер жасырын дауыс беру
қағидасы бұзылса заң алдында жауап бередi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы
Сайлау жүйелері ұғымы
Сайлау жүйесі туралы мағлұматтар
Сайлау жүйесі
Сайлау технологиялары
САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сайлау ұғымы
Сайлау құқығы принциптері
Пәндер